Целиноград ауданы Қоянды ауылы әкімін сайлау бойынша сайлау округінің шекаралары мен аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері және құрамы туралы ХАБАРЛАМА

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 13-бабының 4-тармағына, 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына және Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 29 шілдедегі № 25/2 «Целиноград ауданы Қоянды ауылы әкімін сайлау жөніндегі сайлау округін құру туралы» қаулысына сәйкес Қоянды ауылы әкімін сайлау жөніндегі сайлау округінің құрылғанын, сондай-ақ Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері мен құрамын хабарлаймыз.

 

Целиноград ауданы Қоянды ауылы әкімін сайлау бойынша сайлау округінің шекаралары

 

Целиноград ауданы Қоянды ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша сайлау округі – Қоянды сайлау округі Қоянды ауылының шекарасында.

 

Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

Орналасқан жері: Ақмол ауылы, 019 есептік орам, тел. 8-71651-30-006

Төрағасы – Айтқожина Әсел Алпамысқызы;

Төрағасының орынбасары –  Аманжолова Жайнагуль Сергеевна;

Хатшы –  Рақымбек Аятолла Жұмақанұлы;

Комиссия мүшелері – Әлімбаев Қайрат Әділханұлы, Толкынбек Диана Нурлановна, Жұмабай Гүлжан Аймағамбетқызы, Шарипов Нариман Ғалымұлы.

 

 

                                                                                                Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/documents/details/1053232?lang=kk