2026 жылдың IІІ-тоқсанында өнеркәсіп және кәсіпкерлік саласында атқарылған жұмыстар туралы

2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша ауданда барлығы 5 688 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелген.

Оның ішінде: 403 – заңды тұлға (402 шағын және 1 орта кәсіпкерлік субъектісі); 3 465 – жеке кәсіпкер; 1 820 – шаруа және фермер қожалығы.

Тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің ішінде нақты жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 5 574 бірлікті құрайды.

Оның ішінде: 370 – заңды тұлға, (369 шағын және 1 орта кәсіпкерлік субъектісі); 3 399 – жеке кәсіпкер; 1 805 – шаруа және фермер қожалығы.

Жалпы тіркелген 5 688 кәсіпкерлік субъектісінің 5 574-і жұмыс істеп тұр, яғни жұмыс істеп тұрған субъектілердің үлесі 98%-ды құрайды.

Аудандағы шағын және орта кәсіпкерлік құрылымында жеке кәсіпкерлердің үлесі басым. Жалпы тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің 60,9%-ын жеке кәсіпкерлер, 32,0%-ын шаруа және фермер қожалықтары, ал 7,1%-ын заңды тұлғалар құрайды.

Негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер.

2026 жылдың қаңтар–тамыз айларында ауданның негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері бойынша оң өсім қалыптасты. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 56 948 млн теңгені құрап, нақты көлем индексі 115,5%-ға жетті. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 162 537 млн теңгені құрап, нақты көлем индексі 110,1% болды. Өңдеу өнеркәсібінде 108 382 млн теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 116,4%-ды құрады. Бөлшек сауда айналымының көлемі 6 838,6 млн теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 103,0% болды.

Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары.

2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша мемлекеттік қолдау шаралары аясында жалпы құны 1 824,6 млн теңгені құрайтын 147 жоба қаржыландырылды. Оның ішінде «Іскер аймақ» бағдарламасы аясында 2 жобаға 175,0 млн теңге көлемінде субсидиялау қолдауы көрсетілді, «Өрлеу» бағдарламасы бойынша 7 жоба 65,9 млн теңгеге, Аграрлық несие корпорациясы арқылы 42 жоба 710,9 млн теңгеге, Өңірлік инвестициялық орталық арқылы 4 жоба 43,5 млн теңгеге және «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 92 жоба 829,4 млн теңгеге қаржыландырылды.

2026 жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жалпы құны 879 млн теңгені құрайтын 93 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Қазіргі таңда жалпы құны 270 млн теңгені құрайтын 25 жобаның өтінімі ақпараттық жүйеге енгізіліп, оның 10 жобасы комиссия қарауында.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhanakorgan/documents/details/1078330?lang=kk