Жаңақорған ауданында 96 дене шынықтыру ұжымдары спорттың 26 түрімен жұмыс жасайды. Бұл ұжымдарда дене шынықтыру және спортпен 36258 адам спортпен тұрақты түрде шұғылданады. Бұл өз кезегінде 44,6% пайыздық көрсеткішті құрап отыр.
Статистикалық деректердің қорытындысы бойынша ауданда тұрғындарға қызмет көрсететін спорт ғимараттар саны 394 бірлікті құрап отыр. Оның ішінде; 1 стадион, 15 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 1 ипподром, 74 спорт зал, 2 теннистік корт, 52 жапсарлас спорттық бөлмелер, жазықтықтағы спорт құрылғылары саны 249 (226 баскетбол, волейбол, шағын футбол, стритбол және жасанды жамылғымен көмкерілген спорт алаңдары, 1 спорттық ядро, 22 үлкен футбол алаңдары)
Бұқаралық спортты дамытудың негізгі жолы – спорттық жарыстарды көптеп өткізу болса, ІІІ тоқсанын қорытындысымен саламатты өмір салтын насихаттау мақсатында 178 спорттық іс-шара өткізіліп, (оның ішінде: 63 ауыл-аймақтық, 92 аудандық, 17 облыстық, 6 республикалық) оған 10 320 спортшы қатыстырылды.
Жыл басынан бері аудан спортшылары спорт түрлері бойынша Әлем чемпионатынан 2 алтын жүлдені иеленсе, жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында 4 алтын, 7 күміс, 6 қола жүлдегер атанып, Әлем кубогында 2 алтын, 1 күміс жүлдені иеленсе, ҚР чемпионаттарында 49 алтын, 26 күміс, 11 қола медальды иеленді. (57 алтын, 34 күміс, 17 қола медаль) барлығыны 108 медаль.
Сондай-ақ 38 аудан спортшылары ҚР ұлттық құрама командасының сапына енсе, 45 спортшымыз облыстық құрама сапында өнер көрсетуде, спорт түрлері бойынша 27 спортшы – Қазақстан Республикасының спорт шеберіне үміткер, 5 спортшы – І-ші разрядты спортшы нормативін орындады.
Ү.ж. 7-11 маусым күндері Қызылорда қаласында өткен жергілікті атқарушы органдар арасындағы облыстық спартакиадада Жаңақорған ауданының құрама командасы – ІІІ орынды иеленді.
Сонымен қатар, 12-14 маусым күндері Қызылорда қаласында өткен мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасындағы облыстық спартакиадада Жаңақорған ауданының құрама командасы жалпы есепте – І орынды жеңіп алды.
Туризм саласы бойынша 31 субьекті тіркелген.
5 шипажай, 2 балалар лагері, 8 қонақ үй, 9 тарихи туристік нысандар және 7 жол бойы қызмет көрсету кешендері бар.
2025 жылдың наурыз айынан бастап «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі бойынан (В санаты 1997км.) «ЕСС» ЖШС Т. Ашимовтың тағы бір жол бойы қызмет көрсету кешені бой көтерді. Жоба құны 1 млрд теңге. Жобада жанар-жағар май бекеті, қонақ үй, қоғамдық тамақтану орны, көлік жуу, СТО, монша қарастырылған. Жоба 2025 жылдың 5 – желтоқсан күні ашылып халыққа пайдалануға берілді. Нысан 65 - адамды жұмыс орнымен қамтылады деп күтілуде.
«Батыс Қытай – Батыс Еуропа» көлік дәлізі бойында салынған жол бойы сервистік қызмет көрсету нысандарын дамыту тұрақты түрде жалғасуда. Нақты атап айтқанда: «Аружан» жол бойы қызмет көрсету кешенінде Ұлттық стандартқа сай жылы дәретхана құрылысы (СГТ) жүргізілуде.
Бүгінгі таңда жол бойы қызмет көрсету кешендерінің сапалы қызмет көрсетілуі, ыңғайлылығы, тазалығы, оның ішінде дәретханалары, олардың күтіп-бапталуы, терминалдар мен интернет желілерінің орнатылуы арнайы бақылауда