Шу ауданында Тасөткел
ауылдық округі әкімін
сайлау бойынша сайлау
округін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 3-тармағына, 22-бабына сәйкес Шу аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Шу ауданының Тасөткел ауылдық округі әкімін сайлау бойынша Тасөткел ауылдық округі шекарасында сайлау округі құрылсын.
- Сайлау округі және оның шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетілген мәліметтер Шу аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Төраға
орынбасары Н.Қилыбай
Хатшы Н.Дильдан
Төле би ауылы,
30 қыркүйек 2026 жыл
№13