2026 жылғы 4 қазанда өткізілген Шалқия кенті мен Төменарық ауылдық округі әкімдерінің сайлауы заң талаптарына сай ұйымдастырылды.
Шалқия кенті бойынша сайлаушылар тізіміне барлығы 1674 адам енгізілді.
Дауыс беруге 750 сайлаушы қатысты.
Есептен шығару куәліктері бойынша дауыс бергендер жоқ, дауыс беру жайынан тыс жерде дауыс бергендер–10 адам. Жарамсыз деп танылған бюллетень саны- 46.
Шалқия кенті әкімі кандидаттығына 4 адам ұсынылып, 4-і сайлау бюллетеніне енгізілді, 1-і өз өтінішімен кандидатурасын алып, сайлау бюллетеніне өзгеріс енгізілді .
Дауыс беру қорытындысына сәйкес, Шалқия кентінде дауыс беруге қатысқан 750 адамның кандидат Абдуллаев Бағлан Ерланұлына -20 дауыс, кандидат Ерахынов Ғалымжан Бегайдарұлына -521 дауыс, кандидат Сабырханов Абдимаулен Кенесовичке - 198 дауыс берілді.
«Барлығына қарсы» белгісін таңдаған азаматтар саны - 11.
Дауыс беру қорытындысымен Шалқия кентінің әкімі болып Ерахынов Ғалымжан Бегайдарұлы сайланды.
Ерахынов Ғалымжан Бегайдарұлы-1972 жылы туған, ұлты қазақ, білімі жоғары, Шалқия кентінің әкімі, Жаңақорған ауданы, Шалқия кентінде тұрады, өзін-өзі ұсынған.
Төменарық сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне барлығы 2182 адам енгізілді.
Дауыс беруге 1775 сайлаушы қатысты.
Есептен шығару куәліктері бойынша дауыс бергендер жоқ, дауыс беру жайынан тыс жерде дауыс бергендер–3 адам. Жарамсыз деп танылған бюллетень саны- 9.
Ауылдық округ әкімінің кандидаттығына 3 адам ұсынылып, 3-і сайлау бюллетеніне енгізілді.
Дауыс беру қорытындысына сәйкес, Төменарық сайлау округінде дауыс беруге қатысқан 1775 адамның кандидат Аймбетов Бахытжан Набихановичке - 1404 дауыс, кандидат Ералыұлы Ержанға - 179 дауыс, кандидат Қыдырбаев Асхат Ақжігітұлына – 177 дауыс берілді.
«Барлығына қарсы» белгісін таңдаған азаматтар саны - 15.
Дауыс беру қорытындысымен Төменарық ауылдық округінің әкімі болып Аймбетов Бахытжан Набиханович сайланды.
Аймбетов Бахытжан Набиханович-1981 жылы туған, ұлты қазақ, білімі жоғары, Төменарық ауылдық округінің әкімі, «Әділет» партиясының мүшесі, Жаңақорған ауданы, Төменарық ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.