Мемлекеттік қызметтер «Жітіқара ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес «Жітіқара ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ 4 мемлекеттік қызмет көрсетеді.

Барлық мемлекеттік қызметтер «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларына сәйкес көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметтердің барлық 4 түрі оңтайландырылған – оларды көрсету мерзімдері қысқартылып, мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар топтамасы барынша азайтылған. Мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерістерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері олардың көрсетілу сапасына оң әсерін тигізуде - мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі жеңілдетіліп, жеделдетілді, сондай-ақ әкімшілік кедергілер азайтылды.

Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және олар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру. 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері:

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау мыналар:

1. «Электрондық үкіметтің» веб-порталы;

2. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1. Портал арқылы – 1 жұмыс күні;

2. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы – 2 жұмыс күні.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны:

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің барлық кіші түрлері бойынша: электрондық (ішінара автоматтандырылған)/ қағаз түрінде.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

Машиналар үшін тіркеу құжатын және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін беру немесе машиналарды есептен алу туралы тіркеу құжатындағы белгі, немесе кепілінің (немесе өзге де ауыртпалықтардың) болуы (болмауы) туралы үзінді көшірме беру.

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік баждар мен алымдар мөлшері:

1. Техникалық паспорт бергені үшін – 0,5 айлық есептік көрсеткіш немесе ағымдағы күнге 2162,5 теңге;

2. Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін бергені үшін – 1 АЕК немесе ағымдағы күнге 4325 теңге;

3. Механикалық көлік құралын мемлекеттік тіркегені үшін – 0,25 АЕК немесе ағымдағы күнге 1081,25 теңге.

Порталда мемлекеттік баждар мен алымдарды төлеу порталда «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүргізіледі.

Мемлекеттік қызметші берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі:

1. Көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс графигіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру – сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі  түскі үзіліспен – сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі;

2. Порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодеске сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі:

1. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жүгінген кезде:

машиналарды тіркеу кезінде:

- қосымшаға сәйкес 1, 2-нысандар бойынша өтініш;

- жеке тұлғалар үшін – жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

- заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтама;

- «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 553 және 615-баптарында белгіленген баждар мен алымдардың бюджетке төленгенін растайтын құжат;

- Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің (бұдан әрі – Экологиялық кодекс) 386-бабына сәйкес машиналарды бастапқы тіркеу кезінде өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерді орындауын растайтын құжат;

- машинаға меншік құқығын растайтын құжаттар, оларға мыналар жатады: азаматтық заңнама талаптарына сәйкес жасалған шарттар, мәмілелер, куәліктер, мүлікті мұраға алу құқығы туралы құжаттар;

- кедендік ресімдеуден өткенін растайтын құжаттар (Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі – ЕАЭО) елдерінен әкелу жағдайларын қоспағанда, кедендік декларация, кедендік кіріс ордері, уақытша әкелу жағдайларында кері әкету туралы міндеттеме.

1. Порталға жүгінген кезде:

машиналарды тіркеген кезде:

- қосымшаға сәйкес 1, 2-нысандар бойынша ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

- Экологиялық кодекстің 386-бабына сәйкес машиналарды бастапқы тіркеу кезінде өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерді орындауын растайтын электрондық құжат;

- ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, Салық кодексінің 553 және 615-баптарында белгіленген бюджетке баждар мен алымдардың төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

- машиналарға меншік құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері, оларға мыналар жатады: азаматтық заңнама талаптарына сәйкес ресімделген шарттар, мәмілелер, куәліктер, мүлікті мұраға алу құқығы туралы құжаттар;

- кедендік ресімдеуден өткенін растайтын құжаттар (ЕАЭО елдерінен әкелу жағдайларын қоспағанда, кедендік декларация, кедендік кіріс ордері, уақытша әкелу жағдайларында кері экспорттау міндеттемесі);

2. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жүгінген кезде:

машиналарды бастапқы тіркеу жағдайында:

- өндіруші зауыттың қозғалтқыштың номиналды қуатын растайтын құжатының көшірмесі;

- сәйкестік сертификатының немесе сәйкестік туралы декларацияның көшірмесі.

2. Порталға жүгінген кезде:

машиналарды бастапқы тіркеу жағдайында:

- өндіруші зауыттың қозғалтқыштың номиналды қуатын растайтын электрондық құжатының көшірмесі;

- сәйкестік сертификатының немесе сәйкестік туралы декларацияның көшірмесі (№6 Шешіге сәйкес).

3. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жүгінген кезде:

машиналарды тіркеу есебінен шығару кезінде (кәдеге жаратудан, бас тартудан, есептен шығарудан, қызмет көрсету аумағынан тыс жерге ауыстырудан басқа, сондай-ақ машинаны иеліктен шығару жөніндегі мәміленің алдындағы әрекеттерді қоспағанда):

- қосымшаға сәйкес 1, 2-нысандар бойынша өтініш;

- жеке тұлғалар үшін – жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

- заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтама;

- машиналарға меншік құқығын растайтын құжаттар, азаматтық заңнама талаптарына сәйкес ресімделген шарттар, мәмілелер, куәліктер, мүлікті мұраға алу құқығы туралы құжаттар.

3. Порталға жүгінген кезде:

машиналарды тіркеу есебінен шығару кезінде (кәдеге жаратудан, бас тартудан, есептен шығарудан, қызмет көрсету аумағынан тыс жерге ауыстырудан басқа, сондай-ақ машинаны иеліктен шығару жөніндегі мәміленің алдындағы әрекеттерді қоспағанда):

- қосымшаға сәйкес 1, 2-нысандар бойынша ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

- машиналарға меншік құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері,  азаматтық заңнама талаптарына сәйкес ресімделген шарттар, мәмілелер, куәліктер, мүлікті мұраға алу құқығы туралы құжаттар.

4. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жүгінген кезде:

тіркеу құжатының телнұсқасын және (немесе) жаңа нөмірлік белгі алған кезде:

- қосымшаға сәйкес 1, 2-нысандар бойынша өтініш;

- жеке тұлғалар үшін – жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

- заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтама;

- Салық кодексінің 553 және 615-баптарында белгіленген бюджетке төленетін баждар мен алымдардың төленгенін растайтын құжат.

4. Порталға жүгінген кезде:

тіркеу құжатының телнұсқасын және (немесе) жаңа нөмірлік белгі алған кезде:

- қосымшаға сәйкес 1, 2-нысандар бойынша ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

- ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, Салық кодексінің 553 және 615-баптарында белгіленген бюджетке баждар мен алымдардың төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.

5. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жүгінген кезде:

машиналарда кепілдің (немесе өзге де ауыртпалықтардың) болуы (болмауы) туралы ақпаратты алу үшін:

- қосымшаға сәйкес 1, 2-нысандар бойынша өтініш.

Қағиаларға сілтеме – https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1500011702

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-audany-akimat/documents/details/1078707?lang=kk