Мақпалкөл ауылдық округі әкімі аппаратының «Темірбек Жүргенов ауылдық мәдениет Үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерімен талдамалық анықтама

1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау объектісі болып Мақпалкөл ауылдық округі әкімі аппаратының «Т.Жүргенов ауылдық мәдениет Үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының қызметі (әрі қарай – Кәсіпорын) табылады.

2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізілді.

         3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды кәсіпорынның 2026 жылғы 25 тамыздағы  №17  бұйрығына сәйкес кәсіпорынның сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізетін жұмысшы топ мүшелерінің құрамымен жүргізілді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhalagash/documents/details/1077485?lang=kk