Жаңақорған ауданы бойынша жұмыспен қамту саласында 2026 жылдың ІІІ тоқсанында атқарылған жұмыстар жайлы мәлімет

       Өңірлік жұмыспен қамту картасының 2026 жылдың жоспарындағы  құрылатын 4067 жұмыс орындарының 3240 құрылып немесе 79,6 пайызға орындалып отыр.   
       Оның ішінде Ұлттық жобалар шеңберінде жоспарланған 194 адамның зейнетақы аударымдары бойынша есепке алынғаны 103 адам болып, 53,1 пайызға орындалды.    

Бос жұмыс орындары бойынша жоспар 1998 адамнан 1498 адам жұмыс орындарына жолданып, 74,9 пайызға орындалды.

       Ауданда 15 рет бос жұмыс орындарына жәрмеңкелер өткізу жоспарланып, қазіргі таңға 10 рет бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді. Осыдан 142 жұмыс берушіден 453 бос жұмыс орындары ұсынылып,34 адам жұмысқа жолданды.

Субсидияланатын жұмыс орындары бойынша жылдық жоспар 840 адамнан 927 адам жұмыс орындарына жолданып немесе 110,3 пайыз орындалып отыр.     

Атап айтқанда:

        1) Әлеуметтік жұмыс орындарын құруға жыл басынан 40 адам жолдау жоспарланып, қазіргі таңға 20 адам жолданды, 50 пайызға орындалды.

        2) Жастар практикасына 170 адам жолдау жоспарланып, қазіргі таңға 115 адам жолданып, 67,6 пайызға орындалды.

       3) Қоғамдық жұмыс орындарына 550 адам жолдау жоспарланып, қазіргі таңға 735 адам жолданып, 133,6 пайызға орындалды.

       4) Күміс жас жобасына 80 адам жолдау жоспарланып, 57  адам жолданды, 71,2 пайызға орындалды.

 «10 мың адамға 100 жаңа жұмыс орны» жобасы бойынша жоспарланған 1035 адамнан 712 адам жұмысқа орналастырылып, 68,8 пайызға орындалып отыр.

«Бастау-Бизнес» жобасы бойынша «ENBEK BUSSINES» порталы арқылы 374 адамды оқыту жоспарланса, 322 оқытылды немесе 86,1 пайыз. Осыдан 298 адам оқуын аяқтап, 17 адам жұмыспен қамтылды.

 Жыл сонына дейін Өңірлік жұмыспен қамту картасының межесін 100 пайызға орындалуына жұмыстар жүргізілуде. 
.

 

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhanakorgan/documents/details/1078313?lang=kk