Тергеп-тексеру нәтижелері туралы ақпарат 27.08.2026 ж. – 24.09.2026 ж.

1.Тергеп –тексеру негізі:

 «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 43-бабы, Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-3-бабы негізінде, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 25.06.2024 жылғы №46 «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында бақылау мақсатында сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жүргізілген бақылау мақсатында өнімдерді сатып алу және зерттеу нәтижелері бойынша 13.08.2026 жылғы №2260001028413498, №2260001028413465, №2260001028413480 зерттеу хаттамалары негізінде «Окорачка Казына» құрғақ мұздатылған, «Голень халяль, экса», «Смесь сухофруктов» салмақпен өнімдерінде таңбалану бойынша сәйкессіздік анықталды. Атап айтқанда, өнімдердің таңбалануында дайындалған күні, жарамдылық мерзімі және сақтау шарттары көрсетілмеген.

  1. Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы :

Атырау қалалық санитарлық – эпидемиологиялық бақылау Басқармасы

  1. Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім):

Сарапшылар тартылған жоқ.

  1. Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі:

27.08.2026 ж. – 24.09.2026 ж.

  1. Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар

«SagaZ» ЖК

  1. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы

 нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты :

   Тергеп тексеру барысында «SagaZ» жеке кәсіпкері өнімдердің қауіпсіздігін растайтын құжаттарды, сондай-ақ жеткізушінің жүкқұжаттарын тексеріске ұсынбады.

 

 

 

  1. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар : «SagaZ» ЖК
  2. Қабылданған шаралар :

Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына және (немесе) Бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарына сәйкес келмейтін (сәйкес келмейтін) өнімді (тауарды) алып қою және өткізуден кері қайтарып алу туралы жедел ден қою шараларын қолдану туралы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 24.09.2026 жылғы №101  қаулысы берілді

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-atyrau/documents/details/1075578?lang=kk