Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
1.Тергеу жүргізудің негізі: Аққулы ауданының тұрғынында 02.09.2026 ж. №11 В35 диагнозы тіркелу бойынша шұғыл хабарлама
2.Тексеру жүргізген бақылау және қадағалау органы – «Аққулы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ
3.Тартылған сарапшылар (мәліметтерді пайдалануға келісім беру) қатысқан жоқ
4.Тергеу жүргізу мерзімі 2026 жылғы 3 қыркүйектен бастап 2026 жылғы 29 қыркүйекке дейін
5.Өздеріне қатысты тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар «Аққулы ауданының ауруханасы» ШЖҚ КМК, Шарбақты ауылының дәрігерлік амбулаториясы
6.Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты
Ауру жұқтырған адам соңғы рет келген сәттен бастап байланыста болған тұлғаларға 30 күн бойы бақылау қамтамасыз етілді. Үй ошағында қорытынды дезинфекция жүргізілді. Заңнама бұзушылықтар анықталған жоқ
7.Халықтың санитариялық–эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар – бұзушылықтар анықталған жоқ
8.Қабылданған шаралар: Басқармамен санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы қаулы шығарылды