2026 жылдың IІІ-тоқсанында мәдениет саласында атқарылған жұмыстар туралы

Жаңақорған ауданы бойынша 3 мәдениет үйлері мен 26 ауылдық клубтар, 3 мәдени демалыс кешендері, 9 халықтық өнер ұжымдары, 36 кітапхана, 1 аудандық тарихи өлкетану музейі аудан халқына мәдени қызмет көрсетеді.       

Мәдениет үйлері мен клубтар бойынша: жыл басынан «Адал адам» мәдени-тәрбие орталығы тұжырымдамасының 7 бағыты бойынша 3 мәдениет үйлері мен 26 ауылдық клубтарда 2369 шара өткізіліп, оларға 89683 көрермен қамтылды.

 Есепті мерзімге  көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Сапарбаев Бердібек Машбекұлының өнегелі өмір жолына арналған «Өнегелі өмір – өрелі ұрпаққа» атты облыстық жазба ақындар мүшәйрасы, ерекше жандардың шығармашылығын қолдауға арналған «Жүректен жүрекке» атты облыстық өнер фестивалі, «Әжелер салған ән қандай...» атты облыстық әжелер ансамбльдерінің фестивалі, облыстық "О. гитара, шырқайық…" атты әнші-гитарашылар фестивалі, “Сезім әуені” атты жұптық ән орындаушылардың облыстық фестивалі, жыршы-термеші                Құтбай Дүрбаевтың 120 жылдығына арналған «Жыр ғұмыр» атты облыстық жыршы-термешілер байқауы, Х «Ақ көгершін» облыстық балалар конкурсы, Еңбек ардагері Нәлібаев Машбек Сапарбаевұлының 100 жылдығына арналған «Маңдай термен келген мәртебе» атты мәдени-демалыс кешендерінің облыстық байқауы, күйші, композитор Дина Нұрпейісованың 165 жылдығына арналған домбыра үйірмелері арасында "Домбыра көненің көзі, бабаның үні" атты облыстық күйшілер байқауы, ҚР Қарулы Күштерінің запастағы полковнигі, ҚазақстанЖурналистер одағы сыйлығының лауреаты, Жаңақорған ауданының құрметті азаматы, ақын, жазушы, журналист Базарбай Исаевтың 85 жылдығына арналған «Сөз бен сарбаз рухын тоғыстырған тұлға» атты облыстық  арнау айтушылар байқауы, Қазақстан Жазушылар одағы және Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ақын, сазгер Асқар Кейкіұлы Дүйсенбінің шығармашылығына арналған  «Ән дәурен» атты облыстық әншілер байқауы, күйші композитор Дина Нұрпейісованың 165 жыл тоуына арналған «Дина үні  - ұрпаққа мұра» атты домбыра үйірме мүшелерінің облыстық күй байқауы өтті.жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына орай «Жыр алыбы - Жамбыл» атты облыстық жазба ақындар мүшәйрасы ұйымдастырылды.

Мәдениет үйлері мен клубтар бойынша 142 көркемөнерпаздар үйірмелері жұмыс жасайды, оларға  1418  мүшелер тартылған.    

 2026 жылдың басынан үйірме мүшелерінен 55 байқауға  (6 республикалық, 49 облыстық) 199 өнерпаз  қатысып 11 бас жүлде ,6 республикалық, 5 облыстық/, 16 - І орын /8 республикалық, 8 облыстық/,                 11 - ІІ орын /облыстық/ 11 - ІІІ орын  /облыстық/, 34 алғыс хат /облыстық/, "Дәстүр дауысы", «Фестиваль жаңалығы», «Жас талант», «Үздік сезім әуені», «Көрермен көзайымы», «Ән қанатында»  /облыстық /номинациясы  иегері атанды.

Кітапханалар бойынша кітап қоры – 472248, кітап берілімі – 251653, келушілер саны – 83306, оқырман саны – 19981.

Есепті мерзімге 36 кітапханалар бойынша өткізілген  іс-шаралар – 1130,   қамтылған көрермен – 28474 .    

Аудандық кітапхана қазіргі таңда РАБИС бағдарламасының  4 модулімен («Каталогизатор», «Ізденіс тапсырыс», «Оқырманды тіркеу», «Келушілерді тіркеу»)  жұмыс  жасап отыр.  Қалған ауылдық кітапханалардың барлығы РАБИС бағдарламасының  бірінші модулімен жұмыс  атқарып келеді. РАБИС бағдарламасы 36 кітапханаға орнатылған. Аудан орталығында 4 кітапхана, ауылдық жерлерде 32 кітапхана.

Жалпы кітапхананы заманауи білім беру орталықтарына айналдыру, жастардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында ауданымызда  11 коворкинг орталығы ашылған. Олар: (Аудандық орталық кітапхана, аудандық балалар кітапханасы, Екпінді, Төменарық, Ақсуат, Түгіскен, Бесарық, Кейден, Бірлік, Жаңарық, Қожакент ауылдық кітапханалары).

Ауданда тілдер саясатын жүзеге асыру бағытында БАҚ өкілдерімен бірлесіп, жыл басынан бері Жаңақорған кенті орталығындағы 28 кәсіптік нысандар мен сауда орындарындағы көрнекі ақпараттар мен жарнама мәтіндеріндегі тіл заңдылықтарының сақталуына 3 рет мониторинг жүргізілді. Кәсіптік нысан иелеріне көрнекі ақпараттардың дұрыс жазылуы мен реттілігі көрсетілген әдістемелік түсіндірме парақшалар таратылды.

  Жаңақорған ауданында тілдерді қолдану мен дамытудың 2026 жылға арналған іс-шара жоспары бекітіліп,  көрнекі ақпарат мәселелеріне жеке тұлғаларды тарту бағытында шаралар қолға алынуда. Жаңақорған кенті орталығындағы «Қанат Жарнама» және «Тоқтамыс» жарнама орталықтарына ҚР Заңының 21-бабына сәйкес көрнекі ақпараттарды дұрыс жазу және олардың реттілігі көрсетілген парақшалар берілді. Кәсіпкерлік нысандардың жарнамалық маңайшаларында шетелдік сөздерді қолданған нысан иелеріне түсіндірме жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп отыр.

         Ұйымдастырылған мәдени-көпшілік шаралар:

   1.Мемлекеттік тіл саясаты мәселелеріне арналған дөңгелек үстел;

   2.«Қазақ поэзиясының мұзбұлағы» атты жас ақындардың байқауы;

  1. «Тіл – ұлттың жаны» аудандық эссе байқауы;
  2. «Сөздің сәулесі – Құдабайдың мұрасы» тақырыбындағы жазба ақындар мүшайрасы;
  3. қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Тіл – татулық тұғыры» атты салтанатты шара;
  4. «Тілдік квест» интеллектуалды сайысы;

  7. «Қазақ тілінде іс жүргізудің өзекті мәселелері» тақырыбындағы дөңгелек үстел.

         Кәсіпкерлер арасында мемлекеттік тіл талаптарын насихаттау жұмыстары.

Мемлекеттік тілдің қоғамдық ортада және кәсіпкерлік саласында кеңінен қолданылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ кәсіпкерлік нысандарда тіл туралы заңнама талаптарының сақталуын насихаттау мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.

Апта сайын «Жаңақорған аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» КММ-нің және ауданға қарасты барлық кент, ауылдық округ әкімдерінің ресми әлеуметтік желідегі парақшаларында кәсіпкерлерге арналған «Кәсіпкер назарына» тақырыбындағы ақпараттық бейнероликтер жарияланып отырады. Бейнероликтерде мемлекеттік тілдегі маңдайша, сыртқы көрнекі ақпарат, жарнама, ас мәзірі және өзге де ақпараттық материалдарды қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес рәсімдеу мәселелері қамтылады.

Сонымен қатар, аталған ақпараттық бейнематериалдар аудан орталығындағы ЛЭД экран арқылы көпшілік назарына тұрақты түрде ұсынылып, Халыққа қызмет көрсету орталығындағы телеэкраннан келушілерге көрсетілуде. Бұл жұмыстар кәсіпкерлердің мемлекеттік тілге қатысты заң талаптары жөніндегі ақпараттану деңгейін арттыруға, көрнекі ақпараттардың сауатты әрі талапқа сай рәсімделуіне және мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған.

     Мемлекеттік тілдегі көрнекі ақпараттардың заң талаптарына сәйкестігін зерделеу жұмыстары.

Мемлекеттік тіл туралы заң талаптарының сақталуы мен мемлекеттік тілдегі көрнекі ақпараттардың талапқа сай рәсімделуін қамтамасыз ету мақсатында 3 тоқсанда 6 кафе және 12 кәсіпкерлік нысанға зерделеу жұмыстары жүргізілді. Зерделеу барысында фискалдық чектердің, ас мәзірлерінің, сыртқы көрнекі ақпараттар мен маңдайшалардың мемлекеттік тілде дұрыс әрі сауатты орналастырылуына назар аударылды.Аталған жұмыстарға Қазақ тілі қоғамының төрағасы, тіл маманы, жастар маманы және «Жаңақорған тынысы» газетінің тілшісі қатысты. Зерделеу барысында анықталған кемшіліктер бойынша нысан иелеріне қолданыстағы заң талаптары түсіндіріліп, оларды түзету жөнінде ескертпе хаттар берілді. Сонымен қатар, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту және тілдік нормалардың сақталуын қамтамасыз ету бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Аудан аумағында мемлекеттік тізімге енгізілген 48 тарихи-мәдени мұра нысаны бар. Оның ішінде 6 нысан республикалық маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіштер санатына жатады. Олар: Сығанақ қалашығы, Қорасан ата кесенесі, Ақтас мешіті, Айқожа ишан кесенесі, Қарасопы кесенесі, Төлегатай-Қылышты ата ескерткіш кешені.

Сонымен қатар, 31 нысан жергілікті маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіштер қатарында. Олардың ішінде Құмиян, Өзгент, Аққорған, Келінтөбе, Мейрамтөбе, Ордакент, Балапантөбе қалашықтары, Бесарық және Майдамтал шатқалдарындағы жартастағы бейнелер, Қылауыз ата, Қасым ата, Жалаңаш ата кесенелері, Бесарық және Төменарық су қыспақты мұнаралары, Жаңақорған, Төменарық және Бесарық стансаларының тарихи ғимараттары, сондай-ақ батырлар мен қоғам қайраткерлеріне арналған ескерткіштер мен мүсіндер бар.

Аудан аумағындағы тағы 11 тарихи-мәдени мұра нысаны алдын ала есепке алынған. Атап айтқанда: Қостөбе І, ІІ қалашықтары, Ақтөбе қалашығы (Сунақата ауылы), Ақтөбе қалашығы (Қыраш ауылы), Артық ата, Бұзық, Разды ата, Қаратөбе қалашықтары, Бөріойнақ қонысы,   Қостөбе І қалашығы (Талап ауылы), Ақтөбе қалашығы (Қосүйеңкі ауылы), Жетітөбе обалар тобы.

Мемлекеттік тізімге енгізілген тарихи-мәдени мұра нысандарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі таңда 35 ескерткішке қорғау тақталары орнатылды. Сонымен қатар,  20 тарихи-мәдени мұра нысанына QR-коды бар ақпараттық тақтайшалар орналастырылып, 11 ескерткіш 3D форматтағы интерактивті картаға енгізілді.

Ескерткіштердің сақталуын қамтамасыз ету және олардың қорғау талаптарын сақтау мақсатында 37 тарихи-мәдени мұра нысаны бойынша қорғау міндеттемелері жаңартылып, тиісті құжаттар кент және ауылдық округ әкімдеріне орындауға берілді.

Тарихи-мәдени мұра нысандарын цифрландыру және кеңінен насихаттау бағытында да жұмыстар атқарылуда. Аудан аумағындағы мемлекеттік тізімге енгізілген тарихи-мәдени ескерткіштер туралы жасанды интеллект технологияларын пайдалана отырып бейнероликтер әзірленіп, әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларда тұрақты түрде жариялануда.

Сонымен қатар, мемлекеттік тізімге енгізілген 48 тарихи-мәдени ескерткіштің мемлекеттік жер актілері мен техникалық құжаттарын рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.

2026 жылғы 28-30 қыркүйек күндері облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау орталығының қызметкері Д. Рашовамен бірлесіп, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің маманы кент және ауылдық округтер аумағында орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштерге мониторинг жұмыстарын жүргізді.

Мониторинг барысында тарихи нысандардың қазіргі жағдайы, сақталуы, қорғау талаптарының орындалуы және аумақтарының абаттандырылуы зерделеніп, тиісті жұмыстарды ұйымдастыру бойынша ұсыныстар қарастырылды.

Өңірдің тарихи-мәдени мұрасын кеңінен насихаттау және туристік әлеуетін таныстыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені тарапынан 2026 жылғы 16-17 тамыз күндері Сығанақ қалашығы мен Қорасан ата кесенесінде бейнетүсірілім жұмыстары жүргізілді.

Аталған түсірілімдер ауданның тарихи орындары мен туристік бағыттарын республика көлемінде танытуға және тарихи-мәдени мұра нысандарының маңыздылығын арттыруға бағытталды.

Тарихи-мәдени мұра нысандарының аумақтарын таза әрі көрікті ұстау мақсатында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жүйелі түрде санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Жалпы, аудан аумағындағы тарихи-мәдени мұра нысандарын сақтау, қорғау, цифрландыру және кеңінен насихаттау бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасуда.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhanakorgan/documents/details/1078586?lang=kk