Аудандағы дін саласы бойынша 2026 жылдың 9 айлық қортындысы бойынша атқарылған жұмыстар туралы

Ауданымызда діни ахуал тұрақтылығымен сипатталды. Діни шиеленіс тудыратын проблемалық жағдайлар орын алған жоқ.

2026 жыл басынан бері діни экстремизм көріністерінің алдын алу мәселелері бойынша 185 кездесулер мен шаралар ұйымдастырылып, 4400-ге жуық адам қамтылды. Оның ішінде кәмелетке толмағандар 31, жастар (18-35 жас аралығындағылар) 18, әлеуметтік осал топтар 43, діндар әйелдер 4, жұмыссыздар 11, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 7, еңбек мигранттары. 4, пробациядағы азаматтар 9, жаттықтырушылар мен спортшылар 12, мәдениет саласының өкілдері 10, Этникалық топтар 1, жеке адрестік 7  кездесу өткізілді. 

«Жаңақорған ауданы тұрғындары арасында діни экстремизм және терроризмге қарсы күреске бағытталған шараларды өткізу және діни ахуал туралы түсіндірме жұмыстарын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы бойынша аудан тұрғындарының діни сауаттылығын арттыру мақсатында Республикалық ақпараттық түсіндірме топ мүшесі,» Ақниет» қоғамдық қорының Шымкент қаласы бойынша маманы, теолог Дәлелехан Оспанов арнайы шақыртылды. Аталған теолог аудан жастарымен, құқық қорғау орган қызметкерлері, төтенше жағдай қызметкерлері, педогог-психолог мамандар және спорт бөлімі жаттықтырушылары және де аудан тұрғындарымен кездесу өткізді. Арнайы өткізілген шараға 135 ке жуық адам қамтылды.

 Мамыр айында РАТТ мүшесі, теолог, ақпараттық кеңістікте кеңінен танылған Елдос Жұмаділда ауданымызда спорт жаттықтырулары, мәдениет қызметкерлері және ауданымыздың белсенді жастары, дін қызметкерлері,  педогог-психолог мамандарме, ауданымыздағы қарилар даярлау орталығы шәкірттерімен және «Алты ата» мешіті жамағатымен кездесулер өткізілді. Өткезілген шараларда  150 адам қатысты.

 Аталған жоба аясында 25 тамызда РАТТ мүшесі Сақан Дастан Дарханұлының жұмыс сапары өтті. Сапар барысында Төменарық және Сүттіқұдық ауылдарының тұрғындарымен, білім, мәдениет және спорт саласының мамандарымен, жастармен сондай-ақ пробация тізіміндегі азаматтармен кездесулер ұйымдастырылды. Кездесулерде діни тұрақтылықты сақтау, теріс діни ағымдардың ықпалына қарсы иммунитет қалыптастыру, діни сауаттылықты арттыру және қоғамдағы татулық пен келісімді нығайту бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жалпы өткізілген түсіндірме жұмыстарында 150 жуық адам қамтылды.

 11 қыркүйекте әлеуметтік жобасы аясында  Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының (РАТТ) мүшесі Тілләбек Саян Аднабекұлы қатысып, тұрғындармен және түрлі нысаналы топ өкілдерімен кездесулер өткізді. Іс-шаралардың  негізгі мақсаты тұрғындардың діни сауаттылығын арттыруға және деструктивті діни идеологиялардың таралуының алдын алуға бағытталған. Жаңақорған аудандық көпсалалы колледжінің студенттерімен,  аудандық білім бөлімі мамандарымен, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары Келінтөбе, Қандөз және Жаманбай батыр ауылдық округтерінде де ауыл тұрғындарымен өткізіліп, Кездесулерге шамамен 200 дей адам саны қамтылды.

Жаңақорған аудандық қоғамдық даму бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында жүзеге асырылып жатқан «Облыс тұрғындары арасында дін қызметкерлерінің қатысуымен діни-ағартушылық жұмыстарын жүргізу» әлеуметтік жобасы негізінде 13–15 мамыр күндері Республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі Нұрәлі Бақытұлы ауданға арнайы іссапармен келді.

Іссапар барысында аудан көлемінде діни-ағартушылық бағыттағы бірқатар кездесулер мен семинарлар өткізілді. Атап айтқанда, аудан имамдары мен дін қызметкерлеріне, «Айқожа ишан» медресесінде қари шәкірттермен, Әл-Мумин мешітінде және Жаңақорған аудандық орталық мешітінде, Хисамеддин ас-Сығанаки мешітіндегі жамағатпен, «Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжі» студенттерімен, аудандық спорт бөлімі қызметкерлері және спортшыларымен арнайы кездесулер ұйымдастырылып, 450-ге жуық адам қамтылды

 «Фейсбук», «Инстаграм», «Тик-ток», «Телеграм», «YouTube» әлеуметтік желілерінде ақпараттық түсіндірме топ мүшелерінің ықпалымен аудандық қоғамдық даму бөлімінің ресми парақшалары мен ауылдық округтердің парақшаларында «Облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығы» тарапынан жіберілген дін саласындағы мемлекеттік саясатты ілгерілету, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған ресми және бейресми парақшаларда дін саласындағы мемлекеттік саясатты ілгерілетуге бағытталған 1407 бейнероликжарияланды (99551 қаралым, 6405 лайк, 1050 бөлісу).

 

 

 

 

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhanakorgan/documents/details/1078733?lang=kk