Халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық
саламаттығы саласындағы
тергеп-тексеру жүргізу
қағидаларына
7-қосымша
Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
- Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: 24.08.2026ж. №23 келген шұғыл хабарлама. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тергеп-тексерулер жүргізу қағидаларын бекіту туралы ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 29 тамызындағы № 69 бұйрығы.
- Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Мұғалжар аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы
- Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): тартылмады.
- Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 25.08.2026ж. –21.09.2026ж.
- Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: ШЖҚ «Ембі аудандық ауруханасы» МКК
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: «Туберкулез профилактикасы жөніндегі іс-шараларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-214/2020 бұйрығының 3 параграф 69 тармағының 1 тармақшасы, 70, 71 тармақтары
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: ШЖҚ «Ембі аудандық ауруханасы» МКК.
- Қабылданған шаралар: хаттама.