Жаңақорған ауданы әкімдігімен 2026 жылдың IІІ-тоқсанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытта атқарылған жұмыстары жайлы анықтама

Жаңақорған ауданы көлемінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үлгілік базалық бағытын іске асыру мақсатында 2026 жылға атқарылатын жұмыстардың іс-шаралар жоспары бекітілді.

 Жоба жетекшісімен 2026 жылғы 4 наурыздағы №14 бұйрықпен 2026 жылға арналған «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл үлгілік базалық бағыты бойынша жобалар картасы бекітілді.

Кестеге сәйкес ағымдағы жылдың сәуір айында , шілде айларында Жаңакқорған ауданы әкімі аппараты, дербес  бөілімдер мен барлық кент ауылдық округі әкімі аппараттары мен ауылдық клуб үйлерінде ішкі талдау жұмыстары жүргізілді. Жүргізілген талдау нәтижесімен 10 тәуекел анықталып, анықталған тәуекелдер бойынша облыстық тиісті басқармаларға тиісті орталық мемлекеттік органдарға жолдауға ұсыныс хат жолданды.

  2025 жылы желтоқсан айында аудан әкімі аппараты мен дербес бөлімдерде және барлық кент және ауылдық округі әкімі аппараттарында тиісті актімен  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты бекітілді.

 Жаңақорған ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның 2026 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 3 тоқсанынында 6 мәселе қаралып, кент, ауылдық округі әкімі аппаратары мен дербес бөлімдерге тиісті хаттамалық тапсырмалар берілді.

 2026 жылдың  9 айы бойынша ауданда сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстық іс-әрекет орын алмаған.

2026 жылы аудан көлемінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа 3 млн 165 мың теңге бөлініп, 21 іс-шара жүзеге асыру жоспарланған. Жоба жеңімпазы – «Жалынды жастар» жастар қоғамдық бірлестігі. Келісім шарт 2026 жылғы 19 наурыздағы
№14, соммасы- 2 млн. 848 мың теңге.

Сәуір-қыркүйек аралығында барлығы 17 іс-шара өткізілді.
Атап айтқанда: Шалқия кенті, Сунақата, Төменарық, Сүттіқұдық, Аққорған, Келінтөбе, Жаманбай батыр ауылдық округінің тұрғындарына кәсіби заңгер Болатбек Айбенбетовтың қатысуымен ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Барлығы 300-ге жуық адам қамтылды.

Сыбайлас жемқорлыққа, құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік»  қағидатын қалыптастыру мақсатында халық көп шоғырланған орындарда А5 форматта 800-ге жуық жадынама таратылып, А3 форматта 200-ге жуық ақпараттық материалдар орналастырылды.

«Адал көмек» жобасы аясында Руханият орталығында және Қаратөбе елдімекенінде кәсіби заңгердің қатысуымен 2 рет қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды. Барлығы 19 адам тиісті құқықтық көмекке жүгінді.

Жастар арасында интеллектуалды сайыс ұйымдастырылды. Жалпы 30-ға жуық жастар қамтылды. Жүлдегерлер қаржылай сертификаттармен, дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Жасанды интеллект мүмкіндігін пайдалана отырып бейнеролик әзірленді. Әлеуметтік желілер мен ЛЭД экрандарда орналастырылды.

Жергілікті журналистер арасында Сыбайлас жемқорлыққа, құқық бұзушылыққа тосқауыл қою бойынша мақала жазу байқауы өткізіліп, 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары күніне орай өткізілген іс-шарада жүлдегерлер марапатталды. Байқауда 1,2,3 орындарға жалпы 70 мың теңге қаржылай сыйақылар табысталды.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ақпараттық жұмыстарды жүзеге асырған журналистерді марапаттау шарасы
28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары күніне орай аудан әкімінің қатысуымен өткізіліп, 11 БАҚ-ның өкілдеріне сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды.

Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында ашық сұхбат алаңы өтті. Оған 15 ауылдық округтің белсенді жастары қатыстырылып, еркін форматта пікір алмасты. Қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ақпараттық плакаттар мен жадынамалар таратылды.

Жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру және құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Адал ұрпақ – жемқорлықсыз қоғамның негізі» тақырыбында дебат турнирі өтті. Пікірсайысқа ауданның білім беру ұйымдарынан
20 белсенді жас қатысып, қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша өз ойларын ортаға салды. Турнирдің барлық қатысушылары аудандық қоғамдық даму бөлімі басшысының Алғыс хаттарымен марапатталды. Ал жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Мемлекеттік мекеме қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, адалдық қағидаттарын дәріптеу және бұқаралық спортты дамыту мақсатында шағын футболдан турнир ұйымдастырылды. 9 команда қатысып, өзара үздіктерді анықтады. Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаз және жүлдегер командалар арнайы дипломдармен және қаржылай сыйақылармен марапатталды. Сонымен қатар, жарыс барысында ерекше шеберлігімен көзге түскен үздік ойыншыларға арнайы статуэткалар табысталды.

Жоспарға сәйкес алдағы уақытта 3 елдімекен тұрғындарымен кездесулер өткізу, 200 дана жадынама, 100 дана плакат тарату және «9 - желтоқсан халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл күніне» орай форум өткізу жоспарланған.

 Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптарда 3 рет аудан тұрғындарына түсіндірме жұмыстары, 2 рет жастармен кездесу ұйымдастырылып, Әдеп жөніндегі уәкілмен мемлекеттік қызметкерлерге 12  рет құқықтық оқыту өткізілді.

 23 маусым - Мемлекеттік қызметшілер күні мерекесіне орай аудан әкімінің аппарат басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл Рүстем Ибрагим бірқатар мемлекеттік қызметкерлерді ата - аналарымен бірге қабылдады.

 Мереке қарсаңында мемлекеттік қызметте өзіне жүктелген міндеттерді абыроймен атқарып, білікті маман ретінде  ауданның көркеюіне үлес қосып жүрген бірқатар азаматтардың ата - аналары аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

Сонымен қатар, ауылдық округ әкімдері аппараттарына қарасты квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында тоқсанына бір рет құқықтық оқыту өткізіліп, атқарылған жұмыстар туралы мәліметтер «Битрикс 24» ақпараттық жүйесіне орналастырылуда.

Жыл басынан бүгінгі таңға дейін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс» тақырыбында 5 мемлекеттік қызметкер біліктілігін арттырды.

Сондай-ақ 2026 жылға аудан әкімі мен 26 кент, ауылдық округ әкімдерінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытында қабылданған шаралары туралы авторлық мақалаларын БАҚ-ы беттерінде жариялау кестесі бекітілді. Жоспарға сәйкес қазіргі таңда Жаңақорған, Шалқия кенттері, Төменарық, Сүттіқұдық, Байкенже, Суанақата, Қандөз, Ақүйік, Жаманбай батыр, Кейден, Екпінді, Қосүйенкі ауылдық округтері әкімдерінің авторлық мақаласы жарияланды.

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhanakorgan/documents/details/1078754?lang=kk