2025 жылға арналған облыстық бюджеттің орындалуы жөніндегі есепке Түсіндірме жазба

2025 жылға арналған облыстық бюджеттің орындалуы жөніндегі есепке

Түсіндірме жазба

 

Кірістер 790 684,9 млн. теңгеге жоспарланып, 798 314,6 млн. теңге түсті немесе 101,0%,  оның ішінде:

Салықтық түсімдер 162 244,9 млн. теңгеге жоспарланып, 216 158,3 млн. теңге түсті немесе 133,2%;

Салықтық емес түсімдер 13 003,1 млн. теңгеге жоспарланып, 16 179,3 млн. теңге түсті немесе 124,4%;

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 45,0 млн. теңгеге жоспарланып, 85,2 млн. теңге түсті немесе 189,1%;

Трансферттердің түсімдері 615 391,8 млн. теңгеге жоспарланып, 565 891,8 млн. теңге түсті немесе 92,0%. Атырау қаласы бюджетінің кірістер жоспарының орындалмауынан облыстық бюджетке Атырау қаласынан бюджеттік алып қоюлар толық көлемде аударылмады, аударылмаған сома көлемі 49 500,0 млн теңге құрады.

Бюджеттік несиелерді өтеу 3 021,4 млн. теңгеге жоспарланып, 3 148,2 млн. теңгеге орындалды немесе 104,2%;

Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 29,2 млн. теңгеге жоспарланып, 39,9 млн. теңге түсті немесе 136,6%;

Қарыздар түсімі 9 300,8 млн. теңгеге жоспарланып, 2 800,8 млн. теңге түсті немесе 30,1%. 6 500,0 мың теңге республикалық бюджеттен агроөнеркәсіптік кешендегі инвестициялық жобаларға кредит беру бойынша түспеді.

2025 жылы облыс бюджетінің шығыстары97,7%ға орындалды
(990 827,7 млн.тг жоспарланып, 968 199,5 млн.тг игерілді), игерілмеген қаражат 22 628,2 млн теңгені құрады

Оның ішінде республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер бойынша қалдық 7 787,1 млн теңге, оның 6 500,0 млн теңгесі республикалық бюджеттен түспеген кредиттер, 473,4 млн теңгесі республикалық бюджетке қайтарылды, қалған 813,7 млн теңгені 2026 жылы қайта пайдалануға рұқсат етілді, олар:

813,7 млн теңге – Нұрсая және Өркен шағын аудандарында емханалар құрылысы, жұмыс кестесінен қалыс қалудан игерілмеген болатын;

            Игерілмей, республикалық бюджетке қайтарылған қаржылар 473,4 млн теңге құрады, олар:

             421,0 млн тенге – Атырау қаласындағы жолдар құрылысы, жобаны түзетуден кейін жобалық сметалық есептемелері 2026ж. ҚҚС-мен (16%) есептелгендіктен, қазыналық органда келісім шарт тіркелмеді;

             52,4 млн теңге – үнемдеулер.

         Облыстық бюджетке агроөнеркәсіп кешеніндегі инвестициялық жобаларға кредит беру бағдарламасы бойынша 6 500,0 млн теңге қаржы РБ-тен түспеді.

Жергілікті бюджет бойынша қалдық 14 832,4 млн теңгені құрады. Оның ішінде игерілмеген қалдыққа жатпайтыны  - облыстың жергілікті атқарушы органының резерв қаржыларының бөлінбеген қалдығы 216,9 млн теңге.

Жалпы игерілмеген қаржының 19 009,3 млн теңгесі - облыстық бюджет бойынша, 3 610,2 млн теңгесі - аудандар мен Атырау қаласы бойынша құралды.

Облыстық бюджет бойынша игерілмеген қалдықтар келесі басқармаларда орын алды:

7 058,1 млн теңге - Құрылыс  басқармасы бойынша, оның ішінде:

РБ трансферттері 813,7 млн теңгеНұрсая ықшам ауданда ауысымына 250 келушіге арналған емхана құрылысы – 706,5 млн теңге және Өркен ықшам ауданда ауысымына 250 келушіге арналған емхана құрылысы – 107,2 млн теңге;

Жергілікті бюджет бойынша 5 058,7 млн теңге – Жем өзенінің түбін тереңдету; 542,3 млн теңге – білім беру нысандарының құрылысы; денсаулық сақтау нысандарының құрылысы – 456,9 млн теңге, мәдениет – 75,2 млн теңге орындалған жұмыс  актісінің болмауынан игерілмеді.

Сонымен қатар, облыстың резервінен денсаулық сақтау объектілерінің құрылысына бөлінген қаржы есебінен 85,6 млн теңге игерілмеді. Резервтерді пайдалану қағидаларына сәйкес резервтен бөлінген қаржы пайдаланылмаған немесе ішінара пайдаланылған жағдайда жергілікті атқаушы органның резервін қалпына келтіру арқылы 20 желтоқсанға дейін қайтарылуы қажет еді.

4 480,9 млн теңге - Білім беру басқармасында, оның ішінде 2 920,0 млн теңге – «Зияткер» мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» ММ-не Темірханова-1 көшесіндегі ғимаратты сатып алу қызметі бойынша қазіргі уақытта келісім-шартты бұзу жөнінде азаматтық іс сотта қаралуда;

348,1 млн теңге – күрделі жөндеу жұмыстары  уақытылы аяқтамауына байланысты, оның ішінде 216,5 млн теңге - №9 Ш. Уәлиханов атындағы орта мектеп, 131,6 млн теңге - Ораз Сарғұнанов атындағы орта мектебі;

409,1 млн теңге – мемлекеттік жекешелік әріптестік жобасы "Ақшағала" шағын ауданында 2000 орындық мектеп салу нысаны бойынша келісім-шартты қазынашылық органдарында тіркеу жылдың соңында белгіленген мерзімде аяқталмауына байланысты;

803,7 млн теңге - жекеменшік мектептер бойынша мемлекеттік тапсырыс аясында жылдың соңында республикалық бюджеттен қосымша қаражат бөлінуіне байланысты және басқа да іс-шаралар бойынша қалыптасқан үнемдеулер.

321,5 млн теңге– Денсаулық сақтау басқармасы бойынша, оның ішінде 314,8 млн теңге - Дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алудан үнемдеу (қажетті дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдар 1 715,9 млн теңгеге сатып алынды); 6,7 млн теңге -әртүрлі үнемдеулер.

6 665,5 млн теңге – Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы, оның ішінде 6 500,0 млн теңге облыстық бюджетке агроөнеркәсіп кешеніндегі инвестициялық жобаларға кредит беру бағдарламасы бойынша 6 500,0 млн теңге қаржы РБ-тен түспеуінен;

164,7 млн теңге – Тауарлық балық өсіру өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау бойынша cубсидия алушылардан өтінімдер түспеуінен; 0,8 млн теңге – үнемдеулер есебінен.

68,9 млн теңге– Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы бойынша, оның ішінде 46,2 млн теңге – республикалық бюджеттен трансферттер Атырау қаласы мекенжайы бойынша орналасқан 110 кВ «Нұрсая» ҚС-дейін 110 кВ ӘЖ реконструкциялап, 110 кВ «Самал» ҚС салу жобалау-сметалық құжаттамада бекітілген құрал-жабдықтардың сомасы нақты сатып алынған сомаға қарағанда төмен болып, нәтижесінде қаражат үнемделді;

13,4 млн теңге - Қызылқоға ауданының Тасқұдық, Соркөл, Сарқұмақ, Былқылдақты, Қоңыраулы, Кенбай елді мекендерінің газ құбыры желілерін салу объектісі бойынша мердігердің жұмысты уақытында аяқтамауына байланысты ұсталған өсімпұл, мемлекеттік сатып алу порталында техникалық ақаулықтар орын алуынан бюджет кірісіне аударылмай қалды; 9,3 млн теңге - үнемдеулер.

66,7 млн теңге - Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы бойынша, оның ішінде 36,6 млн теңге -   «Судоремонтник» стадионын ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстары және төлем құжаттары 31 желтоқсанда тапсырылуына байланысты, төлем кеш жасалуынан орындалмай  қалған; 30,1 млн теңге -  үнемделген қаржы;

41,2 млн теңге - Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасындағы қалдық, оның ішінде 38,4 млн теңге - 4 орман шаруашылығы мекемелеріне лизинг арқылы өрт сөндіру көліктерін сатып алу жоспарланып, лизинг қызметтерінің бюджеттік бағдарламасы қате жоспарлануынан келісім шарт Қазынашылық департаментінде тіркеуден өтпеуінен; 2,8 млн теңге – үнемдеулер.

29,8 млн теңге - Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында Индербор ауылына кіреберіс облыстық маңызы бар жолын 0-6,270 шақырым орташа жөндеу нысаны бойынша мердігермен сот процесі жүруіне орай игерілмеді.

26,0 млн теңге - Цифрландыру және архивтер басқармасындағы қалдық, оның ішінде 21,2 млн теңге – мемлекеттік архив мекемесі бойынша поточный сканер сатып алу, өнім техникалық сипаттамаға сәйкес келмеуіне байланысты игерілмеді; 4,9 млн теңге – үнемдеулер.

14,1  млн теңге – облыс әкімі аппараты бойынша үнемдеулер, оның ішінде әкімдердің сайлауын қамтамасыз ету және өткізу 12,1 млн теңге.

236,6 млн теңге - облыстық бюджеттің басқа мемлекеттік мекемелері бойынша ағымдағы шығыстар бойынша үнемдеулері және қалдықтары.

 

Атырау қаласы және аудандар бойынша игерілмеген қаржы 3 610,2 млн теңге, негізінен орындалған жұмыс актілерінің кестеден қалыс қалуынан, сот процестеріне байланысты, жобаларға түзету енгізілуінен игерілмеген. Оның ішінде РБ трансферттері 421,0 млн тенге.

Аудандар бойынша игерілмеген қаржы көлемі жоғары Жылыой ауданы бойынша - 1 719,7 млн теңге.

****орындалған жұмыс актілерінің, шот-фактуралардың уақтылы ұсынылмауынан игерілмеді, оның ішінде: 872,9 млн теңге – су тазарту стансасын сатып алу және орнату; 312,3 млн теңге - көпқатарлы тұрғын үйлердің қасбеті мен шатырын күрделі жөндеу; 85,8 млн теңге – электр желілерін қайта жаңғырту; 81,9 млн теңге – инженерлік инфрақұрылымдар салу, аулаларды абаттандыру, әмбебеап балалар ойын алаңының құрылысы.

Мақат ауданы бойынша 186,6 млн теңге

****Мақат кентіндегі  көп қабатты үйлердің шатырлары мен қасбеттерін күрделі жөндеу және Доссор кентіндегі жолдарды қайта жаңғырту бойынша орындалған жұмыс актілерінің болмауынан игерілмеді.

Басқа аудандар бойынша қалдықтар келесідей: Индер ауданы - 58,7 млн теңге, Махамбет ауданы - 27,3 млн теңге, Қызылқоға ауданы – 8,4 млн теңге, Исатай ауданы – 1,4 млн теңге.

Атырау қаласы бойынша игерілмеген қаржы 1 570,9 млн теңге, оның ішінде РБ трансферттері 421,3 млн теңге Атырау – Индер автокөлік жолының  құрылысы бойынша жобаны түзетуден кейін жобалық сметалық есептемелері 2026 жылдың ҚҚС-мен (16%) есептелгендіктен, қазыналық органда келісім шарт тіркелмеді;

Тұрғын үй құрылысы бойынша Береке ықшам ауданындағы 9 қабатты тұрғын үй-127,0 млн теңге орындалған жұмыс актілерінің болмауынан; Талғайран ауылындағы инженерлік инфрақұрылымдар салу (газдендіру) – 88,2 млн теңге келісім-шарттың жасақталмауынан;

Аула аумақтарын абаттандыру – 402,9 млн теңге – жұмыстардың орындалмауынан;  160,0 млн теңге - Атырау кәріз жүйелерін күрделі жөндеу жобаға түзету енгізілуінен игерілмеді.

2025 жылдың қорытындысымен басқармамен бюджет қаржыларының игерілмеуі бойынша шара қолдану жөнінде ұсыныс беріліп, облыс әкімінің өкімімен Құрылыс басқармасының басшысына «қатаң сөгіс» тәртіптік жазасы, Құрылыс басқармасының бұйрығымен бөлім басшысына «сөгіс» шарасы алынды. Атырау қаласы және аудандар бойынша: Құрманғазы ауданы, Жылыой ауданы әкімдерінің орынбасарлары, Құлсары қаласының әкімі (3 тұлға) «ескерту» тәртіптік жазасы берілді. Атырау қаласы, Жылыой, Мақат, Құрманғазы әкімдіктеріне қарасты бөлімдер басшылары (7 тұлға) «сөгіс», «ескерту» түріндегі тәртіптік жауапкершіліктерге тартылды (Барлығы 13 тұлға.)

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-atyrau-region/documents/details/1076192?lang=kk