2026 жылдың IІI-тоқсанында әлеуметтік қорғау саласында атқарылған жұмыстар туралы

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек

2026 жылға Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке жергілікті бюджеттен 246978,0 мың теңге қаралған. Қазақстан Республикасының  2023 жылғы 20 сәуірдегі №224-VII ҚРЗ Кодексінің 11 тарау 120 бабына сәйкес жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспаған аз қамтылған отбасыларға 2026 жылдың 1 қазанына 224 отбасы 1355 мүшесіне 141260,2  мың теңге тағайындалып, 205 отбасының 1244 мүшесіне 100250,5 мың теңге төленді.

 Атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардың құрамындағы бір жастан алты жасқа дейінгі балаларына кепілдендірілген әлеуметтік төлемге жергілікті бюджеттен 65376,0 мың теңге қаржы қаралып, 187 отбасының 1-6 жас аралығындағы 382 балаға 15202,1 мың теңге тағайындалып, 170 отбасының 349 балаға 11318,3 мың теңге төленді.

Тұрғын  үй  көмегі  , үйде  тәрбиеленетін  және  оқытылатын  мүгедектігі бар  балаларға  төленетін  материалдық  көмек

Аз қамтамасыз етілген отбасыларға тұрғын үй көмегіне 2026 жылға  жергілікті бюджеттен 1000,0 мың теңге қаралған. Жыл басынан тұрғын үй көмегіне 4 отбасына (5 мүше) 90,3мың теңге тағайындалып,төленді.

Жаңақорған аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27маусымдағы№50-ші шешімімен бекітілген мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін жергілікті бюджеттен 15181,0 мың теңге қаралып, жыл басынан 148 отініш берушіге 9977,8 мың теңге төленді.

Мемлекеттік атақтар берілген азаматтарға төленетін   әлеуметтік көмек

Жаңақорған аудандық мәслихатының 2017 жылғы 8 тамыздағы №05-16/149 «Жекелеген санаттағы азаматтарға жеңілдіктер беру туралы» шешіміне сәйкес  2026 жылға 99,0 мың теңге қаралып 1 адамға 74,0 мың теңге тағайындалып, төленді.

Аз қамтылған отбасыларынан шыққан облыс әкімінің грантына ие болған студенттердің  білім алуына   төленетін  әлеуметтік  көмек

Өңірге қажет мамандықтар бойынша халықтың осал топтарынан шыққан білім алуға ынталы облыс әкімінің грантына үміткерге 2026 жылға  22 студентке 25458,0 мың теңге қаралып, 21 студентке 24106,7 мың теңге төленді.

Жекелеген санаттағы азаматтарға төленетін әлеуметтік төлемдер бойынша мәлімет.

Жаңақорған аудандық мәслихатының  2023 жылғы 13 қазандағы  № 94 шешімімен бекітілген «Жаңақорған ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» қағидасына сәйкес

Мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулезден емделудің сүйемелдеу сатысындағы азаматтарға 2025 жылға 43 адамға 22317,0 мың теңге қаралып, 64 адамға 13710,3 мың теңге төленді;

Гемобластоздар мен апластикалық анемияны қосқанда гемотологиялық аурулармен ауырған диспансерлік есепте тұрған балаларға дәрі-дәрмектер алуға11 адамға 3550,0 мың теңге қаралып, 9 адамға 2300,9 мың теңге төленді.

Жұмыспен қамту жұмыстар жөнінде мәлімет

Аудан бойынша 2026 жылға  «Өңірлік жұмыспен қамту  жол картасы» аясында барлығы 14 жобаға 194 адамды жұмыспен қамту жоспарланып,  Орындалғаны барлығы 167 адам . Жыл соңына дейін 100%  орындалады.

 Қазіргі таңда еңбекші көшіп келушілер рұқсатттар беру және ұзарту бойынша 1291 өтініш беріліп, 1128 рұқсатнама берілді.(163өтінішке құжаттары толық болмауына және МВД құжаттарға теріс шешім беруіне байланысты кері қайтарылған)аудандық бюджетке 58768,1 мың тенге қаржы тұскен.

2026 жылдың 01 қазанына  78 адам пробация қызметі есебінде тіркеуде. Пробация есебіндегілерге аудандық емхана мамандары арқылы 60-сотты болған азаматтарға  профилактикалық тексеруден өткізілсе, психологиялық көмек  және заң кеңес беру қызметі бойынша ақысыз құқықтық көмек көрсетіліп, 1-азаматқа құжат жасау бойынша (жеке куәлік) әлеуметтік көмектер жасалды.

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар мен пробация қызметінің есебіндегі 8 азамат жұмыс іздеуші ретінде тіркелген. Осы азаматтар, Ауданның мансап орталығының жолдамасы арқылы тұрақты жұмысқа  орналастырылды.

  1. 29.01.2026 жылы «Диас-Елнур» шаруа қожалығына 1-жұмысшы болып тұрақты жұмысқа орналасты.
  2. 28.09.2026 жылы «Сауле» дара кәсіпкерлігіне 1-жұмысшы болып тұрақты жұмысқа орналасты.

Обылыс әкімдігінің   2025 жылғы 01 желтоқсандағы  №223санды қаулысына сәйкес квота  бойынша 6 жұмыс орны белгіленіп, нәтижесінде аудандық мансап орталығы  жолдамасы арқылы 6 адам жұмысқа жолданды.

Ағымдағы жылға әлеуметтік тапсырыс бойынша 414000 теңге каралып,  Мемлекеттік сатып алу порталына жарияланып, 297827  теңгеге «Сұңқар» әлеуметтік қамқорлық орталығы қоғамдық қоры және 26379 тенгеге «Криатив» шығармашылық бастамалар қоры жеңімпаз болып танылды.

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар мен пробация есебінде тұрған азаматтарды қайта әлеуметтендіру және әлеуметтік бейімдеу» әлеуметтік жобасы аясында пробация қызметі есебіндегі азаматтарды Түркістан қаласына «Түркістан индустриалды аймақтардың басқарушы компаниясы»  ЖШС-не кәсіпкерлермен тәжірибие алмасып кәсіпкерлікке бейімдеу мақсатында 20 адам шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыстарымен таныстырылды.

 Кәсіперлік бөлімі және кәсіпкерлік палата өкілдерімен кәсіперлікпен айналысу мақсатында қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалар негізінде жеңілдетілген несиелер мен гранттар бойынша заңдылықтарды түсіндіру семинар тренигтер ұйымдастырылып20 адам қатыстырылды.         

Жаңақорған аудандық мәслихатының 2023 жылғы 13 қазандағы №94 шешіміне сәйкес бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға бір реттік 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде  ағымдағы жылға 21 адамға 1 362 375 тенге әлеуметтік көмек  көрсетілу жоспарланды.

Қазіргі таңда 13 адамға 843 375 тенге көлемінде бір реттік әлеуметтік көмек  көрсетілді.

Алдағы уақытта Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар мен пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру, оларға әлеуметтік және өзгеде көмектерді  ұйымдастыру жұмыстары  ары қарай жалғасын табатын болады.

Жеке оңалту бағдарламасының орындалуы  бойынша 

2026  жылдың 1 қазанына жеке оңалту бағдарламасы бойынша  міндетті гигиеналық құралдар үшін жергілікті бюджеттен 296125,0 мың теңге қаралып, 202803,0 мың теңге игерілді. Техникалық көмекші құралдардың кеңейтілген түрлеріне (гигиеналық құралдар) жергілікті бюджеттен 32176,0 мың теңге қаралып, 24165,0 мың теңге төленді.

        Міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету бойынша 1054 өтініш түсіп, 1017 қанағаттандырылды 96,49% орындалды.

        Ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметіне жергілікті бюджеттен 10899,0 мың теңге қаралып бүгінгі таңға 22 ымдау тілі маманына 7593,0 мың теңге төленді.

         І-топ мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекшінің қызметіне жергілікті бюджеттен 285951,0 мың теңге қаралып, бүгінгі таңға 168 жеке көмекшіге 184764,0 мың теңге төленді.

         Сурдотехникалық құралдар бойынша: 36 мүгедектігі бар адамнан өтініш түсіп, 34 орындалды.

         Тифлотехникалық құралдар бойынша: 152 адамнан өтініш түсіп, 121 қамтамасыз етілді.

Арнайы жүріп-тұру құралдары бойынша (кресло-арбалармен):
89 өтініш қабылданып, 82 өтініш  қанағаттандырылды.

         Протез-ортопедиялық құралдар бойынша: 380 өтініш түсіп, 304 орындалып отыр. 

        Санаторий-курорттық емделуге- 651 мүгедектігі бар адамнан өтініш түсіп, 537орындалды.

        Инватакси қызметіне- жергілікті бюджеттен 42260,0 мың теңге қаралып, мүгедектігі бар 3244 адамдарға қаңтар-қыркүйек айларына 3977 сағат тасымал қызметі көрсетілді. 21514,0 мың теңге игерілді.

Оңалту орталығына жыл басынан 93 зейнеткер, 48 мүгедектігі бар азаматтар жолданды.

Жартылай стационар жағдайында 17 мүмкіндігі шектеулі балаға «Нұрлы Сенім» қоғамдық қорына жіберуге шешім шығарылып қызмет көрсетілді.

Мүгедектігі бар адамдар мен қарттарға үйде әлеуметтік қөмек көрсету бөлімшесіне жыл басынан 17 қарт есепке алынды.

Мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан адамдарға үйден әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесіне жыл басынан 83 мүгедектігі бар балалар есепке алынды.

Жаңақорған ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің есебінде тұратын мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан адамдарға «Береке бастауы –Наурыз!» атты мерекелік іс шара ұйымдастырылды. Ұлттық ойындар ұйымдастырылып, 900,0 мың теңгеге мерекелік сый-сияпат көрсетілді.

8 наурыз Халықаралық Әйелдер Күні мерекесі қарсаңында «Руханият» орталығында «Мүгедектігі бар адамдар мен қарттарға үйде әлеуметтік қөмек көрсету»бөлімшесіне есепте тұрған қарттарға мерекелік мәдени іс-шара ұйымдастырылып, 94қарт аналарға 488,8 мың теңгеге мерекелік сый-сияпат көрсетілді.

1-Маусым «Балаларды қорғау» күніне орай бөлімнің есебінде тұратын мүгедектігі бар балалардың қатысуымен «Бала жүрегі мейірім шуағы» атты салтанатты іс-шара ұйымдастырылып, балаларға тәттілер тарқатылды.

Осы іс-шара барысында 620640 теңге көлемінде мүгедектігі бар балаларға Жаңақорған кентінде орналасқан М.Көкенов атындағы мәдениет үйінде Қызылорда қалалық мәдениет үйінің жанындағы «Сиқырлы айна» халықтық қуыршақтар театры «Құпия кілт» атты қойылымын қойды.

Жыл басынан Жаңақорған ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен 15 азаматқа  қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу туралы бұйрығы шықты.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhanakorgan/documents/details/1078550?lang=kk