Сарысу ауданында Жаңатас қаласы
әкімін сайлау бойынша
сайлау округін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 3-тармағына, 22-бабына сәйкес Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Сарысу ауданы Жаңатас қаласының әкімін сайлау бойынша Жаңатас қаласы шекарасында сайлау округі құрылсын.
- Сайлау округі және оның шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетілген мәліметтер Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Төраға Д. Шортанбаев
Хатшы М. Кумісбеков
Жаңатас қаласы,
30 қыркүйек 2026 жыл
№7