2026 жылғы 4 қазанға тағайындалған Шалқия кенті әкімі сайлауы жөнінде Жаңақорған аудандық сайлау комиссиясының ХАБАРЫ

Шалқия кенті  әкімдігіне  өзін өзі ұсынған кандидаттың кандидатурасын алып тастау

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының  113-5-бабының 11-тармағының  8) тармақшасы мен 113-6-бабының 1-тармағына сәйкес және Шалқия кенті әкімінің сайлауында әкімдікке өзін-өзі ұсынған кандидат Махмутжанов Абдигани Абилпаттаевичтың 2026 жылғы 1 қазанда жазбаша жазған өтініші мен Жаңақорған аудандық сайлау комиссияның 2026 жылғы 1 қазандағы хаттамасының негізінде, Жаңақорған аудандық сайлау комиссиясының  2026 жылғы 1 қазандағы №АСК-299 қаулысымен,  Шалқия кенті әкімінің сайлауында әкімдікке өзін-өзі ұсынған кандидат Махмутжанов Абдигани Абилпаттаевичтың кандидатурасы алынып тасталғанын хабарлайды.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhanakorgan/documents/details/1076070?lang=kk