Ереже аппарат

 

 

 

Шардара ауданы әкімдігінің
2026 жылғы 18 қыркүйектегі
№ 335 қаулысына 1-косымша

 

Шардара ауданы әкімдігінің

2024 жылғы 14 қзандағы

№ 256 қаулысына 1-қосымша

 

 

«Шардара ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

  1. Жалпы ережелер

 

  1. «Шардара ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Шардара ауданы әкімі мен әкімдігінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
  2. «Шардара ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
  3. «Шардара ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  4. «Шардара ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар, мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  5. «Шардара ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  6. «Шардара ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, аудан әкімі және әкімдігі атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  7. «Шардара ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Шардара ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі басшысының өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  8. «Шардара ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Түркістан облысы, Шардара ауданы, Шардара қаласы, Төле би көшесі 40 Б, пошталық индексі 161400.
  10. Осы Ереже «Шардара ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
  11. «Шардара ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.
  12. «Шардара ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен «Шардара ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тиым салынады.

Егер «Шардара ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

  

  1. Мемлекеттік органның мақсаттары, функциялары мен міндеттері

 

  1. Мақсаттары:

«Шардара ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Шардара ауданы әкімі мен әкімдігінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді, ауылдық округтер мен кент әкімдерінің, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асырады.

  1. Өкілеттері:
  2. Құқықтары:

1) аудан әкімі және әкімдігінің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;

2) аудан әкімі және әкімдігінің қызметін құқықтық қамтамасыз ету;

3) аудан әкімі және әкімдігінің қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету.

  1. Міндеттері:

1) мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты сұратуға және алуға, сондай-ақ өз құзыры шегінде оларға орындалуы міндетті тапсырмалар беруге;

2) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілері мен тапсырмаларының, облыс және аудан әкімдігі қаулыларының, облыс және аудан әкімі шешімдері мен өкімдерінің, облыс, аудан әкімі және оның орынбасарлары тапсырмаларының орындалуына талдау жүргізуге, анықталған заң бұзушылықтарды, оларды орындамау себептері мен жағдайларын жою жөнінен шаралар қабылдауға;

3) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардың билігіндегі ақпараттық деректер жиынтығын пайдалануға;

4) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік көлік құралдарын, байланыс және коммуникациялар жүйелерін пайдалануға;

5) заңнамада белгіленген тәртіппен аудан әкімдігі мен әкімі қарайтын мәселелерді дайындауға және шешуге қатысуға аппараттың, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметкерлерін, кәсіпорындар мен ұйымдардың өкілдерін тартуға.

  1. Функциялары:

1) мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің мүдделерін білдіреді;

2) облыс әкiмiне орталық мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесінің Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Президентi мен Yкiметi актiлерiн олардың орындауға қатысты бөлiгiндегi қызметi туралы ұсыныс енгiзеді;

3) тиiстi адамдарды мемлекеттiк наградалармен марапаттау, оларға құрметтi және өзге де атақтар беру туралы облыс әкiмiне ұсыныс енгiзеді;

4) аудандық мәслихатқа «Ауданның құрметті азаматы» атағын беруге ұсыныс енгізеді;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымды адамдарды қызметіне тағайындайды және қызметiнен босатады;

6) азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қабылдайды;

7) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;

8) тиісті жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органды кәсіби емес медиаторлар тізілімін жүргізу үшін уәкілетті орган ретінде айқындайды;

9) мектепке дейінгі ұйымдарға, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарына (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда), әлеуметтік-мәдени сала мекемелеріне материалдық-техникалық қамтамасыз етуде қолдау көрсетеді және жәрдемдеседі;

10) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жергілікті мемлекеттік басқарудың базалық құрылымдары негізінде қалыптастырылған әкiмшілiк-аумақтық бірлікті басқару схемаларын тиiстi мәслихаттардың бекiтуiне енгiзедi;

11) ведомствоаралық сипаттағы мәселелер жөнiндегi консультациялық-кеңесшi органдардың дербес құрамын мәслихаттың бекiтуiне ұсынады;

12) өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелерi жөнiндегi, азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;

13) өздерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша, оның ішінде жергілікті өзін-өзі басқарудың қалыптасуы мен дамуы үшін құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар жасау жөнінде төмен тұрған әкімдердің жұмысын үйлестіреді;

14) төмен тұрған әкімдердің қызметіне бақылауды жүзеге асырады.

15) аудан бюджетінің атқарылуын қамтамасыз етеді;

16) аудан бюджетiнiң атқарылуы туралы жылдық есептi тиiстi мәслихатқа және облыстың тексеру комиссиясына табыс етедi;

17) ауданның тиiстi қаржы жылына арналған бюджетi туралы аудан мәслихатының шешiмiн iске асыру туралы қаулы қабылдайды;

18) ауданның бюджеттік комиссиясын құрады, ол туралы ережені бекітеді және оның құрамын айқындайды;

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын мәселелер қаралған жағдайда, бюджеттік комиссиялардың жұмысына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері тартылады;

19) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген жағдайларда ауданның тиiстi қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған облыстық қаржы жоспарын бекiтедi;

20) ауданды дамыту бағдарламасын әзірлейді және мәслихаттың бекiтуiне ұсынады, оның орындалуын қамтамасыз етедi;

21) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді;

22) заң актілеріне сәйкес аудандық коммуналдық меншікті басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;

23) қала, ауылдық округ әкімінің басқаруына берілетін аудандық коммуналдық меншіктің тізбесін айқындайды;

24) азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкімет актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдеседі;

25) ауданның аумағында кәсiпкерлiк қызмет пен инвестициялық ахуалды дамыту үшiн жағдай жасайды;

26) осы ауданның аумағындағы қала мен ауылдар құрылысын салудың бас жоспарларын әзірлейді және оларды аудандық мәслихаттың бекітуіне ұсынады, аудандық коммуналдық меншік объектілері мен әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілер салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырысшы болады, кентішілік және ауданішілік коммуналдық желілер мен құрылыстарды салуға рұқсат береді;

27) ауданның су құбырларын, тазарту құрылыстарын, жылу мен электр желiлерiн және басқа да көлiктiк және инженерлiк инфрақұрылымдар объектiлерiнiң құрылысын салуды және пайдалануды ұйымдастырады;

28) әскери тiркелу мен әскери қызметке шақыру жөнiндегi, сондай-ақ азаматтық қорғаныс мәселелерi жөнiндегi iс-шаралардың ұйымдастырылуын қамтамасыз етедi;

29) Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады;

30) аудандық маңызы бар жолдарды салуды, пайдалануды және күтiп ұстауды ұйымдастырады;

31) коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін салуын және оны бөлуін ұйымдастырады;

32) коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастырады;

33) тұрғын үй қорына түгендеу жүргізеді;

34) мемлекет қажеттіліктері үшін жер учаскелерін алып қоюды, оның ішінде сатып алу арқылы алып қоюды жүзеге асырады;

35) республиканың сейсмикалық қауіпті аймақтарында орналасқан тұрғын үй-жайлардың сейсмикалық беріктігін орнықтыруға бағытталған іс-шараларды өткізеді;

36) авариялық үй-жайларды бұзуды ұйымдастырады;

37) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз етеді;

38) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген шарттармен және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен тұрғын үйлерді коммуналдық тұрғын үй қорынан азаматтардың меншігіне беруді жүзеге асырады;

39) халықты әлеуметтiк қорғау, ана мен баланы қорғау мәселелерiн шешедi, халықтың әлеуметтiк жағынан дәрменсiз топтарына атаулы көмек көрсетедi, оларға қайырымдылық көмек көрсетудi үйлестiредi және ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседi;

40) қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалтуды ұйымдастыруды және жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;

41) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету саласындағы өзге де өкілеттіктерді атқарады;

42) аудан аумағындағы экологиялық, тарихи, мәдени немесе ғылыми құндылығы бар табиғат объектiлерiн және өзге де объектiлердi табиғаттың, тарих пен мәдениеттiң қорғалатын ескерткiштерi деп жариялау туралы ұсыныс енгiзедi;

43) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдерін тарта отырып, ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша консультациялық-кеңесшi органдар құрады;

44) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;

45) тиiстi аумақта ветеринариялық iс-шаралар жүргiзудi, мал шаруашылығында пайдаланылатын арнаулы көмбелер (көмiндiлер) салуды және ұстауды ұйымдастырады, сондай-ақ ауру малдарды санитарлық союды ұйымдастыруды жүзеге асырады;

46) азаматтардың тегін бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алу құқығының іске асырылуын жүзеге асырады;

47) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекемелерді және мемлекеттік кәсіпорындарды құрады, облыстық атқарушы орган белгілеген штат санының лимиті және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нормативтер шегінде аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штат санының лимитін белгілейді;

48) салық төлеушіні тіркеу есебіне алу орны бойынша мемлекеттік кіріс органының аудандық бюджетке толық көлемде түсетін салықтарды төлеу жөніндегі салықтық міндеттемелерді орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімдерін келіседі;

49) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен лицензиялауды жүзеге асырады;

50) орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының терроризмнің алдын алу жөніндегі аумақтық бөлімшелерінің қызметін үйлестіру, сондай-ақ терроризмге қарсы комиссиялар арқылы тиісті аумақта терроризмнің салдарын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі қызметті ұйымдастырады;

51) әкімнің аудан тұрғындарымен кездесулерін ұйымдастыру және өткізу және төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

52) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының, жергілікті өкілді билік органдарының сайлауын өткізу кезінде мемлекеттік референдумдарды ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етеді;

53) Қазақстан Республикасының Үкiметі бекiтетін үлгілік қағидалар негізінде әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын әзірлейді;

54) дене шынықтыруды және спортты дамыту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

55) «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көмек көрсету жөніндегі ұйымдарды құрады және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

56) әлеуметтік шиеленіске және еңбек жанжалдарының туындау тәуекелдеріне мониторингті жүзеге асырады;

57) жеке тұлғалардың спортпен айналысуы үшін, оның ішінде халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына қолжетімді болуы ескеріле отырып, тұрғылықты жері бойынша және көпшілік демалатын орындарда инфрақұрылым жасайды;

58) «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етеді;

59) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

 

  1. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

 

  1. «Шардара ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Шардара ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
  2. «Шардара ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
  3. «Шардара ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және босатылатын орынбасарлары болады.
  4. «Шардара ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

1) «Шардара ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, «Шардара ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына жауапты болады;

2) дара басшылық ету принциптерінде іс-қимыл жасайды және Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен белгіленген өз құзыретіне сәйкес «Шардара ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметінің мәселелерін дербес шешеді;

3) «Шардара ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі атынан сенімхатсыз іс-қимыл жасайды;

4) барлық органдар мен ұйымдарда «Шардара ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүдделерін білдіреді;

5) заңнамамен белгіленген жағдайлар мен шектерде «Шардара ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкіне билік етеді;

6) бұйрықтар шығарады және «Шардара ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің орындаулары үшін міндетті нұсқаулар береді;

7) «Шардара ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ереженің және штат құрылымының жобаларын бекітеді;

8) «Шардара ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді, бекітеді;

9) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің тапсырмаларын, облыс және аудан әкімдігі қаулыларын және облыс, аудан әкімі шешімдері мен өкімдерін орындау жөнінен «Шардара ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын үйлестіреді;

10) «Шардара ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік әкімшілік қызметкерлерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тағайындау, босату, демалыс беру, іссапарға шығару, сыйақы беру, тәртіптік жаза қолдану жөнінде бұйрықтар шығарады;

11) өз құзыреті шегінде қызметтік құжаттамаға қол қояды;

12) заңнамамен және осы Ережемен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

«Шардара ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерінің қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

  1. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
  2. «Шардара ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын аппарат басшысы басқарады. Аппарат басшысының өкілеттігі:

1) аппарат жұмысына басшылық етеді;

2) аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады және бағыттайды, олардың өзара іс-қимылын үйлестіреді;

3) мемлекеттік әкімшілік қызметші болып табылмайтын қызметкерлерді еңбек шарттары бойынша жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады, іс сапарға жібереді, тәртіптік жаза қолдану және көтермелеу жөнінде бұйрықтар шығарады;

4) аудан әкімінің орынбасарларын қоспағанда, аппараттағы мемлекеттік әкімшілік қызметкердің қызметтік нұқсаулықтарын бекітеді;

5) аудан әкіміне аппараттың келешектегі жоспары және ағымды жұмысын ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

6) аудан әкіміне аппарат қызметкерлерін көтермелеу және оларға тәртіптік жазалау шараларын қолдану туралы ұсыныс енгізеді;

7) аппараттың шығыстар сметасын бекітеді, бюджетпен қарастырылған қаржы құралдарын басқарады;

8) банктік шоттар ашады;

9) шарттар жасасады;

10) аудан әкімімен жүктелген басқа да өкілеттерді жүзеге асырады.

 

  1. Мемлекеттік органның мүлкі

 

  1. «Шардара ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

«Шардара ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. «Шардара ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Шардара ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

  1. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. «Шардара ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.



 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/documents/details/1076148?lang=kk