«Жаңақорған ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ-нің 2026 жылдың 9-айында атқарылған жұмыстары жайлы МӘЛІМЕТ

  1. Аудан көлеміндегі автомобиль жолдары

Жаңақорған ауданы аумағында автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 432,5 шақырымды құрайды. Оның:

98,5 шақырымы Республикалық маңыздағы;

158 шақырымы облыстық маңыздағы;

176 шақырымы аудандық маңыздағы автомобиль жолдары санатында.

Сонымен қатар, 2 кент және 24 ауылдық округтің 526 көшесі 636,5 шақырымды құрайды (636,5 шақырымның 425,65 шақырымы асфальт, 193,79 шақырымы қиыршық тасты, 17,06 шақырымы топырақ қабатты).

Аудандық маңыздағы автомобиль жолдарының 2026 жылдың 9 айының қорытындысымен жақсы және қанағаттанарлық жағдайы 96,4 %-ды құраса елді мекен көшелерінің жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 66,5 % болды.

2026 жылы Жаңақорған ауданы бойынша көшелеріндегі жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарына жергілікті бюджеттен 66 442,0 мың теңге қаржы қаралып, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Оның ішінде, аудандық маңыздағы автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу және күтіп ұстау – 43 188 мың теңге қаржы бөлініп, 2026 жылдың қаңтар-ақпан айларында қысқы күтіп ұстау жұмыстарына «Жанкент» ЖШС-мен 3500,0 мың теңгеге келісім шарт жасалып, қаржысы толық игерілді.

Сонымен қатар, аудандық маңыздағы автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу және күтіп ұстау жұмыстарына 36 871,0 мың теңгеге мемлекеттік сатып алу жүргізіліп, нәтижесінде «Аңсар строй» ЖШС-гі жеңімпаз болып танылып,    30 550,0 мың теңгеге келісім шарт жасалып, тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Жаңақорған кентіндегі жол белгілері мен жасанды жол кедергілерін ағымдағы жөндеу және күтіп ұстау жұмыстарына – 7,8 млн теңге қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу нәтижесінде «Ахметова» ЖК-мен 5075,0 млн теңгеге келісім шарт жасалып,  2026 жылдың 9 айында 169 дана жол белгісі жөндеуден өтсе, 276 дана жол белгілері жаңадан қойылып, 5 көше бойына жасанды жол кедергісі орнатылып, күтіп ұстау жұмыстары жүргізіліп келеді.

Жаңақорған кентіндегі 10 көшенің қиылысында бағдаршам орнатылған және 2350 дана жол белгісі мен 27 көше бойында жасанды жол кедергілері қойылған.

Кент көшелерінде жол үсті таңбаларын жол үсті таңбаларын жаяу жүргіншілер өткелдері мен жаңарту жұмыстарына – 12,4 млн теңге қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу нәтижесінде «ДОСТАР» ЖК-мен келісім шарт жасалып, кент орталығындағы көшелерге көктемгі (сәуір және маусым айларында) жол үсті таңбалары мен жаяу жүргінші жолақтарын жаңарту жұмыстары жүргізілді. Жаңақорған кентіндегі бағдаршамдарды ағымдағы жөндеу және күтіп ұстау жұмыстарына – 3 млн теңге қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу нәтижесінде «Ахметова Несибели Алмасбековна» ЖК-мен 1,5 млн теңгеге келісім шарт жасалып, бағдаршмадарды тазалау, сырлау күтіп ұстау жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жаңа оқу жылына дайындық аясында аудан бойынша білім беру ұйымдарының маңындағы жол инфрақұрылымына түгендеу түгендеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 2026 жылдың тамыз айының 25-27 күндері аралығында 38 жеке және мемлекеттік мектептің маңындағы жалпы көлемі 454 шаршы метр жаяу жүргіншілер жолағын қайта жаңартылып, ескірген 36 дана жол белгілері қайта жаңартылды.  

Сонымен қатар, аудандық маңыздағы 176 шақырым аудандық жолды күтіп ұстау мақсатында 30,5 млн. теңгеге шарт жасалған.

2026 жылғы көктем мезгілінде аудандық маңызы бар жолдың жүріс бөлігіндегі 1,1 мың шаршы метрден астам шұңқырлар жабылса, жол жиегіне 120 жол белгісі орнатылып, 89 шақырым жолдың жиегіндегі шөптер қырылды, 130 шақырым жолда таңбалау жұмыстары жүргізілді.        

  1. Газдандыру саласы бойынша

Ауданның  елді мекендер бойынша газдандыру көрсеткіші (35 елді мекеннің 8-і газдандырылған) 22,8 пайызды, халық саны бойынша 54 пайызды құрады.

Жаңақорған кенті, Бірлік, Қыраш, Шалқия кенті, Құттықожа, Жайылма, Кейден, Төменарық газдандырылған. Аталған 8 елді мекенге жүргізілген газ желісінің жалпы ұзындығы 577 шақырымды құрайды.

«Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданының 5 елді мекеніне (Еңбек, Сунақата, Қожамберді, Сүттіқұдық, Екпінді) тартылатын жоғары қысымды газ құбырын салу» жұмысының жобасына ЖСҚ-сы әзірленіп, 2026 жылға қаржыландыруға 212,0 млн. теңгеге облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасына бюджеттік өтінімі жолданып, бүгінгі күнге республикалық бюджеттен 100,0 млн. теңге қаржысы бөлініп, мемлекеттік сатып алу нәтижесімен «Сырэнергогазстрой» ЖШС-мен келісім шарт жасалды. Аталған жоба осы жылдың сәуір айынан басталып, жоба бойынша қаралған
7,7 шақырым жоғары қысымды газ құбыры жүргізіліп, 5 дана ГРПШ орнату жұмыстары жүргізілді. Игерілген қаржысы 100 000,0 мың теңге.

Жобаның іске асырылуы 5 елді мекендегі 6251 тұрғынның газ отынының игілігін көруіне мүмкіндік береді.

  1. Электр энергетика саласы бойынша

Аудан аумағында 1469 шақырым электр тарату желісі жүргізілген. 2022 жылғы көрсеткіш бойынша электр тарату желілеріндегі тозу көрсеткіші 75 пайызды құрады.

Осыған байланысты, 2020-2025 жылдар аралығында электр тарату жүйесінің тозуын төмендеу мақсатында 22 жоба әзірленді.

2023-2026 жылдары 11 жобаның құрылыс жұмыстары аяқталып, нысандар пайдалануға берілсе, 4 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, құны 257 млн теңге болатын 1 жоба (Аққұм) бойынша 2026 жылға облыстық бюджеттен толық қаржы қаралып, құрылыс жұмыстары сәуір айында басталды. 2026 жылдың 4 қыркүйегінде нысанның құрылыс жұмыстары толық аяқталып, пайдалануға қабылданды.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде аудан аумағында жүргізілген электр тарату жүйесінің тозуы 75 пайыздан 37 пайызға түсті.

Бұған қоса, 1 жобаны (Түгіскен) іске асыру үшін облыстық бюджеттен 100 000,0 мың теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары басталуда.

  1. Ауыз сумен қамту бойынша

         Жаңақорған ауданында 35 елді мекен бар. Олардың барлығы(100%) орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған.

Жаңақорған ауданында суды жинау, өңдеу және бөлу бойынша қызметті көрсететін 2 кәсіпорын бар, оның екеуіде (100 %) мемлекеттік меншікте.

Халықты орталықтандырылған ауыз сумен қамту үлесі 100 пайызды құрайды.

         2024 жылы  «Қызылорда облысы,  Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кентіндегі «МАИ бекеті» шағын ауданында су тарату станциясы және қосылу тармағының құрылысы» нысанының жоба-сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынды.Жоба  құны - 1,1 млрд. теңге.

2025 жылы республикалық бюджеттен (Арнаулы мемлекеттік қор  қаражаты») 835,3 млн. теңге қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу нәтижесінде жеңімпаз болып танылған «Механизатор-К» ЖШС-мен 994,5 млн. теңгеге 26.09.2025 жылы келісім шарт жасалды. Құрылыс-монтаж жұмыстары 2025 жылдың 8 қазан күні басталды.

Жоба бойынша Жаңақорған кенті «МАИ бекеті», «Алтыкрант» мөлтек аудандарының тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік болады.

2026 жылдың 6 айында су тарату станциясын қоршау мен магистраль желісін салу (4089 м, құбыр диаметр 280х16,6 мм) жұмыстары толық аяқталды.
2 дана КТПН (10/04, кВ), 1 дана су мұнарасы (50 м3), 2-ші көтерме сорғы станциясына – 1 дана насос қондырғысы жеткізіліп орнатылып, сыйымдылығы 2400м3 болатын 2 дана резервуар құрылысының жұмыстары жүргізілді. Нысан 2026 жылдың 29 маусымында пайдалануға қабылданды.

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhanakorgan/documents/details/1078146?lang=kk