2026 жылдың 8 айында 73 176 аудан халқына 244 орынға арналған тәуліктік орталық аурухана, 2 ауылдық аурухана (15 төсек, Төменарық АА 10 төсек, Қандөз АА 5 төсек), 1 аудандық емхана, 17 дәрігерлік амбулатория, 8 фельдшерлік-акушерлік бекет, 10 медициналық бекет, 1 Қамқорлық балаларды оңалту орталығы, 49 жалпы тәжірибелі дәрігерлік аймақ қызмет көрсетті. 1 жалпы тәжірибелі дәрігердің жүктемесі орташа есеппен алғанда 1493 болып отыр.
Кадрлық қызмет:
Ұйымда 163 жоғары білімді дәрігер жұмыс жасайды, дәрігермен қамтылу деңгейі 10 мың тұрғынға шаққанда 22.3, дәрігерлердің 107-нің немесе 65.6%-нің біліктілік санаттары бар. Орта буынды мамандар – 903, олардың 551-і немесе 61.0%-нің біліктілік санаты бар.
Материалдық-техникалық базаны нығайту: медициналық қызмет сапасын арттыру мақсатында 2026 жылы республикалық бюджет есебінен 1 МРТ, 1 Флюрографиялық цифрлық рентген аппараты, 1 ЛОР комбайн, 1 Эксперт классты УЗИ аппараты алынады.
Аудандық орталық аурухананың жылу жүйесінің тозығы жеткен трубаларын толық ауыстырылып қыс маусымына дайын болуда.
Орталық аурухананың жандандыру бөліміне кислородты баллондары орталықтандырылып іске қосылды.
2026 жылы Бірлік, Қыраш, Құттықожа, Кейден елді-мекендердегі медициналық ұйымдарға газ құбыры жүргізіліп іске қосылады. Алдағы уақытта газ құбыры кірген елді-мекендердегі медициналық бекеттерге сметалық құжаттама дайындалып облыстық денсаулық сақтау басқармасына ұсыныс берілетін болады.
Аудандық денсаулық сақтау саласы бойынша елді-мекендердегі Келінтөбе, Қожакент, Шалхия, Жайылма дәрігерлік амбулаториялардың тозығы жетіп жаңадан ғимарат салуға Облыстық денсаулық сақтау басқармасына ұсыныс берілген болатын.
Аудан бойынша «Ауруларды басқару бағдарламасына» (ПУЗ) 3 нозология бойынша (артериалдық гипертензия, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, қант диабеті) диспансерлік есептегі 7184 науқастың 1108-і немесе 14.2%-ы енгізілді (жоспар 15%). Атап айтқанда, артериалды гипертензия бойынша диспансерлік бақылаудағы 5443 науқастың 846 яғни 15.5%-ы, созылмалы жүрек жеткіліксіздігінен диспансерлік есептегі 382 науқастың 60 немесе 15.7%-і, сондай- ақ қант диабеті диагнозы бойынша диспансерлік бақылаудағы 1359 науқастың 202 немесе 14.9%-ы бағдарламаға енгізілген. Бағдарламаға енгізілген науқастар әр 3 ай сайын кезеңдік тексерілуден, оның ішінде зертханалық тексерулерден өткізіліп, анықталған сапалық көрсеткіштерінің нәтижесіне қарай ем тағайындалып, сырқаты асқынуының алдын алу мақсатында жұмыстар жүргізілді.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39/НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі №129/НҚ бұйрығы негізінде аудандағы емдеу және алдын алу ұйымдары бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны - 12, оның ішінде емхана деңгейінде - 11, аурухана деңгейінде - 1. Атап айтқанда, емхана деңгейінде «Дәрігерді үйге шақыру», «Дәрігердің қабылдауына жазылу» және «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттары тiкелей жүгіну арқылы және www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілуде. Есептік кезеңде жалпы 210633 мемлекеттік қызмет көрсетілді (2025ж. 8 ай 211184). Оның ішінде «электронды үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілгені – 47406/22.5% (2025ж. 8 ай 43990/20.8%). Нақтырақ айтқанда, «Дәрігерді үйге шақыру» қызметі жалпы - 8354 (2025ж. 8 ай 8873), «Дәрігердің қабылдауына жазылу» жалпы - 1841 (2025ж. 8 ай 1965) және «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу» қызметі бойынша жалпы - 1566 тұрғын тіркелді (2025ж. 8 ай 3541).
2026 жылдың 8 айында аудан бойынша барлық дәрігерлік қабылдау - 371890, яғни 1 тұрғынға шаққанда 5.0 көрсеткішті құраса, 2025 жылдың 8 айында бұл көрсеткіш – 348585 немесе 4.7 құраған. Оның ішінде 90.7% емханаға келіп қабылдауда болса (2025ж. 8 ай 89.6%), 9.3% үйден қаралғандардың үлесінде (2025ж. 8 ай 10.4%).
Ауданда тіркелген жалпы сырқатшылдық - 40000, 1000 тұрғынға шаққандағы көрсеткіш 546.6‰ (2025ж. 8 ай 42118/566.7‰) болса, аурушаңдық - 23792/325.1‰ (2025ж. 8 ай 25928/348.8‰). 2025 жылдың 8 айымен салыстырғанда сырқатшылдық 20.1‰ көрсеткішке, аурушаңдық 23.7‰ көрсеткішке төмендеген.
Демографиялық көрсеткіш: 2026 жылдың 8 айында аудан бойынша 908 бала дүниеге келіп, туу көрсеткіші 12.4‰ (2025ж. 8 ай 1035/13.9), табиғи өсім көрсеткіші 9.2‰ (2025ж. 8 ай 10.5‰) құраса, 2025 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда туу көрсеткіші 1.4‰, табиғи өсім 1.3‰ төмендеген.
2026 жылдың 8 айында аудан бойынша 238 өлім жағдайы тіркеліп, көрсеткіші 3.2‰ (2025ж. 8 ай 245/3.3‰) және 2025 жылмен салыстырғанда өлім-жітім 0.1‰ төмендеген.
Жалпы қайтыс болғандардың ішінде еңбекке қабілетті жастағылары 70-29.4% құраса, 2025 жылдың 8 айында 59-24.0%, яғни алдыңғы жылмен салыстырғанда 5.4% жоғарылаған.
2026 жылдың 8 айында жалпы қайтыс болғандардың ішінде үйде қайтыс болғаны 157 немесе 66.0% (2025ж. 8 ай 172-70.2%) құрады, 2025 жылдың 8 айымен салыстырғанда 4.2 көрсеткішке төмендеген. Үйде қайтыс болғандардың ішінде жұмысқа қабілетті жастағылары 32-20.4% (2025ж. 8 ай 28-16.3%), 2025 жылдың 8 айымен салыстырғанда 4.1% жоғарылаған.
Қайтыс болғандардың нозология бойынша талдануы:
І-ші орында жүрек қан-тамыр аурулары болып тұр. 2026 жылдың 8 айында жүрек қан-тамыр жүйесі ауруларынан 47/64.2‰ (2025ж. 8 ай 45/60.5‰), 2025 жылдың 8 айымен салыстырғанда 3.7‰ көрсеткішке жоғарылаған, олардың еңбекке жарамдысы 14 (2025ж. 8 ай 18), үйде қайтыс болғаны 19 (2025ж. 8 ай 15), ауруханада 28 (2025ж. 8 ай 30);
ІІ-ші орында симптом және ауытқулар себебінен қайтыс болғандар. Яғни 2026 жылдың 8 айында 43 адам қайтыс болып, көрсеткіш 58.7‰ құрады (2025ж. 8 ай 49/65.9‰), 2025 жылдың 8 айымен салыстырғанда 6 жағдайға немесе 7.2‰ көрсеткішке төмендеген.
ІІІ-ші орында жүйке жүйесі ауруларынан қайтыс болғандар 35/47.8‰ (2025ж. 8 ай 34/45.7‰), 2025 жылдың 8 айымен салыстырғанда 1 жағдайға, яғни 2.1‰ көрсеткішке жоғарылаған, олардың еңбекке жарамдысы 10 (2025ж. 8 ай 5), үйде қайтыс болғаны 28 (2025ж. 8 ай 33).
Мүгедектер бойынша атқарылған жұмыстар: 2026 жылдың 8 айында аудан бойынша жалпы мүгедектікпен есепте тұратындар - 2908 (2025ж. 8 ай 2820), 2025 жылдың 8 айымен салыстырғанда 88 жағдайға көбейген. Есепте тұратындардың еңбекке жарамды жастағылары - 1401/48.2% (2025ж. 8 ай 1387/%). Ересектерден мүгедектікке алғаш рет шыққандар - 104 (2025ж. 8 ай 90), 2024 жылдың 12 айымен салыстырғанда 6 жағдайға азайған. Аталған 104 азаматтың І топтағысы - 30, ІІ топтағысы - 39, ІІІ топтағысы - 34.
Мүгедектікке шыққандардың нозология бойынша талдануы:
1) Қан айналым жүйесі аурулары бойынша 35, яғни 33.6%;
2) Көз ауруларынан мүгедектікке шыққандар 16/15.4%;
3) Қатерлі ісік аурулары бойынша 15/14.4%;
Балалардан алғаш мүгедектіктен өткені - 49 (2025ж. 8 ай 44), алғашқы рет мүгедектіктен өткендер ішінде І-ші орында туа бітті ақаулар – 15, І-ші орында жүйке жүйесі аурулары – 11, ІІІ-ші орында психикалық ауытқулар - 9,
Мүгедектікке шыққан науқастардың барлығымен жұмыстар жүргізіліп, қажеттілігіне қарай республикалық, облыстық және аудандық емдеу-сауықтыру мекемелерінде тиісті көмектер көрсетілді.
«Ана мен бала денсаулығын қорғау саласы бойынша
Аудан бойынша әйелдер саны – 35272, оның ішінде ұрпақты болу жасындағылары - 14008/39.7%, сондай-ақ жүктілікпен есепке алынған әйелдер – 955 (2025ж. 1043), оның 12 аптаға дейін есепке тұрғандары - 921/96.4% (2025ж. 955/91.5%), 12 аптаға дейін терапевтпен қаралғандары – 782/87.4% (2025ж. 888/88.8%).
2026 жылдың 8 айында аудан бойынша - 894 босану болды, (2025ж. 8 ай 1020). Сонымен қатар 49/5.4% әйел облыс көлемінен тыс жерде (2025ж. 58/5.6), оның барлығы Түркістан облысында босанды. Аудан орталығынан шалғай орналасқандықтан Қандөз, Қаратөбе, Келінтөбе, Бесарық елді-мекендерінен жүкті әйелдер Түркістан облысына барып босануда. Бұл бойынша жүкті әйелдермен және олардың жанұясымен түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Үй жағдайында босану - 4/0.4% (2025ж. 4/0.3%).
2026 жылдың 8 айында мерзімінен бұрын босану - 47/5.2% (2025ж. 8 ай 43/4.2%), 2025 жылдың 8 айымен салыстырғанда 4 жағдайға көбейген.
Жүктіліктің асқынуы бойынша преэклампсияның ауыр дәрежесімен 30/3.3% (2025ж. 8 ай 21/2.3%), 2025 жылдың 8 айымен салыстырғанда 9 жағдайға көбейген.
Жүктілікке абсолютті қарсы көрсеткіші бар әйелдер саны - 166, контрацепциямен қамтылғаны - 162 немесе 97.6%, жүктілікпен тіркелгендері жоқ (2025ж. 8 ай 143-141/98.6%).
Есептік кезеңде 0-1 жас аралығында ауданда 6 нәресте шетінеп, тірі туылған 908 балаға шаққандағы көрсеткіш 6.6‰ құрады (2025ж. шетінеген бала саны 8, тірі туылған бала саны 1035, көрсеткіш 7.7‰). 2025 жылдың 8 айымен салыстырғанда сәби өлімі 1.1‰ көрсеткішке төмендеген.
Аудан балаларына стационарда 18 төсек орындық балалар бөлімшесі, 2 неврологиялық төсегімен, оңалту бөлімшесі , жұқпалы аурулар бөлімшесі және 250 орындық емхана қызмет көрсетеді.
2026 жылдың 8 айлық қорытындысымен дәрігердің қабылдауына келгендер саны - 71525, оның 29634 науқастанып келген, ал 26593 профилактикалық тексеруден өткендер болса, 2025 жылдың 8 айлық қорытындысымен дәрігердің жалпы қабылдауына келгендер саны – 72333 құрап, 808 келушіге кемігені байқалады. Оның профилактикалық тексеруден өткендері - 32323-ді құрап, биылғы жылмен салыстырғанда - 5730-ға кемігенін аңғаруға болады.
- жас аралығындағы аурушаңдық
Жалпы ауру саны -12052 көрсеткіш -372,6 (2025ж -13362-403,9)
- орында тыныс алу жүйесі аурулары -3945-121,9 ( 2025ж- 4039-122,0)
- орында қан және қан түзілу жүйесі аурулары -1914-59,2 (2025ж -1716-51,8)
- орында ас-қорыту жүйесі аурулары -1670-51,6 (2025ж -1956-59,1)
0-14 жас аралығындағы аурушаңдық
Жалпы ауру саны -10408 көрсеткіш -378,8 (2025ж -11609-409,1)
- орында тыныс алу жүйесі аурулары -3646-132,7 ( 2025ж-3681-129,7)
- орында қан және қан түзілу жүйесі аурулары -1670-60,7 (2025ж -1533-54,0)
- орында ас-қорыту жүйесі аурулары -1401-50,9 (2025ж -1612-56,8)
- жас аралығындағы аурушаңдық
Барлық аурушаңдық саны - 947-708,8 (2025ж - 1172-746,9) Былтырғы жылмен салыстырғанда- 225 балаға кеміген .
- орында жүйке жүйесі аурулары -362-270,9 (2025ж -355-226,2)
- орында тыныс алу жүйесі аурулары-260-194,6 (2025ж -384-244,7)
- орында туа бітті даму ақаулары -121-9,6 (2025ж -86-54,8)
Жүйке жүйесі ауруларының былтырғы жылмен салыстырғанда -7 балаға, ал туа бітті даму ақауы бар балалар былтырғы жылмен салыстырғанда – 35 жағдайға жоғарылағаны байқалады.
0-14 жас аралығындағы балаларға скрининг жұмыстарын жүргізу және диспансерлік есепке алынатын балалардың сауықтыруы Мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балаларды, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының білім алушыларын қоса алғанда, халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді жүргізу қағидаларын, көлемі мен мерзімділігін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-264/2020 бұйрығы және Созылмалы аурулары бар адамдарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру, байқаудың мерзімділігі мен мерзімдерін, диагностикалық зерттеулердің міндетті минимумы мен еселігі қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қазандағы № ҚР ДСМ-149/2020 бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.
Барлық профилактикалық тексеріске 2025 жылда жоспарланған бала саны– 31478 болса, 2026 жылда - 30703 бала жоспарланып - 26394 бала қамтылып 86 % құрады. (2025ж 22966 -73%)
Анықталған сырқат бойынша талдасақ:
Былтырғы жылмен салыстырған профилактикалық байқаумен қамтылу жоғарылап, аурудың анықталуы артқанымен денсаулық топтарында қарама қайшылық байқалады.
Аурушаңдық анықталған баланың 6144 – 62,8%-ы сауықтырылды. Профилактикалық байқау қорытындысы бойынша 1 денсаулық тобының үлес саны 63% құраған, алайда қазіргі таңда гаджеттер, экология және дұрыс тамақтанбауды ескерсек мүлдем мінсіз сау балалардың үлесі осы деңгейден төмен болу керек.
2 денсаулық тобының 50-55% (Функционалдық ауытқулары бар) құрау керек болса 8 ай қорытындысымен 34,3 % құрады. 3 денсаулық тобы (Созылмалы аурулары бар балалар) 25% – 30% құрау керек болса 8 ай қорытындысымен 2,2% құрады.
Аудандық емханада Баланы дамыту бөлмесі, ресурсты бөлме, аудиологиялық кабина жұмыс жасайды. Мейіргерлері оқытылған.
Баланы дамыту кабинеті
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 15 наурыздағы № ҚР ДСМ-25 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2025 жылғы 21 ақпандағы № 11 Қазақстан Республикасында педиатриялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты бойынша «Баланы дамыту бөлмесі» керекті құрал-жабдықтармен, стендтермен, анаға керекті кеңес нұсқаулықтармен қамтылған. Аймақтық дәрігерлер мен медбикелер «Балалық шағындағы ауруларды ықпалдастыра емдеу» (БШАЫЕ) бағдарламасы, «Дені сау бала», «Ауру бала», «Қалта анықтамасы» циклдары бойынша Қызылорда медициналық жоғары колледжі базасында білімдерін жетілдіру жоспар бойынша жүргізілуде. Қазіргі таңда «Баланы дамыту бөлмесі» кабинетінде орталықта - 1,елді-мекендерде - 5 медбике жұмыс атқаруда.
Баланы дамыту бөлмесіне 8 айда 3 жасқа дейінгі 3191 бала өтті. Жүкті әйелдер саны - 196. Мейірбике баланың анасына баланың күтімі (шомылдыру, ойнату, тамақтандыру) кеңестерін беріп және баланың физико-психикалық дамуын бағалап, патронаждық мейірбикемен бірге жұмыс жасайды. Даму және ерте араласу орталығының педиатр маманымен бірлесе «Баланы ана сүтімен қоректендіру. Ана омырауында нәрестенің дұрыс орналасуы. Нәрестені анасының омырауына дұрыс салу. Ана сүтімен сәтті емізудің он қадамы» бойынша семинар сабақ ұйымдастырылды.
Семинарға жалпы тәжірибелік дәрігерлер, патронаждық мейіргерлер, акушерлер, аймақ мейіргерлері кесте бойынша қамтылды.
Ресурс орталығына қосымша тамақтандыру бойынша 3 жасқа дейінгі келген бала саны -1926 - 1227-63,9%.
Аутизмді ерте анықтау мақсатында M-CHAT-R тест жүргізілуде. 3513 -1534 -43,6% бала өткен, күмәнді - 9, оның тексерілгені - 8, 1 – тексерілуде, нақтыланғаны - 0.
Психофизикалық дамуын бағалаудан жоспарланған 8447 баланың 5232 - 56,70% өткізілді, дамуының тежелуімен 397 бала анықталған. ПМПК жолданғаны бала саны - 175 - 44%. Аймақтық дәрігерлері жұмыс жасауда.
Емханада Отоакустикалық эмиссия және қысқа кідірістегі есту потенциалдарын (КСВП) тіркеу аудиологиялық құрылғысымен оқытылған мейірбике жұмыс жасайды. 2026 жылдың 8 қорытындысы бойынша 3 ай - 6 жас аралығындағы 8787-4279 - 50% бала скринингпен қамтамасыз етілді. Ауытқу 6 балада анықталып, тексерілуге жолданды, диагноз нақтыланғаны - 2. ПМПК жолданғаны - 1. перзентхана бөлімінде ОАЭ тексеріспен тірі туылған 764 нәрестенің - 749-98% қамтылған. Ауытқу анықталғаны - 1. Тексерілуге жолданған. Диагноз нақтыланбаған.
Ауданда патронаждық қызметтің әмбебап-прогрессивтік моделі бойынша қазіргі таңда 50 аймақ жұмыс жасауда.
50 аймаққа 2 аға патронаждық мейірбике тағайындалған. Супервизия бас дәрігердің орынбасары, бөлім меңгерушілері, аға патронаждық мейірбике тарапынан үнемі жүргізілуде. 2026 жылы республикалық мамандар тарапынан облыстық денсаулық сақтау басқармасы тарапынан мониторинг пен супервизия жасалмады.
2026 жылдың 8 айында тек қана ана сүтімен қоректенетін балалар саны – 1336 нәрестенің- 1221-91,3 пайызды құрайды.
2026 жылдың 8 айында 0 мен 3 жас арасындағы баланың саны - 6625, универсальды пакетпен - 5601, прогрессивті пакетпен қамтылған - 3268. Анықталған қауіп-қатер саны – 3268, оның оның ішінде шешілгені: 2078-63,5 пайыз, емшек сүтімен қоректендіру-295, шешілгені-225-76,2% қосымша тамақтандыруды уақтылы енгізу -312 , шешілгені -291-93,2 %, ана мен баланың тығыз қатынасты болуы -5-5-100,0%, тәрбиелеу: сүю, ойнау, оқу-531-417-78,5 ,бала тәрбиелеуге әкелердің қатысуы -217-159-73,2%, қауіпсіз орта -619-412-66,5%, балалар мұқтаждығ - 5-0-00,0%, табылған аурулары- 328-227-69,2%, тіл дамуының кемістігі -518-201-38,8%, ірі және ұсақ моториканың дамуының тежелуі-41-23 -56,0%, аз салмақ -67-39-58,2%, бойдың өсуінің тежелуі- 21-5-23,8%, артық салмақ -98-44-44,8%, әлеуметтік қауіп 35-0-00,0%.
2026 жылдың 8 айында 1503 жүкті әйел универсальды пакетпен, оның ішінде 640-і қауіп-қатер тобына алынып, прогрессивті пакетпен қамтылған.
Жүкті әйелдердегі анықталған қауіп қатерлер -640-414-64,6%, оның ішінде тамақтану бойынша - 217-181-83,4%, медициналық қауіптер -423-233-55,0%, зиянды әдеттер -0, әлеуметтік қауіп-қатер -5-0, жүкті әйелдердегі босанғанға дейінгі анықталған депрессия 0-0 . Психологтар мен әлеуметтік қызметкерлер бірлесіп жұмыс жасалуда.
Патронаждық мейірбикелер, жалпы тәжірибелік дәрігерлер, әлеуметтік қызметкерлер, психологтар үнемі білімдерін жетілдіруде.
Қазақстан Республикасында педиатриялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 15 наурыздағы № ҚР ДСМ №25 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2025 жылғы 21 ақпандағы №11 бұйрығының 2 тарауының 16 тармағын орындау мақсатында Даму және ерте араласу орталығы 2025 жылдың қараша айынан жұмыс жасауда. Мультипәнді топ құрамы бекітілген.
Даму және ерте араласу орталығы емхананың 2 қабатында орналасқан (Баланы дамыту бөлмесі, ресурсты бөлме, аудиологиялық кабинет, екпе бөлмесі ). Келуші балаларға арналған кішігірім ойын алаңы жасақталған.
Бөлмелердің тапшы болуына байланысты педиатр, психолог, логопед, патронаждық мейіргерлер бөлмелері 3 қабатта орналасқан.
2026 жылдың 8 айында Даму және ерте араласу орталығы бойынша
- Ерте араласу бөлімі педиатрымен қаралған балалар саны-186, 180 бала-невропатолог, психолог кеңесін алғандар
- Қамқорлық оңалту орталығынан күндізгі ем алған балалар саны -35
- Логопедпен жұмыс жасаған балалар саны-25
- Стационарлы ем алған балалар саны-10
Аудан бойынша 2026 жылдың 8 айында шала туылған -52 бала бар. Облыстық көпбейінді балалар ауруханасы базасындағы катамнестикалық кабинеттен өткен бала -27. Шала туылған балалардағы анықталған аурулар саны- 38, оның ішінде бас ми зақымдалуымен -16, тыныс алу жүйесі бойынша-15, туа бітті жүрек ақауымен – 6, көз ауруымен -1, аномалиямен туылған бала-0. Әр шала туылған балаға 2-3 аурудан келеді .Таза емшек сүтімен қоректенетін шала бала саны -12, аралас тамақтанатыны -6, жасанды тамақтандырудағы бала-5.
Аудан көлемінде профилактикалық егу шараларының 2026 жылдың 8-айына орындалуы жайлы
Ауданда 2026 жылдың 8- айында аудандық аурухананың перзентхана бөлімінде -764 бала тірі туылды, оның ішінде тірі туылып өлгені -1,аурухананың перзентхана бөлімінде туберкулез ауруына қарсы БЦЖ -744 нәрестеге егілген,қамту пайызы 97,4 пайыз,егуден бас тартқандар -1 ,м/о-18- бала. ВГВ вакцинасымен егілгені -745 (97,5-пайыз), егуден бас тартқандар -1 , м/о-17 бала.
Мақсатты топтың 8-айда оптимальді егу деңгейі 63,2 – 66,4% пайыз аралығында болу тиіс болса, аудан бойынша бір жасқа дейінгі мақсатты топта бала саны 1336,оның 8- айдың орындалуын пайызға шаққанда:
2-жастағы мақсатты топта бала саны-1655, оның 8-айда қызылша, қызамық, эпидпаротитке қарсы егілгені 957/925 бала.
6-жастағы мақсатты топта бала саны-1931, оның 8- айда қызылша, қызамық, эпидпаротитке қарсы ККП вакцинасымен егу алғаны 1209/1208 -бала,пайызы төмендегідей:
8- айда 5567 -балаға Манту жоспарланып 5745-балаға орындалып 103,2 пайызды құрады.
Ауданда вирусты А гепатитіне қарсы 1-ші егу 8-айда жоспары 1043-бала, орындалғаны 1070/1061 -балаға егіліп 101,7 пайызды құрады.
Ауданда вирусты А гепатитіне қарсы 2-ші егу 8-айда жоспары 1046-бала, орындалғаны 1028/1013 -балаға егіліп 96.8 пайызды құрады.
АДС-М 16-жастағы 8-айда жоспары 1635, орындалғаны 772 ,қамтылуы 47.2 пайыз.
Адам папилломасы 11-жастағы егуге қарсы 1-турға 8-айда жоспары 527 , орындалғаны 261 ,қамтылуы 49.5 пайыз.
Адам папилломасы 11-жастағы егуге қарсы 2-турға 8-айда жоспары 403 , орындалғаны 200, қамтылуы 49.6 пайыз.
Адам папилломасы 12-жастағы егуге қарсы 1-турға 8-айда жоспары 196,орындалғаны 30,қамтылуы 15,3 пайыз.
Адам папилломасы 12-жастағы егуге қарсы 2-турға 8-айда жоспары 97,орындалғаны 48,қамтылуы 49.4 пайыз.
Адам папилломасы 13-жастағы егуге қарсы 1-турға 8-айда жоспары 222,орындалғаны 39,қамтылуы 17.5 пайыз.
Адам папилломасы 13-жастағы егуге қарсы 2-турға 8-айда жоспары 74,орындалғаны 24,қамтылуы 32.4 пайыз.
Екпемен қамтудың оптимальді деңгейіне қол жеткізу үшін уақытша медшегіністегі 209 баланың тізімі жасақталып , педиатрмен қаралып , 39 -19,8 % балаға екпе салынды. Алдағы уақытта уақытша медшегіністі азайту, екпе модуліне мәліметтердің дұрыс енгізілуі бойынша жұмыстар қатаң қадағаланып, жүргізілетін болады.
Мүгедектік туралы мәлімет
0-16 жас аралығындағы мүмкіндігі шектеулі балалар саны - 520 бала есепте тұрады. Алғашқы мүгедектікке шығу -51 бала (2025ж -38), нозологиясы бойынша психикалық ауытқумен -65-12,5%, туа бітті даму ақауларымен -164-31,5%, жүйке жүйесі аурулары -128-24,6%, оның ішінде ДЦП-77-60,0%, басқа жағдайлармен -135-26,0%. Алғашқы мүгедектікке шығу былтырғы жағдаймен салыстырғанда -13 жағдайға артқаны байқалады. Ұрықтың туа пайда болды ақауын ерте анықтау мақсатында "Скрининг ұйымдастыру бекіту туралы ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 9 қыркүйектегі № 704 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 25 тамыздағы № ҚР ДСМ-91 бұйрығының талаптарын қатаң орындауды қажет етеді.
ПМПК-ға жолданғаны - 15 (2025ж. - 4). Сауықтырылған бала-287 (2025ж-195) оның ішінде стационарлық ем - 148 бала (2025 ж-110) күндізгі емдеу бөлімінде- 57 бала (2025 ж-0) – жоғары мамандандырылған емдеу мекемелерінде- 27 бала (2025ж-33) санаторлық-курорттық -27 (2025ж-12), амбулаторлық ем- 28 (2025ж-40) бала алды.
Мүмкіндігі шектеулі балалар- 520 бала, оның ішінде-9 бала бала-бақшаға, мектепке-7, үйде-6, интернатта-2.
0-18 жас аралығындағы мүмкіндігі шектеулі балалар саны - 587 бала есепте тұрады, алғаш -52 бала есепке алынған, нозологиясы бойынша психикалық ауытқумен - 75-12,7%, туа бітті даму ақауларымен -175-29,8 %, жүйке жүйесі аурулары - 148-25,2%, оның ішінде ДЦП-90-15,3%, басқа жағдайлармен -160-27,2%.
Алғашқы мүгедектікке шығу 2026 жылы- 52 бала (2025ж-39) 2025 жылмен салыстырғанда 13 балаға өскен. Нозологиясы бойынша туа бітті даму ақаулары, психикалық ауытқулар, нерв жүйесі ауруларының оның ішінде ЦП өсімі байқалады. Туа біткен ауыр даму ақауларының алдын алу үшін ультрадыбыстық және биохимиялық скринингтермен 100% қамтуды, 1 жасқа дейінгі және мектеп жасына дейінгі балалар арасында аудионологиялық (есту) және психофизикалық даму скринингтерін сапалы жүргізуді жолға қою қажеттілігі туындайды.
Бронх демікпесімен - 101 бала есепте тұрса, оның 23-нің мүмкіндігі шектеулі. Оңалту шаралары 71 бала амбулаторлық, күндізгі емдеу бөлімінде -0 бала, ауруханада - 16 бала, жоғары мамандандырылған оңалту орталықтарында -14 бала ем алған.
Есту қабілеті төмен бала саны - 86, оның ішінде алғашқы рет есепке алынғаны - 3, мүмкіндігі шектеулісі - 24 оның ішінде ем алғаны - 3, ота жасалғаны -1 (кохлеарлы имплант қойылғаны -7 бала)
Демографиялық көрсеткіш
2026 жылдың 8 айлық қорытындысымен - 908 сәби туылған болса, салыстырмалы түрде 2025 жылдың 8 айында – 1035 сәби туылып, туу саны 127 сәбиге төмендеген.
2026 жылдың 8 айлық қорытындысы бойынша бала өлімі көрсеткіші
2026 жылдың айлық қорытындысы бойынша туу көрсеткіші 8,8 салыстырмалы 2025 жылдың 8 айлық қорытындысымен - 10,1 яғни туу көрсеткіші 1,3-ке төмендеген (2026ж - 646 нәресте, 2025 жылы – 757).
Үстіміздегі жылда 4 бала шетінеп, көрсеткіш - 6,2 ‰ құрады. 2025 жылдың 6 айында 3 нәресте шетінеп, көрсеткіш - 3,9 ‰ болған. Былтырғы жылмен салыстырмалы түрде абсолютті саны 1 жағдайға артқаны байқалады.
Аудандық перзентханада тірі туылған нәрестелер саны – 764 (2025ж- 909) оның ішінде шала туған бала-21-2,7% (2025ж-15-1,6%), тірі туылып шетінеген -1-0,1% (2025ж -0-0,0%), оның ішінде шала туылғаны -0-0,0% (2025ж-0-0,0%) Өлі туылған -7-9% (2025ж -7-7,4%) жағдайы орын алған. Антенатальді өлім-6-85,7% (2025ж-7-100,0%), интранатальді-1-0,1% ( 2025ж-0-0,0%)
Нәресте өлімін кезеңдері бойынша талдағанда:
- неонатальды өлім: 2 жағдай – 2,2‰ құрады (2025 ж. –2 – 1,9 ‰),
- оның ішінде, ерте неонатальды өлім: 1 жағдаймен – 1,1 ‰ құрады (2025ж. – 1– 0,9 ‰),
- кеш неонатальды өлім: -1 жағдаймен – 1,1‰ құрады (2025 ж. –1-0,9‰),
- постнеонатальды өлім: 2 жағдаймен –2,2 құрайды (2025 ж- 2 – 1,9 ‰),
1-5 жасқа дейінгі балалардың шетінеуі
2026 жылдың 8 айлық қорытындысымен 1-5 жас аралығында шетінеген – 2 бала-2,2‰ (2025 ж-5-4,8‰)
ҚР ДСМ 2020 жылғы 15 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-264/2020 бұйрығына сәйкес 0-17 жас аралығындағы балалар бойынша профилактикалық тексеруге 30703 бала жоспарланып, оның 26394 яғни 85.9% пайызы тексерумен қамтылды (2025ж. 8 ай 31478-22966/73.0%). Тексеру барысында анықталған науқас саны 9778/37.0% (2025ж. 8 ай 8426/36.7%), сауықтырылғаны 6144/62.8% (2025ж. 8 ай 5353/63.5%), анықталған аурулардан алғаш рет диспансерлік есепке алынғаны 365/3.7% (2025ж. 8 ай 443/5.3%).
Жаңақорған ауданы бойынша жіті миокард инфарктісі кезіндегі медициналық көмек көрсету негізінде жіті миокард инфарктісі бойынша 2026 жылдың 8 айында аудан көлемінде жедел коронарлық синдромымен барлығы - 26 (2025ж. 8 ай 37) науқас, 2025 жылдың 8 айымен салыстырғанда 11 жағдайға төмендеген, ST сегментінің биіктеуінсіз 15 (2025ж. 8 ай 20), ST сегментінің биіктеуімен 11 (2025ж. 8 ай 17), қайтыс болғандар жоқ. Жіті миокард инфарктісінен аурушаңдық 17 жағдай, көрсеткіші 23.2 (2025ж. 8 ай 19 жағдай, көрсеткіші 25.6),
Жедел коронарлы синдроммен тіркелген науқастардың барлығы облыстық медициналық орталыққа ауыстырылды. Жыл көлемінде тіркелген науқастар аймақтық дәрігер мен кардиологтың диспансерлік есебіне алынып, емдеу-сауықтыру шаралары жүргізілді. ХМЭКГ бойынша жоспарланған 510 орындалғаны 273/53.5% (2025ж. 8 ай 444-296/66.7%), тредмил тест бойынша 280 науқас жоспарланып, 142 науқас тексеруден өткізіліп, көрсеткіш 50.7% құрады (2025ж. 8 ай 280-188/67.1%).
«Жедел бас-ми қан айналымы бұзылуы» кезіндегі медициналық көмекті жақсарту бойынша 2026 жылдың 8 айында тіркелгендер саны 135 (2025ж. 8 ай 145), 2025 жылдың 8 айымен салыстырғанда 10 жағдайға азайған. Жалпы тіркелген ЖБМҚБ-ның ишемиялық түрімен - 104 (2025ж. 8 ай 113), геморрагиялық түрімен - 31 (2025ж. 8 ай 32), қайтыс болғандар саны - 18 (2025ж. 8 ай 21), барлығы ауруханада тіркелген. УЗДГ (ультразвуковая допплерография) бойынша жылдық жоспар - 180 тексеруден өткені 115/63.8% (2025ж. 216-132/61.1) өткізілді.
Онкологиялық ауруларды бақылау бойынша 2026 жылдың 8 айында 71/97.0‰ (2025ж. 8 ай 67/90.1‰) науқас тіркелді. Өткен жылы қатерлі ісік ауруынан қайтыс болғандар саны – 19/26.0‰ (2025ж. 8 ай 21/28.3‰), былтырғы жылмен салыстырғанда 2 жағдайға төмендеген. 2025 жылдың 8 айында 16/23.9% науқас ерте сатысында анықталған болса, 2026 жылдың 8 айында 24 науқас немесе 33.8% ерте сатысында анықталды, 2025 жылдың 8 айымен салыстырғанда 9.9% жоғарылаған. Кеш сатысында анықталған науқас 15/21.1% (2025ж. 8 ай 13/19.4%), 2025 жылдың 8 аймен салыстырғанда 1.7%-ға жоғарылаған. Осы уақытқа дейін есепке алынған жалпы 492 науқас бойынша 5 жылдық өмір сүру көрсеткіші 49.6% (2025ж. 8 ай 457/46.8%), 2025 жылдың 8 айымен салыстырғанда 2.8% көрсеткішке жоғарылаған.
Онкоскрининг қорытындысы бойынша:
1) Жатыр мойны қатерлі ісігі бойынша жоспар - 3185, орындалуы 3018/94.8%, анықталу көрсеткіші 331/11.0%, оның ішінде қатерлі ісік алды ауруы - 113/3.7%, ісік ауруы – 3/0.1, «Д» есепке алынуы - 331/100%. 2025ж. 8 ай жоспар - 3072, орындалғаны - 2354/76.6%, анықталған ауру - 227/9.6%.
2) Сүт безі қатерлі ісігі бойынша I - этапта (маммография) жоспар - 4633, орындалуы 4018/86.7%, анықталу көрсеткіші 682/17.0% (М2, М3, М4), оның ішінде қатерлі ісік алды ауру саны 89, ісік ауруы - 10.«Д» есепке алынуы 682/100%. 2025ж. 8 ай жоспар - 3691, орындалғаны 3095/83.9%, анықталғаны 843/27.2%.
3) Тоқ ішек және тік ішек қатерлі ісігі бойынша I – этапта (гем.тест) жоспар - 5961, орындалуы 4450/74.7%, анықталған ауру 16/0.4%, оның ішінде қатерлі ісік алды ауру саны 12, ісік ауруы – 4 құрады. 2025ж. 8 ай жоспар - 4074, орындалуы 3240/79.5%, анықталған ауру 7/0.2%, оның ішінде қатерлі ісік алды ауру саны 5, ісік ауруы - 2.
Қазақстан Республикасында акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы ҚРДСМ 2021 жылғы 26 тамыздағы № ҚР ДСМ-92 бұйрығы және ҚРДСМ 12.11.2021 жылғы №ҚР ДСМ-112 «Қазақстан Республикасының халқына онкологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес ерлерді қарау бөлмесінен барлығы 6117/96.9% (2025ж. 8 ай 9907/96.1%) тексеруден өткен, барлығы анықталған ауру - 959/12.6% (2025ж. 8 ай 1022/10.3%), оның ішінде ісік ауруы тіркелген жоқ (2025ж. 8 ай 0), қатерлі ісік алды ауру - 28/2.1% (2025ж. 8 ай 91/8.9%), басқа аурулар - 847/97.8% (2025ж. 8 ай 931/91.0%) анықталған.
Сондай-ақ әйелдерді көру бөлмелері арқылы 7965/94.6% әйел тексерілген (2025ж. 8 ай 12923/98.0%), оның ішінде цитология тапсырғаны 7805/88.6% (2025ж. 8 ай 8645/66.8), барлығы анықталған ауру - 3799/43.9% (2025ж. 8 ай 1022/10.3%), оның ішінде қатерлі ісік ауруы 11/0.2% (2025ж. 8 ай 1/0.02%), қатерлі ісік алды ауру саны - 1396/36.3% (2025ж. 8 ай 1060/26.3%), басқа аурулармен анықталғаны - 2491/63.4% (2025ж. 8 ай 2969/73.6%).
Сондай-ақ аудандық ауруханада қатерлі ісік ауруымен ауыратын науқастарға паллиативтік көмек көрсету мақсатында 4 төсек орны жұмыс жасауда (2024ж. 12 ай 10 төсек). 2026 жылдың 8 айында емделіп шыққан науқас саны - 56, төсек күні - 896, төсек жұмысы - 224.0, төсек айналымы - 14.3, орташа жату күні - 16.0, төсектің орындалу пайызы - 108.4%. 2025 жылдың 8 айында емделіп шыққан науқас саны - 61, төсек күні - 965, төсек жұмысы - 241.3, төсек айналымы - 15.3, орташа жату күні - 15.8, төсектің орындалу пайызы - 116.7%.
Суицидпен 2026 жылдың 8 айында 13 жағдай (2025ж. 8 ай 15/20.2‰) тіркеліп, 100 мың тұрғынға шаққанда 17.7‰, былтырғы жылмен салыстырғанда абсолютті саны 2 жағдайға төмендеген. Аяқталған жағдай 7 (2025ж. 8 ай 6), өткен жылмен салыстырғанда 1 жағдайға көбейген, оның ішінде жасөспірімдер - 1 (2025ж. 8 ай жасөспірімдер - 2), яғни көрсеткіш 20.5‰. Аяқталған 7 жағдайдың ішінде жұмыссыздар - 4/57.1%, жұмыс жасайтындары - 3/42.9% құрайды.
Туберкулезбен аурушаңдық бойынша: 2026 жылдың 8 айында 100 мың тұрғынға шаққанда аурушаңдық 17/23.2‰ (2025ж. 8 ай 22/29.6‰), 2025 жылдың 8 айымен салыстырғанда 5 жағдайға, яғни 6.4‰-ге төмендеген. Оның ішінде өкпелік туберкулез - 15/88.2% (2025ж. 8 ай 19/86.4%), өкпеден тыс туберкулез - 2/11.8% (2025ж. 8 ай 3/13.6%). 2025 жылдың 8 айында жаңа жағдаймен тіркелген 17 науқастың – 4/23.5% жұқпалы түрімен анықталды (2025ж. 8 ай жаңа жағдаймен тіркелген 22 науқастың – 3-і немесе 13.6% жұқпалы түрімен анықталды). Есептік кезеңде балалар арасынан туберкулездің 1 жаңа жағдайы тіркелді (2025ж. 8 ай тіркелмеді).
Туберкулездің анықталу жолдары бойынша жіктегенде, флюоропрофилактикалық тексеру кезінде анықталғаны - 7/41.2% (2025ж. 8 ай 13/59.1%), өздігінен қаралу кезінде анықталғандары - 8/47.0% (2025ж. 8 ай 9/40.9%). Өздігінен қаралған 8 науқастың бактериоскопиялық жолмен табылғаны жоқ (2025ж. 8 ай 0), клиникалық жолмен табылғаны - 1/12.5% (2025ж. 8 ай 1/11.1%), рентген тексеру арқылы табылғаны – 7/87.5% (2025ж. 8 ай 8/88.9%).
2026 жылдың 8 айында алғаш өкпе туберкулезімен анықталған - 15 науқастың 2/13.3% өкпе ойығымен (деструкция) тіркелсе, 2025 жылдың 8 айында 19 науқастың 6, яғни 31.6% өкпе ойығымен тіркелген.
Есептік кезеңде флюорографиялық тексеруге жоспарланған тұрғындар саны – 24777, орындалғаны – 24761/99.9%, анықталған науқас саны - 21, анықтау көрсеткіші – 0.08‰ (2026 жылдық жоспар 37727). 2025 жылдың 8 айында жоспарланған тұрғын саны 24652 орындалғаны 24648/99.9%, анықталған науқас - 28, көрсеткіш – 0.11‰ (2025 жылдық жоспар 37580).
«Скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ осы қарап-тексерулерді өткізудің қағидаларын, көлемі мен кезеңділігін бекіту туралы» ҚР ДСМ-нің м.а 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-174/2020 бұйрығы аясында халықтың нысаналы топтарын профилактикалық тексерулерді нозология бойынша талдағанда: қанайналым жүйесі бойынша жоспар - 6348 (2025ж. 6315), орындалғаны - 100% (2025ж. 8 ай 6288/99.6%), анықталған ауру - 248/3.5% (2025ж. 8 ай 238/3.8%), қант диабеті бойынша жоспар - 6348 (2025ж. 8 ай 7732), орындалғаны - 100% (2025ж. 8 ай 6288/81.3%), анықталған ауру - 32/0.5% (2025ж. 8 ай 31/0.5%), глаукома бойынша жоспар - 6348 (2025ж. 8 ай 8042), орындалғаны - 100% (2025ж. 8 ай 6288/78.2%), анықталған ауру - 7/0.1% (2025ж. 8 ай 94/1.5%). Скринингтік тексеру кезінде анықталған аурулар диспансерлік есепке алынып, емдеу-сауықтыру жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ шалғай орналасқан елді-мекен тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында жоспарланған - 34129 елді-мекен тұрғындарының жылжымалы медициналық кешен қызметі арқылы медициналық тексерумен қамтылғаны – 20610/60.4%, оның ішінде 6797 диагностикалық қызмет, 2302 зертханалық зерттеулер жүргізілді және бейінді мамандармен 22675 консультация беріліп, 1618 науқас анықталды, оның ішінде 437 науқас диспансерлік есепке алынды (жоспарланған елді-мекен 36688, медициналық тексерумен қамтылғаны – 22742/61.9%, диагностикалық қызмет 15284, зертханалық зерттеулер 4543, бейінді мамандармен консультациясы 20429, анықталған ауру 1813, диспансерлік есепке алынғаны 442).
«Қазақстан Республикасының белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы №ҚР ДСМ-75 бұйрығына сәйкес ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде 2026 жылдың 8 айында диспансерлік бақылаудағы науқастарға Бірыңғай фармацевтикалық ақпараттық жүйе (БФ АЖ) арқылы тапсырыс беріліп, 488 403 318,19 теңге көлеміндегі дәрілік заттар аудандық көп бейінді орталық аурухананың маман дәрігерлерімен «дәрілік заттармен қамтамасыздандыру» ақпараттық жүйесі (ИСЛО) арқылы 15 146 науқасқа 33500 рецепт жазылып, толық игерілді. Науқастар тиісті дәрілерін сыртқы дәріханаларға бармай-ақ орталықтандырылған жағдайда осы емханадан бір жерден алуда. Бұл өз кезегінде науқастардың уақытын үнемдеуіне септігін тигізіп отыр. Дәрілік заттар ЖШС СК Фармация арқылы тапсырысқа сәйкес жеткізіледі.
Аурухана бойынша: ҚР ДСМ 24.03.2022 жылғы №ҚР-ДСМ-27 «Қазақстан Республикасында стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес стационарлық көмек көрсету тәртібі белгіленген. Ауруханада барлық төсек саны – 259. Тұрғындардың төсек-орынмен қамтамасыз етілуі 10 мың тұрғынға шаққанда 35.4 (2025ж. 8 ай 32.7).
Түскен науқас саны - 7954 (2025ж. 8 айы - 7317), емделіп шыққан науқас саны - 7943 (2025ж. 8 айы - 7277), өткізілген төсек күні - 65509 (2025ж. 8 айы -57412), төсек жұмысы - 252.9 (2025ж. 8 айы - 226.0), төсек айналымы - 30.9 (2025ж. 8 айы - 28.8), орташа жату күні - 8.2 (2025ж. 8 айы - 7.9), төсектің орындалуы – 122.4 (2025ж. 8 айы - 109.4%), қайтыс болғаны - 50-0.6 (2025ж. 8 айы - 44-0.6).
Ауруханаға жатқызу жоспары: 2026 жылдың 8 айында науқасты жатқызу жоспары - 7000. Жатқызылған науқас саны - 7954, яғни 954 науқасқа артық жатқызылған.
Жатқызылу тәртібі: 2026 жылдың 8 айында емделіп шыққан науқастардың жоспарлы түрде түскені – 2446/31,0%, шұғыл түскені – 5547/69,0%. БМСКК жолдамасымен - 3968, аудандық емханадан - 630, жедел-жәрдем арқылы -1382, өздері келіп қаралғаны - 1975, тағы басқалары - 38.
Өлім көрсеткіші: 50-0,6% (2026ж. 8 ай 44-0,6%).
Өлім көрсеткішін бөлім бойынша: терапия бөлімі - 18, инсульт бөлімі - 15, хирургия бөлімі - 12, жұқпалы аурулар бөлімі - 3, паллиативтік көмек - 1, перзентхана - 1;
Аудандық орталық емхананың күндізгі стационар бөлімі 130 төсекке арналған. Күндізгі стационар бойынша жылдық жоспар - 3398, 2026 жылдың 8 айында ем алып шыққан науқас - 3472/102.1% (2025ж. 8 ай -5079/106.0%), 2024 жылмен салыстырған жоспар 2.5% жоғарылаған.