Жаңақорған ауданының 2026 жылдың ІІІ тоқсанында азаматтарды жеке қабылдау бойынша атқарылған жұмыстары жайлы мәлімет

Қазақстан Республикасының Әкімшілік Рәсімдік-Процестік Кодексіне  сәйкес,  жеке қабылдау кестесі бекітіліп, тұрғындар назарына жеткізу үшін «Жаңақорған тынысы» газетіне жарияланып, аудан әкімінің ресми  интернет-ресурсындағы  сайтына орналастырылып, аудан әкімі аппаратында жеке және заңды тұлғалардың өкілдерді қабылдау тұрақты түрде аптасына бір рет жүргізілуде.

Осы жеке қабылдау кестесіне сәйкес 2026 жылдың 9-ай қорытындысымен  барлығы аудан әкімі аппаратында қабылдауда болған  251 азаматтың 214-і  аудан әкімінің жеке қабылдауында болды. Қабылдау барысында 23 азаматтың мәселесі толығымен шешілсе қалған 191 өтініш иесіне заң талабына сай түсіндірме жауап берілді. 37 азамат аудан әкімінің орынбасарлары мен аппарат басшысының қабылдауында болып,  жеке қабылдау барысында мәселелері бойынша заңдылығы тәртібі түсіндірілді.

Кент, ауылдық округ әкімдері мен дербес бөлім басшылары  2026 жылдың 9-ай қорытындысымен 197 азаматты қабылдап, қабылдау барысында 23 азаматтың өтініші қанағаттандырылса, 174-не  заң талабына сай түсіндірме жұмыстарын жүргізген.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhanakorgan/documents/details/1078637?lang=kk