Ақмола облысы Сандықтау ауданы Сандықтау ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеу туралы Сандықтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 45-бабына, 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес, Ақмола облысы Сандықтау ауданы Сандықтау ауылдық округінде 2026 жылғы 4 қазанда өткен сайлау қорытындылары туралы учаскелік сайлау комиссиялары хаттамаларының негізінде Сандықтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Сандықтау ауданы, Сандықтау ауылында тұратын Ақмола облысы білім басқармасының «Жас дәурен» балалар оқу-сауықтыру орталығы» КММ-нің шаруашылық бөлімінің меңгерушісі, 1974 жылы туған Баубеков Мурат Мухамбетович Сандықтау ауданы Сандықтау ауылдық округінің әкімі болып тіркелсін.
- Сайланған әкімді тіркеу туралы хабарлама жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
- Тиісті куәлік берілсін.
Сандықтау аудандық
аумақтық сайлау комиссиясы