«ASTANA TOURISM» ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІ

«Astana Tourism» туризмді дамыту орталығы» ЖШС іскерлік туризмді дамыту және елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуына қолдау көрсететін, сондай-ақ астананың халықаралық көрмелерін ұйымдастыру ұйымы болып табылады.

Серіктестік қызметінің негізгі мақсаттары:

елордада іскерлік туризмді дамытуға ықпал ететін іс-шараларды ілгерілету;

Астана қаласының Қазақстандық брендінің түрлі деңгейлерінде қолдау көрсету;

Қазақстан Республикасы астанасының имиджін нығайтуға бағытталған қызметті жүзеге асыру және туризмді дамыту, сондай-ақ Астана қаласындағы халықаралық көрмелерді дайындау.

Серіктестіктің негізгі міндеттері:

өз қызметі аясында қазақстандық, шетелдік және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

қазақстандық және шетелдік ұйымдардың қатысуымен бизнес-форумдар, семинарлар, көрмелер және өзге де іс-шараларды өткізу және халықаралық іс-шараларға қатысу;

туристік дестинацияны дамыту аясында инвестицияларды тарту және жобаларды іске асыру, елорда брендін ілгерілету;

елорданың туристік әлеуетін дамыту жөнінде ұсыныстарды әзірлеу;

Астана қаласының кәсіпкерлерімен әріптестік бағдарламаларды ұйымдастыру, өткізу, сүйемелдеу;

туризм саласындағы инновациялық шешімдерді іздеу, зерделеу, тарту және енгізу;

Астана қаласының брендін ілгерілету мақсатында мәдени спорттық іс-шаралар саласында Әуесқойлық, бұқаралық спортты іске асыруға жәрдемдесу;

Астана қаласының брендін ілгерілету мақсатында мәдени спорттық іс-шаралар саласында әуесқойлық, бұқаралық спортты іске асыруға қолдау көрсету;

туристік қызметті дамыту жөніндегі бағдарламаларды жүзеге асыру.

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/documents/details/1074537?lang=kk