«Жітіқара ауданы Жітіқара қаласы әкімінің аппараты» ММ 2026 жылғы 7 қазан сағат 17:00-де Жітіқара қаласы, Д. Асымбаев көшесі, 51-үй, №1 кабинет мекенжайында орналасқан Жітіқара қаласы әкімі аппаратының ғимаратында күн тәртібімен жергілікті қоғамдастықтың жиналысы өтетінін хабарлайды:
- Жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы мен хатшысын сайлау туралы;
- Жітіқара ауданының Жітіқара қаласының 2026-2028 жылдарға арналған бюджетін нақтылау туралы;
- Жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелерімен Жітіқара қаласының бюджетін түзетуді келісу, қаражатты бюджеттік бағдарламалар арасында қайта бөлу туралы.