Отырар ауданы әкімдігінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия мәжілісінің
ХАТТАМАСЫ
|
Шәуілдір ауылы |
№3 |
14 қыркүйек 2026 жыл Сағ. 17:40
|
|
Төрағалық етуші: |
|
Комиссия төрағасының орынбасары А.Құлмаханов |
Мәжіліске қатысқандар - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия мүшелері.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
- Бизнестің дамуына кедергі келтіретін жемқорлық тәуекелдері және әкімшілік кедергілер туралы
Баяндамашы: Аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімі.
- Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген мамандарға әлеуметтік қолдау шаралары бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтерде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы.
Баяндамашы: Аудандық экономика және қаржы бөлімі.
Аудан әкімдігінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның мүшелері кезекті өткізілген мәжілістің қорытындысы бойынша төмендегідей хаттамалық ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімі:
1.1 Кәсіпкерлердің өтініштері мен шағымдарын уақытылы және сапалы қарауды қамтамасыз етсін.
Орындау мерзімі: тұрақты.
- Аудандық экономика және қаржы бөлімі:
2.1. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 8 шілдедегі №66 «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу» туралы заңына сәйкес тиісті жұмыстар жүргізілсін.
Орындау мерзімі: тұрақты.
Комиссия
төрағасының орынбасары А. Құлмаханов
Хатшы Д. Үсетов