2026 жылғы қыркүйек айында Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасына қарасты 9 архивте «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділерді беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша барлығы 3 678 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Оның ішінде:
- жеке тұлғаларға – 3 539 қызмет;
- заңды тұлғаларға – 139 қызмет көрсетілді.
Көрсетілген кезеңде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына қатысты шағымдар түскен жоқ.