Сегізінші шақырылған Жақсы
аудандық мәслихатының кезектен
тыс алпыс төртінші сессиясының
күн тәртібін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Сегізінші шақырылған Жақсы аудандық мәслихатының кезектен тыс алпыс төртінші сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:
-
«Жақсы ауданының Құрметті азаматы» атағын беру туралы.
-
Жақсы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 8С-51-1 «2026 - 2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
-
Жақсы ауданы әкімдігінің жанындағы Заң мен Тәртіп конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамын бекіту туралы.
Жақсы аудандық
мәслихатының төрағасы А. Бралина