Профилактикалық кездесу

2026 ж. 30 қыркүйекте Әдеп жөніндегі уәкіл Жабулов Т.А. Аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі мен Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы жаңашылдықтар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау мәселелері, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапкершілік түрлері, жұмыс уақытында, сондай-ақ жұмыстан тыс уақытта және іссапарда болған кездегі қызметтік әдеп стандарттары мәселелері қарастырылды.

Мемлекеттік қызметшілердің назары әкімшілік құқық бұзушылықтар жасауға жол бермеуге, киімдегі іскерлік стильді және зайырлы мінез-құлық стандарттарын сақтауға аударылды.

Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер арасында лудоманияның алдын алу тақырыбы қозғалды.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-audany-akimat/documents/details/1074884?lang=kk