Байкенже ауылдық округі әкімі аппаратында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау анықтамасы

ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

«Байкенже ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша

 

Байкенже ауылдық округі                                           31.07.2026  жыл

 

КІРІСПЕ БӨЛІМІ:

1.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау обьектісі болып «Байкенже ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  қызметі табылады.

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының "Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 21 бұйрығына сәйкес жүргізілді.
  2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды ауылдық округ әкімінің 2026 жылғы 01 шілдедігі №19-нқ өкімімен құрылған келесі құрамдағы жұмыс тобы жүргізді:

 

Бектибаев Нургиса Танабаевич

-

Байкенже ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, жұмысшы топ жетекшісі

Тұрғұнбай Гүлжанат Тұрғұнбайқызы

-

Байкенже ауылдық округі әкімі аппаратының заңнамалық кеңес жөніндегі әдіскері, хатшысы

Зейдалиев Кайрат Нурмашович

-

Байкенже ауылдық округі әкімі аппаратының есеп және есептілік жүргізу жөніндегі әдіскері, топ мүшесі

Тұрсынбай Сағи Бауыржанұлы

-

Байкенже ауылдық округі әкімі аппаратының салықтық есеп жүргізу жөніндегі әдіскері, топ мүшесі

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2026 жылдың 01-31 шілде аралығында жүргізілді.
  2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаумен 2025 жылғы
    01 шілде мен 2026 жылғы 31 шілде аралығындағы кезең қамтылды.
  3. Бас маман Н. Бектибаев топ жетекшісі ретінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу және жұмыс нәтижелері үшін басшылық, үйлестіру және жауапкершілік жүктелді.

 

СИПАТТАМА БӨЛІМІ:

I.Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

1) Байкенже ауылдық округі әкімінің аппараты КММ – нің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде(бұдан әрі қарай - НҚА) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2)Байкенже ауылдық округі әкімінің аппараты КММ – нің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

 

II.Талданатын объект туралы мәліметтер:

«Байкенже ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ауылдық округі әкімінің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

Байкенже ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де НҚА-ға, сондай-ақ, мекеменің Ережесіне сәйкес іске асырады.

Мекен-жайы: Жаңақорған ауданы, Байкенже а/о, Қ. Сіргебайұлы №7

 

III.Байкенже ауылдық округі әкімінің аппаратыныңқызметіне, оны ұйымдастыру-басқару қызметін реттейтін құқықтық актілер мен ішкі құжаттарға сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жұмыс тобы кодекстерді, заңдарды, нормативтік құқықтық актілерді, аппарат өз қызметінде басшылыққа алатын құқықтық актілерді зерделеді.

Бөлім қызметінде келесідей НҚА пайдаланылады:

- Қазақстан Республикасының Конституциясы;

- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;

- Қазақстан Республикасының Жер кодексі;

- Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі;

- Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі;

         - Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi;

- Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі;

- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

- «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

-«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және
өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

- Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы

- «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөнініндегі қағидаларды бекіту» ҚР Ауылшаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығы;

- «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 28 қаңтардағы Заңы

- «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

НҚА талдау жүргізу нәтижесінде мынадай қызметтердің процестерін реттеу бойынша құқықтық олқылықтарды анықталмады:

 

         ІІІ. Персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау.

3.1 Кадрлық құрам бойынша 2025  жылы.

Мемлекеттік қызметшілер саны – 3 бірлік;

Штаттан тыс қызметкерлер саны – 9 бірлік;

№

                   Аты-жөні  

Қабылданған кездегі қызметі

Мерзімі

1

Тлеубергенова Багдат Абдреймовна

Жастар ісі жөніндегі әдіскері

28.03.2025ж

№08-жқ

Жұмыстан босату туралы

2

Тұрсынбай Аида Сержанқызы

Жастар ісі жөніндегі әдіскері

02.07.2025ж

№12-жқ

Жұмысқа қабылдау туралы

 

Кадрлық құрам бойынша 2026  жылы.

Мемлекеттік қызметшілер саны – 3 бірлік;

Штаттан тыс қызметкерлер саны – 9 бірлік;

№

                   Аты-жөні  

Қабылданған кездегі қызметі

Мерзімі

1

Тұрсынбай Аида Сержанқызы

Жастар ісі жөніндегі әдіскері

02.02.2026ж

№01-жқ

Жұмыстан босату туралы

2

Ахметов Сейтжан Ерболатович

Есеп және есептілігін жүргізу жөніндегі әдіскері

15.06.2026ж

№08-жқ

Жұмыстан босату туралы

3

Шәймерден Ұлдана Әбенқызы

Жастар ісі жөніндегі әдіскері

15.06.2026 ж

№09-жқ

Жұмысқа қабылдау туралы

 

         Тәртіптік жауапкершілікке қатысты.

         2025 жылы есептік кезеңде  қызметкерге ауылдық округ әкімінің өкімімен «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды

№

Аты-жөні

Қызметі

Тәртіптік шара түрі

1

Тұрғұнбай Гүлжанат Тұрғұнбайқызы

Заңнамалық кеңес жөніндегі әдіскері

10.10.2025 жыл

№37– әш

«ескерту»

2

Тұрсынбай Аида Сержанқызы

Жастар ісі жөніндегі әдіскері

22.12.2025 жыл

№50– әш

«ескерту»

 

         2026 жылы есептік кезеңде  қызметкерге ауылдық округ әкімінің өкімімен ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.

 

№

Аты-жөні

Қызметі

Тәртіптік шара түрі

1

Ахметов Сейтжан Ерболатович

Есеп және есептілігін жүргізу жөніндегі әдіскері

13.05.2026ж

№19-әш

«сөгіс»

 

       Қазіргі таңда Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ақпараттық сервисінен алынған мәліметтерге сәйкес, бөлім қызметшілері әкімшілік және қылмыстық жауаптылық көзделген құқық бұзушылық әрекеттерін жасамағандықтары анықталды.

         2025 жылы және 2026 жылдың есепті кезеңінде әкім аппаратында сыбайлас жемқорлық санатына жататын заң бұзушылықтар орын алмаған және сыбайлас жемқорлыққа қатысты сотқа жүгіну фактілері болмаған.

         Кадр мәселелерін реттеу барысында құқықтық мәселелер немесе сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

Персоналды басқарудың тиімділігін арттыру  бойынша.

Қазақстан Республикасы Президентінін 2015 жылғы                                    29 желтоксандағы №152 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік кызметшілерге тәртіптік жаза қолдану Қағидаларының 81-тармағына сәйкес тәртіптік жаза қолданылған күннен бастап алты ай ішінде мемлекеттік әкімшілік қызметшіге жаңа жаза қолданылмаса, онда онын тәртіптік жазасы жоқ деп есептеледі. Осы Қағиданың 82-тармағына сәйкес егер мемлекеттік әкімшілік қызметші жаңа тәртіптік теріс қылық жасамаса және бұл ретте өзін адал кызметкер ретінде көрсетсе, тәртіптік жаза 6 /алты/ ай өткенге дейін алып тасталуы мүмкін делінген. Бұл ретте, мемлекеттік қызметшінің тәртіптік жазасын мерзімінен бұрын алу барысында уәкілетті адам жазасы бар қызметшілердің тәртіптік жазаларын тандаулы түрде жүргізу арқылы мемлекеттік қызметшілер арасында артықшылық туындатуы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туғызады.

ҰСЫНЫМ:

Казакстан Республикасы Президентінін 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығының 82-тармағына тәртіптік жаза қолданылған күннен бастап кем дегенде үш ай мерзім ішінде күшінде болуын өзгерістер мен толықтырулар енгізілу қажет деп ұсынамыз.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдар

Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің деңгейі

Байкенже ауылдық округі әкімі аппаратының

Бас маманы

Тәртіптік теріс қылықтың түрін анықтау

Жер табыстау барысында қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес, Қазақстан Республикасының Жер кодексінің талаптарын сақталуын қамтамасыз етеді. Байкенже ауылдық округінің жер учаскелеріне байланысты өтініштер білдірген азаматтардың құжаттарын дайындайды, жұмыстарын үйлестіреді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындау деңгейі төмен

 

  1. Мүдделер қақтығысын реттеу

2025 жылдың  01 шілдесі мен 2026 жылдың 31 шілде  аралығында мекемеде мүдделер қақтығысы орын алмаған.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету

2025 жылы «Байкенже ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ  мемлекеттік көрсетілетін қызмет саны – 1 өтініш түсіп, қанағаттандырылды.

2026 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша 2 өтініш келіп түсіп, оның 1 қанағаттандырылды.

Ауылдық округ әкімдігінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саласында заңнаманың талаптарының бұзылу фактілері орын алмаған.

VІ. Рұқсат беру функцияларын іске асыру.

         Байкенже ауылдық округі әкімі аппаратымен рұқсат беру функциялары іске асырылмайды.

VІІ. Бақылау функцияларын іске асыру.

2025 жылы ауыл әкімдігімен 14 шешім, 117 өкім қабылданған.

2026 жылы есептік кезеңде ауыл әкімдігімен 5 шешім, 64 өкім қабылданған.

VІІІ. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу.

2025 жылғы игерілу туралы мәліметтер

Бөлінген қаржы – 169 964,900

Игерілген қаржы – 169 951,78

Игерілмеген қаржы – 13,607

2026 жылғы игерілу туралы мәліметтер

Бөлінген қаржы – 56 070,100

Игерілген қаржы –56 056, 137

Игерілмеген қаржы – 13 963

         IX.Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу.

2025 жылдың ішінде Байкенже ауылдық округі әкімі аппаратымен ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес заңды тұлғалармен                             31 мемлекеттік сатып алу шарты жасалған. 2026 жылғы есепті кезеңге дейін               18 мемлекеттік сатып алу шарты жасалған.

         Х. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану.

Бөлімде «Е-Өтініш», «Е-Архив», «Е-Қызмет», «Е-Лицензия» «Еnbek.kz» автоматтандырылған ақпараттық жүйелері пайдаланылады.

         ХІ. Талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау:

         Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес азаматтар мен ұйымдардың арыз-шағымдары уақытылы қаралып, жауаптар қайтарылуда. Ай сайын тиісті органға жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, есепке алу бойынша салыстырмалы акті есебі тапсырылуда. Есепті мерзімде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін автоматтандырылған ақпараттық жүйеге енгізіліп, ай сайын Аудан әкімі аппаратына жолданып отырады. 2025 жылдың екінші жартыжылдығында жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша барлығы-5 өтініш тіркелді, оның ішінде 5 өтініш қанағаттандырылды. 2026 жылы барлығы-4 өтініш тіркелді, оның ішінде 4 өтініш қанағаттандырылды. Аппаратта лауазымды тұлғалардың заңсыз іс-әрекеттері үшін азаматтардың арыз-шағымдарына арналған жәшік орнатылған, хаттардың түсуі бақылануда. Есепті мерзімде сыбайлас жемқорлыққа байланысты мемлекеттік қызметшілер тарапынан құқық бұзушылық туралы арыз-шағымдар түспеген.

          11.1 Құжат айналымы бойынша (2025-2026 жж).

         2025 жылдың ішінде жалпы құжат айналымының саны 1155(оның ішінде,
кіріс – 962, шығыс – 193)
құрады.

          2026 жылдың ішінде жалпы құжат айналымының саны 715 (оның ішінде,
кіріс – 589, шығыс – 126)
құрады.

11.2 Байкенже ауылдық округі әкімінің аппаратында мемлекеттік рәміздерді насихаттау жөніндегі қызметті жандандыру және мемлекетік стандартқа сай емес мемлекеттік рәміздерді жою және ауыстыру мақсатында мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия құрылып жұмыс атқаруда.

2025 жыл бойынша:

7 хаттама жасалып, 7 тапсырма орындалған.

2026 жыл бойынша:

4 хаттама жасалып, 4 тапсырма орындалған. Алдағы уақытта да хаттамалар жасалады.

11.3 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бойынша:

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі салалық бағдарламасы аясында ауыл әкімі аппаратымен сыбайлас жемқорлықтын алдын-алу және болдырмау бағытында тиісті жұмыстар жүргізілуде.

ҚР заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамыз ету мақсатында Ардагерлер кеңесі, Әйелдер кеңесі және ауыл тұрғындарын тарта отырып, Байкенже ауылдық округі тұрғындарына түсіндірме  топтары құрылды:

          - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға арнайы билборттар орналастырылып, сонымен қатар жүйелі түрде дөңгелек үстелдер, семинарлар мен кездесулер ұйымдастырылды.

  • Қаражатты жұмсалуы тиімділігі қоғамдастык мүшелерімен бақылауда.

        ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген «ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» ауыл әкімі аппаратының ғимаратында арнайы орында орналастырылған, сондай-ақ арнайы сенім телефоны жұмыс жасайды.

         Есепті кезеңде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл бойынша іс шаралар:

         - 2025 жылдың жалпы саны – 8

         - 2026 жылдың жалпы саны – 4

  

 

 

 

 

 

 

ҰСЫНЫМДАР:

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша.

1.1 Аудан әкімі аппаратының персоналды басқару бөліміне:

Мемлекеттік қызметкерлерге көрілетін тәртіптік жазаларды тым қысқа мерзімде алып тастау жағдайларын жою жөнінде ұсыныс хат жолдау;

Осыған байланысты, мемлекеттік қызметшінің тәртіптік жазасын мерзімінен бұрын алу барысында уәкілетті адам жазасы бар қызметшілердің тәртіптік жазаларын таңдаулы түрде жүргізуі мемлекеттік қызметшілер арасында артықшылық туындатуы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туғызады. Сонымен бірге қызметкерлер арасында мүдделер қақтығысын туғызу тәуекелдері көрсеткіші жоғары екендігін атап өтеміз.

       Сондықтан, қолданылған тәртіптік жазаны тым қысқа мерзімде алып тастау жағдайларын жоюды және тәртіптік жазаны қолданылған күннен бастап3/үш/ ай ішінде күшінде болуын ұсынамыз.

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Жұмыс тобы мүшелері:

 

Бас маман                                                                                            Н. Бектибаев

Заңнамалық кеңес жөніндегі әдіскері                                            Г. Тұрғұнбай

Бас маман                                                                                            К. Зейдалиев

Салықтық есеп жүргізу жөніндегі әдіскері                                   С. Тұрсынбай

 

         Қарау және тиісті шаралар қабылдау үшін ұсынылды:

 

Байкенже ауылдық

    округінің әкімі                                                                              Н. Оспанов

 

 

 

 

 

 

 

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhanakorgan-baikenzhe/documents/details/1077433?lang=kk