Қармақшы ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- «Қармақшы ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Қармақшы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 12 желтоқсандағы № 224 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8571-11 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Қармақшы ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен қағидаларын айқындау туралы»;
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Қармақшы ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен қағидалары айқындалсын.»;
көрсетілген шешімнің қосымшасында айқындалған Қармақшы ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- «Қармақшы ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу;
2) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін оның «Қармақшы ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурстарында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.