Аудан бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 2026 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары бойынша 16 млрд. 822 млн.теңгені құрап, өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 103,6 пайызға орындалып отыр (өсімдік шаруашылығы 7,1 млрд. тг. 102,1 пайызды құраса, мал шаруашылығы 9,6 млрд. тг. 105,0 пайызға орындалды).
Ауыл шаруашылығындағы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2026 жылдың қаңтар-тамыз айлары бойынша 4,8 млрд. теңгені құрап, өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 10 есеге артық орындалып отыр.
Тамақ өнімдерінің негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 2026 жылдың қаңтар-шілде айлары бойынша 445,2 млн. теңгені құрады
Ауданда биылғы жылы 38 232 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Былтырғы жылмен салыстырғанда
2 155 гектарға артық.
Оның ішінде күріш дақылы 6 756 гектарға егіліп, былтырғы жылмен салыстырғанда 600 гектарға аз егілген. 2025 жылы күріш көлемі 7 300 гектарға орналастырылып одан орта өнім 55,4 центнерден алынса, биыл 2026 жылы 6 756 гектар күріш көлемінен 4 533 гектары орылып, 3 735 гектары бастырылды. Бүгінгі күнге орта өнім 52,1 центнерді құрап тұр. Күріш жинау науқанының соңына дейін бұл көрсеткішті 55 центнерге жеткізу жоспарлануда.
Күздік бидай дақылы 3 200 гектарға (2025ж 2879 га), дәндік жүгері дақылы 1 712 гектарға (2025 жылы 1 178 га), тары дақылы
161 гектарға (2025 жылы 103 га), майлы дақылдар 3 276 гектарға
(2025 жылы 2 158 га), мал азықтық дақылдар 20 603 гектарға (2025 жылы 18 993,5 га), картоп дақылы 216 гектарға (2025 жылы 204 га), көкөніс дақылы 485 гектарға (2025 жылы 362 га), бақша дақылы
1 737 гектарға (2025 жылы 1 342 га) егілді.
Күріш егілген алқаптардың барлығы көктемгі дала жұмыстарына дейін толық лазерлі тегістеуден өткізілді.
Егін жинау барысы
Бүгінгі күнге жиналған ауыл шаруашылығы дақылдарынан алынған өнімдер:
- 3 200 гектар күздік бидайдан 6 240 тонна
(19,5 центнерден);
- 161 гектар тарының 105 гектары жиналып, 308 тонна өнім алынды (29,3 центнерден);
- 3 250 гектар мақсарыдан 4 940 тонна (15,2 центнерден);
- 207 гектар картоптың 150 гектары жиналып, 3 000 тонна өнім алынды (200 центнерден);
- 485 гектар көкөністен 12 125 тонна (250 центнерден);
- 1 737 гектар бақшадан 53 847 тонна (310 центнерден);
- 1 712 гектар дәндік жүгерінің 930 гектары жиналып,
2 883 тонна өнім алынды (31,0 центнерден);
- 20 603 гектар жоңышқадан 110 799 тонна
(57,3 центнерден).
Шаруашылықтарға қажетті 1 575 тонна тұқыммен толық қамтамасыз етілді. Анықтама үшін: 1 575 тонна күріш тұқымы, оның ішінде 1400 тонна Лидер,175 тонна Маршал, Сыр Сұлуы, Маржан сорттары дайындалған.
Минералды тыңайтқыштармен, гербицидтермен қамту 100 пайызды құрады. Анықтама үшін: биылғы егіске қажетті 4 800 тонна минералды тыңайтқыштар және 2 184 л/кг гербицидтер толық сатып алынды
Жалпы көктемгі және күзгі егін жинау жұмыстарына 358 бірлік ауыл шаруашылығы техникалары қатыстырылуда. Былтырғы жылмен салыстырғанда 52 бірлікке артқан. Анықтама үшін: 212 трактор, 38 соқа, 28 дән сепкіш, 21 жүк көлігі және 59 трактор тіркемесі.
Су үнемдеуге қолайлы және тиімділігі жоғары дәндік жүгері алқабының көлемі 2025 жылмен салыстырғанда 1,4 есеге ұлғайды (2025 жылы 1 200 гектар). Биыл бұл дақыл жоспарланған 1 700 гектар көлемге толық егілді.
Көктемгі егіс науқанына қажетті арзандатылған дизель отыны үшін шаруашылықтардан 1 200 тоннаға өтінім берілген. Бұдан белгіленген операторлар («Жаңақорған OIL» ЖШС мен «Жібек Жолы LTD» ЖШС) арқылы 410 тонна жеткізіліп, таратылды(2025 жылғы көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін 875 тонна дизель отыны жаратылған). Ал, күзгі егіс науқанына 1 740 тоннаға өтінім берілген («Жаңақорған OIL» ЖШС 867,02 тонна «Жібек Жолы LTD» ЖШС 873,28). Бүгінгі күнге «Жібек Жолы LTD» ЖШС арқылы 191 тонна дизель отыны жеткізіліп, таратылды. «Жаңақорған OIL» ЖШС ағымдағы жылдың шілде айына 65 тонна, тамыз айына 65 тонна, қыркүйек айына 390 тонна барлығы 520 тонна жеткізу қажет болған.
Су үнемдеу технологияларын пайдалану арқылы ауыл шаруашылығы дақылдары 2 370 гектар жерге орналастырылды.
Көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыру туралы
Аудан бойынша 2026 жылдың көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыруға «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ы арқылы «Кең дала 2» бағдарламасы негізінде бүгінгі күнмен 7 шаруа қожалық 215,4 млн. теңге несие алса, «Қамқоршы» несие серіктестігі» ЖШС-і арқылы 14 шаруа қожалық 188 млн. теңге несие алды. Жалпы 21 шаруашылық 403,4 млн. теңгеге қаржыландырылды. (2025 жылы 421,8 млн. теңгені құраған). Бұл қаржыландыру көлемінің азаюы күріш көлемінің кемуінен орын алған.
2026 жылы берілген мемлекеттік қолдау шаралары туралы
2026 жылдың қаңтар-тамыз айлары бойынша ауыл шаруашылығы құрылымдарына мемлекет тарапынан 564,8 млн. теңге субсидия берілді. (Атап айтқанда, мал шаруашылығына 340,3 млн. теңге, егін шаруашылығына 224,5 млн. теңге субсидия берілді).
Егістіктердің аяқ сумен қамтылуы жайлы
Су тапшылығының алдын-алу мақсатында Келінтөбе магистралды каналының биылғы жылы 28 шақырымы «Қазсушар» РМК шжқ Қызылорда филиалы арқылы тазаланған.
Одан бөлек аудандық бюджет есебінен 49,1 млн. теңгеге 52 шақырым каналдарға тазалау жұмыстары жүргізілді.
Одан бөлек, Келінтөбе магистралды каналының сағасына «Қазсушар» кәсіпорны Қызылорда филиалы арқылы Сырдария өзенінен су сорғы станциясын орнату мақсатында жұмыстар жүргізілуде.
Сондай-ақ, су жетіспеушілігі байқалған су қашыртқыларынан қайта су айдау процестері үшін ауданда 37 дана су насос қондырғылары бар.
Мал шаруашылығы туралы
2026 жылдың қаңтар-тамыз айларында өндірілген мал өнімдерінің көлемі ет (тірі салмақ) 5 639,5 тн сауылған сиыр сүті 5 051,8 алынған тауық жұмыртқа 1 358,1 мың дана өндірілді. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда ет 103,0 сүт 102,7, жұмыртқа 102,0 пайызға орындалды.
2026 жылдың қаңтар-тамыз айындағы статистикалық мәлімет бойынша 77 788 бас мүйізді ірі қара (өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 103,1 пайызды құрап отыр) 274 889 бас қой (94 пайыз), 8 866 ешкі (9 073 бас) (94 пайыз), 28 995 бас жылқы (100,6 пайыз), 2 176 бас түйе (100,0 пайыз), 18 491 бас құс (100,0 пайыз).