«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Бас диспетчерлік басқармасы» РММ «Электрондық декларациялау орталығы» басқармасының статистикалық деректері

_____«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Бас диспетчерлік басқармасы» РММ «Электрондық декларациялау орталығы» басқармасымен 2026 жылдың 8 айы ішінде Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Кодексінің 410-бабында көзделген кедендік бақылау шеңберінде тәуекелдерді басқару жүйесімен кедендік бақылау тағайындалған 151 325 кедендік декларация бойынша тауарларды шығарғанға дейін басталған кедендік және өзге де құжаттар мен (немесе) мәліметтерді тексеру аяқталды.

_____Жүргізілген тексерулердің қорытындысы бойынша кедендік құн құрылымының бұзылуына, кедендік құнды айқындау әдістерінің дұрыс таңдалмауына, сондай-ақ мәлімделген кедендік құнның құжаттамалық расталмауына байланысты 120 236 кедендік декларацияға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

_____Қосымша бюджетке 88 065 993 709 теңге мөлшерінде кедендік төлемдер мен салықтар өндіріп алынды.

 

2026 жылдың 8 айы бойынша статистикалық ақпарат:

№

Кедендік бақылау нысаны

Аяқталған кедендік бақылау нысандарының саны

Кеден заңнамасы нормаларының бұзушылықтары анықталған кедендік бақылау нысандарының саны

Бюджетке қосымша өндіріп алынған кедендік төлемдер мен салықтардың сомасы, теңге

1

Кедендік құжат-тар мен басқа да мәліметтерді тексеру

151 325

120 236

88 065 993 709

 



Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-gdu/documents/details/1079050?lang=kk