Науырзым ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандар және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі Комиссия акциясы
«Ерекше бақылаудағы отбасылар, қиын өмірлік жағдайдағы отбасыларының жылу беру маусымына дайындығы және өрт қауіпсіздігінің алдын алу»
Өткізу мерзімі: 2026 жылғы 7-9 қазан аралығында
Акцияның мақсаты мен міндеттері:
- ерекше бақылаудағы отбасылардың тұрғын үйлеріндегі өрт қауіпсіздігі саласындағы сауаттылықты арттыру;
- ауданның ауылдары мен ауылдық округтерінің әкімдіктеріне, мемлекеттік органдарға, тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігі саласындағы ұйымдарға ерекше бақылаудағы отбасылар арасындағы жұмысты жандандыру;
- Науырзым ауданы әкімдігі жанындағы комиссияның жұмыс тобының басшысына ерекше бақылаудағы отбасылар арасындағы тұрғын үйлерде рейдтік іс-шаралар ұйымдастыру.
Аудитория:
мектеп оқушылары, тәуекел тобындағы кәмелетке толмағандардың ата-аналары, ерекше бақылаудағы отбасылар.
Акция үйлестірушісі:
Науырзым ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі Комиссия.
Акцияға қатысушылар:
Ауыл әкімдіктері, мемлекеттік мекемелер, мектептер.
Қатысушылардың міндеті:
- «Науырзым ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ
- Е, Д тобының отбасыларына мониторинг жүргізу және ерекше бақылаудағы және ТЖҚ отбасыларының тізімін ұсыну;
- 2. «Науырзым ауданының білім бөлімі» ММ
- аудан тұрғындары, әсіресе ерекше бақылаудағы отбасылар арасында дәріс, әңгіме өткізу үшін тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігі туралы материалдар дайындау, дәріс берушілердің тізімін анықтау;
- Науырзым ауданының ауылдары мен ауылдық округтерінің әкімдеріне,
Науырзым ауданының ТЖ бөлімі,
«Науырзым ауданының полиция бөлімі» ММ:
- Науырзым ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның жұмыс тобымен бірлесіп тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігі туралы материалдар дайындау және ерекше бақылаудағы отбасылар арасында рейдтік іс-шаралар өткізу;
- «Науырзым ауданының ІІСБ жастар-ресурстық орталығы» КММ:
- ерекше бақылаудағы отбасылар арасында тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігі бойынша іс-шаралар өткізу;
- «Науырзым ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ, аудан мектептері, ауданның ауылдары мен ауылдық округтерінің әкімдіктері:
- ауданның ауылдары мен ауылдық округтерінің кітапханаларымен бірлесіп тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігі бойынша көрме өткізу және аудан мектептерінің оқушыларымен таныстыру;
- ата-аналар арасында тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігі туралы әңгімелер өткізу.
«Ерекше бақылаудағы отбасылардың жылу беру маусымына дайындығы және өрт қауіпсіздігінің алдын алу» акциясының қорытындысы:
- Жүргізілген жұмыстардың нәтижелері туралы ақпарат:
- әлеуметтік желілер беттеріндегі ақпарат;
- Науырзым ауданы әкімдігі жанындағы Комиссиясының кезекті отырысында бейнематериалдар, слайдтар ұсына отырып, Науырзым ауданының барлық қатысушыларының есебін тыңдау.
Есеп беру мерзімі: 2026 жылғы 12 қазан
Дайынд.: А.Е.Мажгулова
Тел.: 8 700-300-43-31