Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қоғамдық қатынастарды Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңымен реттеледі.
Қазіргі таңда аудан әкімдігі мен оған қарасты 6 бөлім және қорғаныс істері жөніндегі бөлімді қосқанда 51 қызмет түрі көрсетіледі.
Жыл басынан бері барлығы 6545 қызмет көрсетілді. Оның
- 3,3 пайызы (207 қызмет) мемлекеттік орган
- 5,0 пайызы (308 қызмет) ЦОН арқылы
- 91,7 пайызы (5933 қызмет) Электронды Үкімет порталы арқылы көрсетілді.
Анықтама: пайыздық есепке тек қана баламалы түрде көрсетілетін қызметтер түрі алынады. Яғни, көрсетілген қызметтің жалпы саны емес, тек баламалы көрсетілген қызметтер саны есептелінеді.
2026 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес 9 ай қорытындысы бойынша барлығы 8 жергілікті атқарушы орган тексерілді.
Тексеру қорытындысымен мемлекеттік қызмет көрсетуші жауапты қызметкерлерге нормативті-құқықтық актілердегі заңнама талаптарн қатаң ұстану, бизнес-процестерді қатаң қадағалаумен қатар, қызмет алушыларға берілетін жауаптарды сапалы ұсыну тапсырылды.
Ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысымен Жаңақорған ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімімен мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процесін бұзудың 14 дерегі (түскен өтінімдерді кешіктіріп тіркеу) және 1 мерзім бұзу дерегі орын алды.
Нәтижесінде, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5-шілдедегі Кодексінің 465-бабымен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, бөліңм басшысы Т. Зейдалиевке 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды.
Бүгінгі күнге қызмет алушылар тарапынан құқық бұзушылыққа қатысты арыз-шағым түспеген.