Тергеп-тексеру нәтижелері туралы ақпарат 27.08.2026 ж. – 24.09.2026 ж.

1.Тергеп –тексеру негізі:

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 43-бабы, Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-3-бабы негізінде, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 25.06.2024 жылғы №46 «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында бақылау мақсатында сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, бақылау мақсатында сатып алынған өнім бойынша 18.08.2026 жылғы №2260001028430438 зерттеу хаттамасы негізінде «Тушка цыпленка – бройлера потрошенная 1 сорта «Велес-Агро»» өнімінде таңбалану бойынша сәйкессіздік анықталды.

  1. Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы :

Атырау қалалық санитарлық – эпидемиологиялық бақылау Басқармасы

  1. Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім):

Сарапшылар тартылған жоқ.

  1. Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі:

27.08.2026 ж. – 24.09.2026 ж.

  1. Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар

«Султангалиев» ЖК

  1. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы

 нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты :

   Тергеп тексеру барысында «Султангалиев» жеке кәсіпкері өнімдердің қауіпсіздігін растайтын құжаттарды, сондай-ақ жеткізушінің жүкқұжаттарын тексеріске ұсынбады.

 

 

 

  1. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар : «Султангалиев» ЖК
  2. Қабылданған шаралар :

Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына және (немесе) Бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарына сәйкес келмейтін (сәйкес келмейтін) өнімді (тауарды) алып қою және өткізуден кері қайтарып алу туралы жедел ден қою шараларын қолдану туралы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 24.09.2026 жылғы №102  қаулысы берілді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-atyrau/documents/details/1075588?lang=kk