Дауыс беруді бастау басқа уақытын белгілеу туралы
Қостанай қаласының аумақтық сайлау комиссиясының
ШЕШІМІ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 38-бабы 1-тармағының негізінде учаскелiк сайлау комиссиясының дауыс беру уақытын өзгерту туралы ұсынысы бойынша сайлау комиссиясы ШЕШТІ:
1. Дауыс беруді бастау уақыты (жергілікті уақыт) белгіленсін:
1) Тохтаров ауылы, әскери рота ғимараты, № 379 сайлау учаскесінде 06.00 сағаттан бастап;
2. Дауыс беруді бастау уақытының өзгергені туралы сайлаушылардың назарына жеткізілсін.
3. Осы шешімнің көшірмесі Қостанай облысының аумақтық сайлау комиссиясына жіберілсін.