2026 жылдың IІІ -тоқсанында жер қатынастары саласында атқарылған жұмыстар туралы

Жер комиссияларын өткізу бойынша:

2026 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша 19 рет комиссия отырысы ұйымдастырлып барлығы 290 өтініштер қаралып, тиісті қорытындылары берілді.

Сонымен қатар, 2026 жылдың 9 айының қорытындысына сай бөліммен уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау)  турлы 205 шарт, уақытша өтеусіз жер пайдалану туралы 62 шарт жасалса, жер учаскелерін сатып алу-сату туралы 43 млн 154 мың 600 теңгені құрайтын 75 сатып алу-сату шарттары жасалып, аудандық бюджетке түсімдер уақытылы түсірілуде.

Инвестициялық жобаларға жер учаскелерін табыстау бойынша:

2026 жылдың 9 айында ауданымызда инвестициялық жобаларға қолдау көрсету мақсатында «Өңірлік Үйлестіру Кеңесінің» оң қорытындысын алған бірқатар заңды тұлғаларға («Horasan Group» ЖШС (580 га), «Қызылорда Крахмал-Сірне зауыты» ЖШС (1057 га), «Primus Solar Qyzylorda» (130 га), «Қуат Керамзит» (12,1 га)) инвестициялық жобаларын іске асыруы үшін жер учаскелері табысталды.

Конкурс және аукцион бойынша:

         Сауда-саттық (аукцион) нәтижесімен «Ақпараттық есептеу орталығының» порталында жалпы көлемі 19,36 гектар болатын 58 жер учаскелері шығарылып, барлығы 20 834 847 теңге қаражат бюджетке түсірілді.

9 айдың қорытындысы бойынша 3 рет шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру жөніндегі конкурстар өткізіліп, нәтижесімен жеке және заңды тұлғаларға көлемі 9758,0 гектар болатын 34 жер учаскелері табысталды.

Жер учаскелерін мемлекетке қайтару және қайта айналымға енгізу бойынша:

Аудан бойынша арнайы бекітілген жоспарға сәйкес, жыл аяғына дейін        6000 гектар игерілмей тұрған жер учаскелерін мемлекетке қайтару көзделген болатын. 2026 жылдың 9 айының қорытындысымен барлығы 23006,95 га болатын 74 жер учаскелері ауданның босалқы жер құрамына алынды. Ендігі кезекте айналымға алу жұмыстары жалғасуда.

Жер кезегі бойынша:

Ауданда Жаңақорған кентінен жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер кезегінде тұрған азаматтардың саны 30.09.2026 жылғы мәлімет бойынша 12 728 адамды құрап отыр.

Жер учаскелерін өз бетінше иемдену бойынша:

Ауданның ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімімен жүргізілген мониторинг жұмыстарының және аудандық жер комиссиясының хаттамалық шешімдеріне сәйкес аудан көлемінде өз бетінше жер учаскелерін иеленген 9 жеке тұлғаға оның ішінде 2 кәсіпкерлік мақсатта табысталған жер учаскелеріне заңға сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалып, тиісті айыппұлдар өндірілді.

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhanakorgan/documents/details/1078305?lang=kk