Аудандағы жастар саясаты саласында 2026 жылдың ІІІ тоқсанында атқарылған жұмыстар жайлы мәлімет

2026 жылдың ІІІ тоқсанына жастардың әлеуметтік-демографиялық сипаттамасын зерделеу барысында 14–35 жас аралығындағы 24 764 жас (30,4 %) (2025 жылы – 24 412 жас) анықталып, аудан тұрғындарының жалпы санының (81 550 адам) 30,4 пайызын құрап отыр. Оның ішінде ауылдық округтердегі жастар саны – 14 683 жас, Жаңақорған кенті жастары – 10 081 жас.

Ауданда жастардың әлеуметтік және тұлғалық дамуына жәрдемдесу және жастар ұйымдарына қолдау көрсету бағытында Жаңақорған аудандық жастар ресурстық орталығы мекемесі жұмыс жасайды. Ауданда жастар саясатын жүзеге асыру, жастарды қолдау бағытында 2026 жылға жергілікті бюджеттен 41 717,0мың теңге (2025ж. – 41 480,0 мың теңге), оның ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 3 жобаға (2025 жылы – 3 жоба) 6 848,0мың теңге (2025 жылы – 6 491,0 мың теңге) бөлінді.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жарияланған жобаларға МОО «Қармақшы Жастары» қоғамдық бірлестігі 2 жобаға жеңімпаз болып табылды. Ал қалған 1 жобаға «Жалынды жастар» қоғамдық бірлестігі жеңімпаз болды.

Жыл басынан бері «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен әртүрлі бағытта 158 шара ұйымдастырылып, барлығы  5 678 жас қамтылды (2025 жылы барлығы 230 шара ұйымдастырылып, барлығы 6 375 жас қамтылды).

Ағымдағы жылы жастар орталығынан мемлекеттік бағдарламаларға байланысты кеңес алған жастардың саны 1 296 жасты құрап отыр.

Жастарды алаяқтық құқықбұзушылықтардан алдын алу мақсатында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында аудан жастары арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ақпараттық үнпарақтар таратылды.

Сондай-ақ, Наурызнама онкүндігі шеңберінде ағаш отырғызу, экологиялық және қайырымдылық акциялары ұйымдастырылып, аталған іс-шаралар туралы мәліметтер Жастар ресурстық орталығының әлеуметтік желі парақшаларында жарияланды.

 

 

 

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhanakorgan/documents/details/1078729?lang=kk