Жаңақорған кенті поселок Жанакорган
«Жаманбай батыр ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» Жаңақорған ауданы мәслихатының 2025 жылғы
24 желтоқсандағы №483 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Жаңақорған ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- «Жаманбай батыр ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» Жаңақорған ауданыны мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы №483 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Жаманбай батыр ауылдық округінің 2026- 2028 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер – 138 580,0 мың теңге; оның ішінде:
салықтық түсімдер – 17 552,0 мың теңге;
Салықтық емес түсімдер – 162,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 185,0 мың теңге;
трансферттердің түсімі – 120681,0 мың теңге;
2) шығындар – 139426,8 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру – 0;
бюджеттік кредиттер – 0;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0;
қаржы активтерін сатып алу – 0;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -846,8 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 846,8 мың теңге.».
аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Жаңақорған ауданы
мәслихатының төрағасы Ғ.Жарқынбек