2026 жылдың 9-ай қортындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша

Жаңақорған ауданына «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы: 2026 жылдың 9-ай  қорытындысымен  барлығы  1329 өтініш тіркеліп, бақылауға алынды.
783-і жеке тұлғалардан және 546-і  заңды тұлғалардан. Жеке және заңды  тұлғалардан түскен 1329 өтініштің ішінде 159-і қанағаттандырылса, 883-не заң талабына сай түсіндірме жауап берілді. (Жеке тұлғалардың өтінішін қарауды тоқтау туралы арызы негізінде 189 өтініш қараусыз тоқтатылды. Өтініштің қарау құзыреттілігіне қарай 66-ы  басқа органдардың қарауына жолданды, 32-і  орындалу  үстінде).

Жаңақорған ауданы әкімі аппаратында «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы 2026 жылдың  9-ай  қорытындысымен  барлығы 512 өтініш тіркелді. 344-і жеке тұлғалардан   және  168-і  заңды тұлғалардан. Жеке және заңды  тұлғалардан түскен 512  өтініштің ішінде 78-і  қанағаттандырылса, 275-не  заң талабына сай түсіндірме жауап берілді. (Жеке тұлғалардың  өтінішін қарауды тоқтау туралы арызы негізінде 88 өтініш қараусыз тоқтатылды. Өтініштің қарау құзыреттілігіне қарай 56-ы басқа органдардың қарауына жолданды, 15-і  орындалу үстінде).

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhanakorgan/documents/details/1078627?lang=kk