«Көрсетілетін қызметті алушының бірыңғай күні»

Жітіқара ауданы әкімдігінің мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау қызметімен 2026 жылғы 29 қыркүйекте сағат 11:00-де Жітіқара қаласы, Павлов көшесі, 9-құрылыс, «Жітіқара аудандық ауруханасы» КМК емханасының ғимараты мекенжайы бойынша денсаулық сақтау, еңбек және әлеуметтік қорғау салаларын қамти отырып, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың ұсыныстары мен ескертулерін жинау бойынша «Көрсетілетін қызметті алушының бірыңғай күні» іс-шарасы өткізілді. Іс-шараға медициналық ұйымның қызметкерлері, сондай-ақ жергілікті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарының өкілдері қатысты.

Іс-шара аясында азаматтардың денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы, атап айтқанда тегін дәрі-дәрмектерді, мүгедектікті алу, сондай-ақ динамикалық есепке қою үшін түрлі аурулары мәселелері талқыланды.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге арналған құжаттарды ресімдеуге және ауданның жергілікті атқарушы органдарының құзыретіне кіретін өзге де мәселелерге қатысты мәселелерді түсіндірді.

Жоғарыда аталған іс-шараны өткізу мақсаты - халықтың медициналық ұйымдармен, сондай-ақ жергілікті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарының өкілдерімен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету. Мемлекеттік қызметтерді алу тәсілдері және шағымдану тәсілдері туралы хабардар ету. Мемлекеттік қызметті сапасыз көрсету кезінде бұзылған құқықтарды, бостандықтар мен заңды мүдделерді қалпына келтіру үшін жоғары тұрған органға жүгіну мүмкіндігі туралы түсінік беру.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-audany-akimat/documents/details/1076424?lang=kk