ШАЛҚАР АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ
САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ
Шалқар ауданы Бершүгір ауылдық округі әкімінің сайлауын
әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың
Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 2) тармақшасына сәйкес Шалқар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 2026 жылғы 8 қарашаға тағайындалған, Шалқар ауданы Бершүгір ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Күнтізбелік жоспар Шалқар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде жариялансын.
Шалқар аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы Н. Бисеков
Шалқар аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының хатшысы Т. Жұбанов
Шалқар қаласы
2026 жылғы «30» қыркүйек
№ 12