Аршалы кенті 2026 жылғы 25 қыркүйек
Аршалы ауданында білім беру
сапасын арттыру. Ауылда білікті
педагог кадрлардың тапшылығы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14, 15-баптарына сәйкес әлеуметтік мәселелер, заңдылық, экология және табиғат пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі» ММ бас экономисі Б.К. Акылбаевтың «Аршалы ауданында білім беру сапасын арттыру. Ауылда білікті педагог кадрлардың тапшылығы» ақпараты назарға алынсын.
- «Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі» ММ ұсынылсын
-оқушылардың қоғамдық көлікте тегін жүруі үшін көлік карталарын ресімдеу мәселелері бойынша оқушылардың ата-аналарымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту.
- ауылдық білім беру ұйымдарында білікті педагог кадрларды тарту және бекіту жөніндегі жұмысты күшейту, оның ішінде ауылдық жерде жұмыс істейтін жас мамандар мен педагогтарды қолдаудың қосымша шараларын қарастыру.
- Осы қаулының орындалуын бақылау әлеуметтік мәселелер, заңдылық, экология және табиғат пайдалану жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.
Комиссия төрайымы А. Анюхина