Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөлімінің 2026 жылдың ІII тоқсанында атқарған жұмыстары туралы ақпарат

Ақпараттандыру  жайлы

Бөлім тарапынан күнделікті аудан әкімдігі, аудан әкімдігіне қарасты мекемелердің интернет ресурстары мен әлеуметтік желілеріне мониторинг жүргізілуде. Сыни бағытта жарияланған материалдар бойынша тиісті шаралар қабылданып, жауапты мекемелер тарапынан дер кезінде жауаптар орналастыру жұмыстары тұрақты түрде ұйымдастырылуда.

2026 жылға ақпараттандыруға – 26 180 558 тг бөлінген. Игерілді – 18 570 254 тг. Қалды – 7 610 304 тг.

Оның ішінде: телеарна арқылы ақпараттандыруға – 15 640 800 тг. (Қызылорда телеарнасына – 10 701 600 тг, Қоғам– 4 939 200 тг.)

- Сыр медиа ЖШС-нің «Жаңақорған тынысы» газеті – 7 339 500 тг бөлінді;

  • Интернет сайттар - 3 сайтқа (республикалық - Ultnews.kz. облыстық - Degdarnews.kz. Postscript.kz) арқылы ақпараттандыруға – 3 200 258 млн теңге.

Қоғамдық-саяси маңызы бар шаралар

2026 жылға бекітілген қоғамдық - саяси маңызы бар шаралардың күнтізбелік жұмыс жоспары әзірленіп, 126 түрлі деңгейдегі көпшілік мәдени-рухани шаралар енгізілген. 2026 жылдың 9 айында жоспарға сәйкес 91 шара, қосымша 72 шара барлығы 163 шара өткізіліп, «Жаңақорған тынысы» газеті, БАҚ-та, фейсбук әлеуметтік желілермен «Qyzylorda», «Қоғам тв» телеарналарында ақпараттандырылды.

Аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық

саясат жөніндегі комиссияның жұмысы туралы

2026  жылы «Аймақтағы отбасы демографиялық саясатты дамыту» әлеуметтік жобасы бойынша  7 іс-шара ұйымдастырылып оған 600-ге жуық адам тартылды.

8 наурыз Халықаралық  әйелдер күніне орай аудан әкімінің түрлі салада қызмет жасап жүрген аналарды қабылдап құттықтады.

Отбасы күні қарсаңында «Жас отбасы-Жаңа отбасы» атты  жаңадан үйленген жас отбасыларға неке куәлігін салтанатты түрде табыстау шарасы ұйымдастырылды.  Сондай-ақ, мамыр айының екінші  жексенбісінде «Аналар күні» мерекесіне орай көп балалы  аналардың отбасына барып құттықтау шара өтті.             

 Маусым айында «Мерейлі отбасы - 2026» ұлттық конкурсын аудандық деңгейде өткізіп, жеңімпаздарды анықтау мақсатында аудан әкімінің өкімі құрылып комиссия құрамы жасақталды. Конкурсқа 42 отбасы өтінім беріп, комиссия шешімімен 2 отбасы облыстық кезеңге жолданды.

Ақүйік  ауылында маусым айында Қазақстан Халқы Ассамблеясына 30 жыл толуына орай, этнос өкілдерінің  қатысуымен «Тату көрші» атты көше тұрғындарының ынтымақ - бірлігі жайлы байқау өткізілді, байқауға 4 команда қатысты.

Сондай-ақ, қыркүйек айында Руханият орталығында  «Отбасы-қоғамның алтын діңгегі» атты аудандық конференция ұйымдастырып конференция аясында «Гаухар той», «Алтын той» иелері марапатталды.

 Аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі аудандық комиссияның жұмыс жоспарына сәйкес мамыр айында аудан әкімдігінің мәжіліс залында ІІ отырыс өткізілді.

  Сыртқы көрнекі ақпараттық құралдары жайлы.

Жаңақорған ауданы бойынша сыртқы көрнекі ақпараттық құралдарының тұғыр саны – 173, о.і бір жақ беттілігі 29. Оларға - 299 билборд орналастырылған, бос тұрған беттер саны – 18.

Тақырыптық бағыттары бойынша

Мемлекеттік мерейтойлар, атаулы күндер – 32; Мемлекеттік бағдарламалар – 28; Президент цитаталары – 26; Жаңа Конституция – 22; Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы – 16;  Заң мен тәртіп – 26; Таза Қазақстан – 26; Интернет алаяқтық, тұрмыстық зорлық-зомбылық – 18; Суға шомылу, өрт қауіпсіздігі жөнінде – 26; Цифрландыру, жасанды интеллект – 12; Әскери патриоттық бағытта – 26; Тұлғалар – 21; Бірлік, тұрақтылық – 11; Отбасы тәрбиесі жөнінде – 9; 

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhanakorgan/documents/details/1078916?lang=kk