2026 жылдың IІІ-тоқсанында Әдеп жөніндегі уәкілдің атқарылуы туралы

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 12-қадамын жүзеге асырудағы мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтау, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзушылықтарының алдын алу, сондай-ақ өздерінің функцияларының шеңберінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға кеңес беру үшін, Әдеп жөніндегі уәкілдің атқарылатын іс-шаралар жоспарлары бекітілді.

- Бұқаралық ақпарат құралдарындағы мемлекеттік қызметшілерге қатысты оң және теріс материалдар және мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік желілердегі парақшаларына, аккаунттарына мониторингтеу тұрақты түрде жүргізілуде.

Бүгінгі таңда, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардағы мемлекеттік қызметшілерге қатысты қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтар бойынша БАҚ-на және әлеуметтік желіге мониторинг жүргізілді. Есепті кезеңде қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтар бойынша БАҚ-да теріс материалдар жарияланған жоқ.

Әлеуметтік желілерде жағымсыз теріс пікірлер жазылуына жол бермеу, қоғамның мемлекеттік қызметке деген сенімінің жоғары болуы мақсатында ауылдық округ әкімдері мен дербес бөлім басшыларына тиісті  тапсырмалар берілді.

- Мемлекеттік орган басшыларына мемлекеттік қызметшілердің артық жұмыс істеу фактілеріне және  өзіне сеніп тапсырылған мемлекет мүлкін күтіп ұстауға, оларды қызметтік мақсаттан тыс пайдалануға жол бермеу, оның ішінде қызметтік автокөліктерді жұмыстан тыс уақытта пайдаланбау қажеттілігі жөнінде тұрақты түрде ескертіліп келеді.

- Жаңақорған ауданы бойынша азаматтардың немесе мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге өтініш келіп түскен жоқ.

            - Әдеп нормаларын сақтау бойынша жұмыс тиімділігінің деңгейін анықтау мақсатында, аудан әкімдігінің парақшасына онлайн-сауалнама орналастырылды.

- Жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органдарда жұмыс жасайтын мемлекеттік қызметшілердің жеке істеріне Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті ақпараттық сервисінің «Арнайы есептер» деректер қоры арқылы тексеру жүргізілді.

- Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтау, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің бұзушылықтарының алдын алу мақсатында Әдеп кодексінің талаптары түсіндірілді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhanakorgan/documents/details/1078606?lang=kk