Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы
«Нижнебурлук ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен 2026 жылдың үшінші тоқсанында
көрсетілген мемлекеттік қызметі туралы
Ақпарат
Мемлекеттік қызметтер ауылдық елді мекендерде тұратын адамдарға көрсетіледі: Нижний-Бурлук, Жақсы Жалғызтау.
Мемлекеттік қызметтер ауылдық округ әкімі аппаратының ғимаратында көрсетіледі, онда тұтынушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген және мемлекеттік қызметтер көрсету тізбесі бар ақпараттық материал бар.
Стендте мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы толық және шынайы ақпарат орналастырылған. Үшінші тоқсан ішінде заңнаманы және көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын түсіндіру бойынша 72 брошюралар, парақшалар, буклеттер таратылды.
Мемлекеттік қызметтер белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес мереке және демалыс күндерін қоспағанда, күн сайын көрсетіледі. Азаматтарды қабылдау кезектілік тәртібімен жүзеге асырылды. Барлық мемлекеттік қызметтер тегін негізде, қағаз түрінде көрсетілді. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бұзылған жоқ.
2026 жылдың үшінші тоқсанында (Е-лицензиялау бағдарламасы бойынша) бір өтініш түсті.
Әкім аппаратында "cjnnection Point"өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ұйымдастырылды. Интернет желісіне қол жеткізе алмайтын ауылдық округ тұрғындары ЭЦҚ-ға өз бетінше тапсырыс бере алады және Мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда ала алады. "Cjnnection Point" өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 7 электрондық мемлекеттік қызмет алынды (ең сұранысқа ие : ЭЦҚ алу, Жылжымайтын мүлік туралы анықтама және тұрғылықты жері бойынша тіркеу.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының жоспарына сәйкес, ауылдық округ әкімінің аппараты 2026 жылдың үшінші тоқсанында әлеуметтік желіде 17 жарияланым орналастырды. Facebook желілері.
2026 жылдың үшінші тоқсанында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ.
"Нижнебурлук ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен, оның ішінде электрондық форматта қамтамасыз ету бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізеді.
Ауылдық округ әкімі Қ. Шарапов