2026 жылғы 4 қазанда Егіндікөл ауданы Ұзынкөл ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА

 2026 жылғы 4 қазанда Егіндікөл ауданы Ұзынкөл ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындылары туралы

ХАБАРЛАМА

 

2026 жылғы 4 қазанда Егіндікөл ауданы Ұзынкөл ауылдық округінің әкімінің бір сайлау округі бойынша сайлауы өтті.

Егіндікөл аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының           2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Егіндікөл ауданы Ұзынкөл ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамасы негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

 

Ұзынкөл сайлау округі

Ұзынкөл ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 259 азамат енгізілді, олардың 226-ы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны –8, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылған - 29.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Ғайнуллина А.А.- 23; Жанғазыева Н.П. – 26; Сүлейменова С.О. – 140.

1986 жылы туған,«Ұзынкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ әкімі, «ӘДІЛЕТ» партиясынан ұсынылған, Ұзынкөл ауылында тұратын Сүлейменова Самал Оразбайқызы Ұзынкөл ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

 

Егіндікөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-egin/documents/details/1076897?lang=kk