Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат (Лисаковск қ)

  1. 1.Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: 2026 жылғы 21 шілдедегі  №№ 104, 105, 106, 107, жұқпалы  ауру  туралы  шұғыл  хабарламалар В 01.9  (диагнозы   Желшешек).
  2. Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қостанай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаменті Лисаков қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ
  3. Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): тартылған жоқ.
  4. Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 2026 жылғы "23" шілдеден бастап - 2026 жылғы  "10" тамызға дейін.
  5. Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының "Лисаков қаласы   білім бөлімінің «Дельфинчик"бөбекжайы» КМҚК,  Қостанай облысы, Лисаковск қаласы.
  6. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтары жоқ.
  7. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе)  заңды тұлғалар: бұзушылықтар анықталған жоқ.
  8. Қабылданған шаралар: түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-kostanay/documents/details/1053291?lang=kk