Дауыс беру кез келген уақытта аяқталуы мүмкін
сайлау учаскелерінің тізбесін бекіту туралы Жітіқара ауданының аумақтық сайлау комиссиясының
ШЕШІМІ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 38-бабы 3-тармағының негізінде учаскелік сайлау комиссияларының ұсынуы бойынша сайлау комиссиясы ШЕШТІ:
1. Егер тізімге енгізілген сайлаушылардың бәрі дауыс берсе, дауыс беру кез келген уақытта аяқталуы мүмкін сайлау учаскелерінің тізбесі бекітілсін:
|
Р/б № |
Сайлау учаскесінің № ___ |
Учаскенің орналасқан жері |
|
1. |
379 |
Тохтаров ауылы, әскери рота ғимараты |
|
2. |
380 |
Жітіқара қаласы, Жітіқара аудандық аурухана ғимараты, Павлов көшесі, 9 |
2. Бұл сайлау учаскелерінде дауыстарды санау дауыс беру аяқталғаннан кейін басталсын.
3. Осы шешімнің көшірмесі Қостанай облысының аумақтық сайлау комиссиясына жіберілсін.